«Самұрық-Энерго» АҚ акционерлік қоғамы жұмыс істеп тұрған өндіруші қуаттарды жаңарту және жаңаларын енгізуге қатысты ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында Құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешіміне сәйкес құрылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ акционерлік қоғамы жұмыс істеп тұрған өндіруші қуаттарды жаңарту және жаңаларын енгізуге қатысты ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында 2007 жылғы 10 мамырда құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешіміне сәйкес құрылды. Компания жайлы толығырақ www.samruk-energy.kz сайтында қараңыз.

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің негізгі түрлері Қазақстан Республикасындағы энергетикалық активтерді басқару, сондай-ақ қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғыртуға және жаңа қуат көздерін салуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының энергетикасына жаңа технологияларды енгізу болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының құрамында ірі өндіруші компаниялар бар, олардың қатарында Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 сияқты ұлттық маңызы бар станциялар, еліміздің оңтүстік өңіріндегі су электр станция­лары – Шардара СЭС және Мойнақ СЭС, Қазақстандағы ең ірі көмір өндіруші кәсіпорын «Богатырь Көмір» ЖШС, баламалы энергияны өндіретін ЖЭК нысандары – Жел және Күн электр станциялары, сондай-ақ аймақтық тарату желісі және сату компаниясы бар.