Компания 2021 жылы Трансформациялау бағдарламасының жобалары мен іс-шараларын іске асыруды жалғастыруда:
1. «Жиілік пен қуатты автоматтандырылған реттеуді енгізу» (ЖҚАР) жобасы
«KEGOC» АҚ-пен (Жүйелік оператор) бірлесе атқарылатын жоба. Жоба аясында станцияларда жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды орнату, сондай-ақ Жүйелік оператордың командаларын орындауға жұмсалатын уақытты қысқартып және адами факторды алып тастау арқылы, жиілік пен қуатты реттеу қызметтерін автоматтандыру мақсатында Жүйелік операторды қолданыстағы ЖҚАР-мен интеграциялау жоспарланған.
Мақсаты: Қосымша табыс көзін ашу және Қазақстан БЭЖ-і мен Ресей БЭЖ-і шекарасында қуат ағындарының сальдосын қысқарту, сондай-ақ ҚР энергетикалық қауіпсіздігі мен энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
Іске асыру мерзімі: 2019–2021 жж.
Ағымдағы жағдайы: Жоба аяқталды, ЖҚАР «ЕГРЭС-1» ЖШС-де және «ШГЭС» АҚ-да пайдалануға енгізілді.
2. «Біріктірілген жоспарлау жүйесі (БЖЖ)» жобасы
БЖЖ – бұл орта мерзімдегі кезеңге мақсаттар белгілеуге әрі өндірістік және қаржы-экономикалық көрсеткіштерді теңгерімдеу есебінен станция жұмысының оңтайлы режимін іздестіруге арналған жоспарлау және модельдеу жүйесі (құралы).
Мақсаты:
- Өндірістік-қаржылық көрсеткіштерді болжау дәлдігін арттыру.
- Оңтайлы сценарийді таңдау арқылы Компания шығындарын азайту.
- Өзгеретін сыртқы және ішкі факторларға жедел ден қою.
Іске асыру мерзімі: 2017–2021 жж.
Ағымдағы жағдайы: Жоба аяқталды, жүйе «ЕГРЭС-1» ЖШС, «СЭГРЭС-2» АҚ және «ШГЭС» АҚ-да өнеркәсіптік пайдалануға сәтті енгізілді.
3. «Кешенді қауіпсіздікті басқару жөніндегі жаңа модельді енгізу» жобасы
Кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу мыналарды қамтиды:
- Жарақаттануды болдырмау, алдын алу бағытындағы басқару жүйесінің тиімділігін талдау процесін ұйымдастыруды жетілдіру;
- Қауіптерді талдау және оқиғаларды болдырмау саласында тәуекелге бағдарланған тәсілге көшу;
- Корпоративтік стандарттарды енгізу:
- «Басшылық тарапынан еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін бағалау»;
- «Қауіпсіздік бойынша көшбасшылық іс-әрекет аудитін жүргізу»;
- «Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік, қоршаған орта тәуекелдерін бағалау»;
- «Қауіпсіздіктің алтын ережелері»;
- «Оқиғаларды есепке алу және тергеу»;
- «Қызметкерлерді қауіпсіз іс-әрекетке ынталандыру»..
Мақсаты: Қауіпсіздік мәдениетін және қызметкерлердің еңбекті қорғау мәселелеріне жұмылу деңгейін арттыру. Жоба іске асырылғаннан кейін 3 жыл ішінде жарақаттану көрсеткіштерінің (LTIFR, LDR) 30%-ға төмендеуі.
Іске асыру мерзімі: 2017–2022 жж.
Ағымдағы жағдайы: Жоба енгізілді және жаңа процестер «ЕГРЭС-1» ЖШС, «ЭГРЭС-2» АҚ, «ШГЭС» АҚ, «ПВЭС» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ, «SGE» АҚ нысандарында операциялық қызметте пайдаланылуда.
4. «Ақпараттық қауіпсіздікті басқару және қамтамасыз ету жүйесін енгізу (АҚБжәнеҚЖ)» жобасы
Қазақстанда IT бағыттары жылдам қарқынмен дамуда, осыған байланысты жүйелер мен деректерді қорғауға деген сұраныс артып келеді. АҚБжәнеҚЖ енгізу киберқауіпсіздік тұжырымдамасының (ҚР Үкіметі 2017 жылғы маусымда бекіткен) талаптарына толық сәйкес келеді және ақпараттық шабуылдарды болдырмауға және ақпараттық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.
Мақсаты: ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің процестерін дамыту, компаниялардың қазіргі және болашақ бизнес-процестері бойынша киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды енгізу, нысаналы процестерді, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін енгізу және ақпараттық қауіпсіздіктің барлық оқиғаларын мониторингтеу сағаттарын 24/7-ге ұлғайту арқылы аса маңызды объектілер тұрақтылығының бұзылу тәуекелдерін төмендету.
Іске асыру мерзімі: 2017–2021 жж.
Ағымдағы жағдайы: Жоба аяқталды, «Самұрық-Энерго» АҚ мен сегіз ЕТҰ бойынша ұйымдастырушылық периметріндегі барлық ұсынылған дереккөздер жүйеге қосылды, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын анықтау үшін тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.
5. «Қауіпсіз өндіріс» жобасы
«Қауіпсіз өндіріс» автоматтандырылған жүйесі онлайн режимде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы (ЕҚ және ТҚ) процестерінің жүргізілуін қамтамасыз етеді. Жүйеде ЕҚ және ҚТ талаптарына сәйкессіздіктер тіркеледі, оқыту және қауіпсіздік аудиттерін жүргізу журналдары жүргізіледі, бұл автоматтандырылған режимде сәйкессіздіктердің жойылуын бақылауға, есептілік қалыптастыруға және деректерді талдауға мүмкіндік береді. Жүйе кәсіпорындардың барлық қызметкерлерінің пайдалануы үшін қолжетімді, бұл ЕҚ және ТҚ процестеріне персоналдың тартылуын ұлғайтуға мүмкіндік береді, оларды ашық етеді және ЕҚ және ТҚ талаптарына сай келмейтін жайттарды мейлінше көбірек тіркеуге және жоюға көмектеседі.
Мақсаты: оқыс оқиғаларды тіркеу мен тергеудің қолжетімді және ашық автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру арқылы өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету.
Іске асыру мерзімі: 2020–2022 жж.
Ағымдағы жағдайы: жүйе «ЕГРЭС-1» ЖШС, «СЭГРЭС-2» АҚ және «АлЭС» АҚ-да өнеркәсіптік пайдалануға сәтті енгізілді. Жүйенің жұмыс істеу уақытында «ЕГРЭС-1» ЖШС-де 3 514 сәйкессіздік, «ЭГРЭС-2» АҚ-да 2062 сәйкессіздік және «АлЭС» АҚ-да 3 687 сәйкессіздік тіркелді.
Бірінші толқынның табысты іске асырылуына байланысты 2022 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ және «Шардара ГЭС» АҚ-да «Қауіпсіз өндіріс» жобасының екінші кезеңін іске асыру келісілді.
6. «Деректерді сараптау арқылы желілердегі коммерциялық шығындарды талдау» жобасы
Жоба «АЖК» АҚ желілерінде нормативтен тыс ысыраптарды анықтау үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде (ЭКЕАЖ) жиналған деректерге талдау жүргізуге бағытталған:
- Электр энергиясын болжамды тұтыну моделін құру жолдары;
- Нормативтен тыс ысыраптарды оқшаулау көрсеткіштері;
- ЭКЕАЖ-бен деректерді автоматтандырылған талдау арқылы электр желілеріне заңсыз қосылу орындарын анықтау.
Мақсаты: 2022 жылғы бірінші тоқсанның соңына қарай «АЖК» АҚ бойынша әрбір РЭҚ үшін ысырапты нормативтік деңгейге дейін төмендету және сақтау.
Іске асыру мерзімі: 2021–2022 жж.
Ағымдағы жағдайы: коммерциялық шығындарды талдау жүйесі әзірленді, ЭКЕАЖ деректері негізінде тестілік іс-шаралар орындалады, қорытындысы бойынша пайдаланушыларды оқыту жүргізіледі және жүйені өнімді пайдалануға енгізу жүзеге асырылады.
Сондай-ақ 2021 жылы «Көшбасшылықты дамыту», «Корпоративтік мәдениетті дамыту», «HR құзыреттерін дамыту», «Мастер-деректерді басқару процесін енгізу», «Тұрақты жақсартулар процесін жетілдіру», «Корпоративтік менеджмент жүйесін жетілдіру» және «ЖЭК электр энергиясын сатып алу моделін жетілдіру» іс-шаралары іске асырылды.
Жыл қорытындысы бойынша «БЖЖ», «АЖО енгізу» және «ЖЭК электр энергиясын сатып алу моделін жетілдіру» жобаларын іске асырудан 4,3 млрд теңге мөлшерінде таза пайда алынды.
Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясын ескере отырып дайындалған 2022-2026 жылдарға арналған Трансформациялау бағдарламасының жобалары мен іс-шараларының Портфелі бекітілді:
- «Көміртегі ізін азайту» жобасы (іске асыру жылдары: 2021-2026 жж.) компания қызметін декарбонизациялау мақсаттарына қол жеткізу үшін көміртегі ізін азайтуға бағытталған (толығырақ «Самұрық-Энерго» АҚ энергияға ауысу бағдарламасы» бөлімінде көрсетілген).
- «ESG озық тәжірибелерін енгізу» жобасы (іске асыру жылдары: 2022-2025 жж.) ESG-рейтингін алу арқылы Компанияның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған. (толығырақ «Тұрақты даму» бөлімінде көрсетілген).
- «Деректерді талдау негізінде шешім қабылдау моделін өзгерту» жобасы (іске асыру жылдары: 2021–2026 жж.) өндірістік процестерді цифрландыру арқылы кәсіпорын шығыстарын төмендетуге бағытталған.
- «Қауіпсіз өндіріс» жобасының екінші толқыны, 2022 жылы енгізу күтілуде (толығырақ 5-тармақта).