Кадр саясаты Компанияның Даму Стратегиясының мақсаттарына негізделген және стратегиялық бастамаларды барынша тиімді іске асыруға ықпал етуге бағытталған.

Кадр саясаты персоналды басқару саласындағы негізгі құжат болып табылады және адами әлеуетті дамытуға бағдарланған, сондай-ақ стратегия шеңберінде көзделген іс-шараларды табысты іске асыру үшін персоналдың құзыреттерін дамыту қажеттілігін айқындайды.

Персоналды басқару саясаты қызметкерлер үшін тартымды жағдайлар жасауға және қатысатын өңірлерде негізгі және неғұрлым беделді жұмыс берушілердің бірі болуға бағытталған.

Кадр саясатының миссиясы

Компанияның болашақтағы ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу және нарықта бәсекелес басымдықты қамтамасыз ету үшін адам ресурстарының күш-жігерін біріктіру.

Кадр саясатын пайымдау

Әрбір қызметкердің құндылықтарымен үйлесетін, адам әле­уетінің өсуіне және бизнестің қарқынды дамуына ықпал ететін бірыңғай тиімді корпоративтік мәдениет.

HR функциясының стратегиялық рөлі, ең алдымен, болашақта еңбек ресурстарын сандық және сапалық тұрғыдан жоспарлауынан көрінеді.

Компанияның кадр саясаты тұрақты даму қағидаттарына негізделген – бұл мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу, адам құқықтарын сақтау, ашықтық, есептілік, ашықтық, заңдылық, этикалық мінез-құлық, жеке мысал, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, мүдделер қақтығысына жол бермеу, жұмысқа орналасу кезінде тең мүмкіндіктер беру, кемсітушіліктің болмауы, жыныстық қол сұғушылыққа жол бермеу және басқалар.

Компания 2019 жылғы 7 наурызда «БҰҰ-әйелдер» серіктестігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шарты шеңберінде әзірленген «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарын» қолдау туралы өтінішке қол қойды.

Компания Адам құқықтары саласындағы саясатты дамытуды және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейте отырып, жұмыс орнындағы гендерлік теңдікке жәрдемдесумен байланысты түйінді сәттерге назар аударуды мақсат етеді. Осы мәлімдемеге қол қою компанияның орнықты дамудың негізгі элементі ретінде гендерлік теңдік қағидаттарына бе­йімділігін, сондай-ақ әйелдер мен еркектерге тең мүмкіндіктер беретін ұйымдардың неғұрлым табысты және үздік нәтижелерге қол жеткізетініне сенімін көрсетеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі жұмыс берушілер қатарына енеді. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, Компания қызметкерлерінің тізімдік саны 17 645 адамды құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының кадрлық құрамы соңғы жылдары тұрақты болып қалып отыр, қызметкерлердің орташа жұмыс өтілі – 13 жыл.

Есепті кезеңде жұмыспен толық қамтылған қызметкерлердің үлесі 100%-ды құрады.

2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 2 341 адам қабылданды

САНЫ

2021 Ж. ӨҢІРЛЕР БОЙЫНША БӨЛГЕНДЕ КАДРЛАР ТҰРАҚТАМАУШЫЛЫҒЫ

2021 Ж. ЖЫНЫСЫ БОЙЫНША БӨЛГЕНДЕ КАДРЛАР ТҰРАҚТАМАУШЫЛЫҒЫ

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің өндірістік ерекшелігіне байланысты негізгі өндірістік учаскелерге ер адамдар көбірек тартылған, олардың үлесі 2021 жылы қызметкерлердің жалпы санының 74%-ын құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ «БҰҰ – Әйелдер» серіктестігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жаһандық шартының аясында әзірленген Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің 7 қағидатын қолдайды. Бұл құжат орнықты дамудың негізгі элементі ретінде гендерлік теңдік қағидаттарын ұстанатынына, сонымен қатар әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер беретін компаниялардың неғұрлым табысты болатынына және жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенеді. Осы қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Компанияда Іс-шаралар жоспары қабылданды.

Есептік кезеңде маңызды аймақтардағы жергілікті халық өкілдерінің арасынан жалданған басшы қызметкерлердің үлесі 100% құрады.

Қызметкерлер құрамы

Көрсеткіш

Қызметкерлер

Үлесі

1.

Қызметкерлердің 2021 жылдың аяғындағы жалпы саны (тізімдік)

17 645

 

2.

Жынысы

 

 

2.1.

Ер адамдар

13 061

74 %

2.2.

Әйелдер

4 584

26 %

3.

Азшылық топтары (нәсілдік/этникалық, діни, мүмкіндіктері шектеулі)

17 645

 

3.1.

Қазақтар

11 167

62 %

3.2.

Орыстар

4 402

26 %

3.3.

Украиндар

608

4 %

3.4.

Ұйғырлар

345

2 %

3.5.

Татарлар

324

2 %

3.6.

Немістер

230

1 %

3.7.

Белорустар

123

1 %

3.8.

Корейлер

54

0,3 %

3.9.

Басқалар

392

3 %

4.

Жас топтары (қызметкерлердің орташа жасы – 38 жас)

17 645

 

4.1.

30 жасқа дейін

2 632

17 %

4.2.

30-дан 50 жасқа дейін

9 711

53 %

4.3.

50 жастан жоғары

5 302

30 %

2021 жылы кадрлардың тұрақсыздық коэффициенті 10%-ды құрады. Негізгі себептері – басқа жерде неғұрлым жоғары жалақы алу перспективасы, мансаптық және кәсіби даму мен оқытудың болмауы.

Қызметтің ерекшелігіне байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында мәжбүрлі еңбек және балаларды пайдалану, сондай-ақ жас қызметкерлердің қауіпті жұмысты орындау тәуекелі жоқ.

Ішкі таланттарды ұстап қалу және кәсібилігі жоғары кадрларды тарту, сондай-ақ «Адам капиталының» сапасын арттыру үшін Компания меритократия және ашықтық қағидаттарына сәйкес қызметкерлерді іріктеу мен таңдаудың маңыздылығын арттыруды, сондай-ақ ішкі құзыреттерді дамытуды, «Жас-Өркен» және «Цифрлық жаз» жобаларын іске асыруға қатысуды қамтамасыз етеді.

Мұндай тәсіл бизнесті дамытуға, нақты нәтижелерге қол жеткізуге және Компанияның тұрақты дамуына қажетті құзыреттер мен дағдыларды жинақтауға ықпал етеді.

Компания қызметке қатысты басқа да елеулі өзгерістер туындаған кезде, оның ішінде еңбек шартын бұзған кезде қолданыс­тағы заңнаманы қатаң сақтайды, қызметкерлерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етеді.

Осылайша, Компания қызметкерлер үшін тартымды жағдайлар жасауды және қатысатын өңірлерде негізгі және неғұрлым беделді жұмыс берушілердің бірі болу міндетін көздейді. Осы мақсат шеңберінде HR брендингті дамыту жөніндегі жұмыс, оның ішінде EVP (жұмыс берушінің құндылық ұсынысы) қалыптастыру тәсілін бекіту, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ EVP-ны құру жөніндегі жол картасын (іс-шаралар жоспарын) бекіту жалғасатын болады.

ESG қағидаттарын енгізу шеңберінде және 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ-ны әлеуметтік аспектіде дамытудың негізгі басым бағыттары мыналар болып табылады:

  1. әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру, БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын ұстану;
  2. жоғары этикалық стандарттарды енгізу, құндылықтар жүйе­сін дамыту және сенімге негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, адами капиталды инвестициялау және кәсіби даму;
  3. Компанияда әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету (қызметкерлердің тартылуын арттыру, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаты негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу);
  4. әлеуметтік қорғалуы (кемсітушілік жағдайларын болдырмау, адам құқықтарын сақтауды бұзу жағдайларын болдыр­мау, тең құқықтар мен мүмкіндіктер);
  5. гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету (жұмыс күші құрамындағы әйелдер санын ұлғайту, басшы лауазымдардағы әйелдердің оңтайлы санын қамтамасыз ету, кадр резерві құрамындағы әйелдер санын ұлғайту);
  6. кадрлардың тұрақтамауын бақылау. Ішкі таланттарды ұстау және кәсіби біліктілігі жоғары кадрларды тарту (таланттарды басқару, ішкі құзыреттерді дамыту);
  7. HR брендингін дамыту;
  8. кәсіптік денсаулық пен еңбек қауіпсіздігінің менеджменті жүйесін жақсарту және оның нәтижелерін арттыру (неғұрлым ауыр зардаптарға (өлім жағдайларына, аварияларға) жол бермеу мақсатында іске асырылатын инциденттер бойынша есептердің ашықтығын арттыру; қызметкерлерді еңбекті қорғауды басқару жүйесіне тарту және халықаралық стандарттарды пайдалана отырып, еңбекті қорғауды басқару жүйесін бақылаудың тиімділігін арттыру арқылы қауіпсіздік мәдениетін арттыру.

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлердің еңбек жағдайларын, қауіпсіздік шараларын және адамдардың әл-ауқатын арттыру үшін басқа да әлеуметтік аспектілерді ұдайы жақсартуға ұмтылады. Компания өндірістік тәсілдер мен әлеуметтік басымдықтар арасындағы тепе-теңдікті қатысу аймақтарындағы негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастырады.

Қамқорлық
QAMQORLYQ
Наставничество

  • Біз әрқашан көмекке келуге және қолдау көрсетуге да­йынбыз
  • Біз әріптестерімізбен және серіктестермен сенімді қарым-қатынас жасау үшін ашық әрекет етеміз
  • Біз тәлімгерлікке, тәжірибені сақтауға және беруге да­йынбыз

Уәдеге беріктік
ÝÁDEGE BERIKTIK
Надежность

  • Біз үздіксіз және сапалы жұмыс үшін жауапты боламыз
  • Біз болашақ ұрпақ алдында жауап береміз және қоршаған орта мен экологияға ұқыпты қараймыз
  • Біз барлық жерде қауіпсіз, жайлы және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын жасау үшін жауапты боламыз
  • Біз қабылданған міндеттемелерге адалмыз

Адалдық
ADALDYQ
Справедливость

  • Кез келген мәселелерді шешуде біз жағдайды объективті бағалаймыз және әділ әрекет етеміз
  • Біз тең талаптарды қолданамыз және тең мүмкіндіктер береміз
  • Біз өз ой-пікірлеріңізді айтуға және естуге мүмкіндік бере отырып, басқалардың пікірін бағалаймыз

Тәжірибе
ТÁJIRIBE
Профессионализм

  • Біз қойылған міндеттерге адал қараймыз және жұмыс­тан ләззат аламыз
  • Біз өз ісінің кәсіпқойларымыз, өзін-өзі жетілдіреміз және нәтижеге қол жеткіземіз
  • Тиімділікті арттыру үшін біз әртүрлі көзқарастарды іздейміз және әртүрлі әдістерді қолданамыз

Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Компания орнықты даму қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өндірістік жарақаттануды төмендету және жұмыс­керлердің еңбек жағдайларын жақсарту саясатын жүргізеді.

ESG қағидаттарын әрі қарай енгізу және 2022–2031 жылдарға арналған жаңартылған Даму стратегиясы шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ дамуының негізгі басым бағыттарының бірі мыналар болып табылады:

  1. Кәсіптік денсаулық және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесін жақсарту және оның нәтижелерін арттыру (неғұрлым ауыр зардаптарға (өлім жағдайларына, аварияларға) жол бермеу мақсатында іске асырылатын оқыс оқиғалар бойынша есептердің ашықтығын арттыру);
  2. Қызметкерлерді еңбекті қорғауды басқару жүйесіне тарта және халықаралық стандарттарды пайдалана отырып, еңбекті қорғауды басқару жүйесін бақылаудың тиімділігін арттыру арқылы қауіпсіздік мәдениетін арттыру.

Компания HSE озық практикалары негізінде мынадай жұмыс­тарды жүзеге асырады:

  • Трансформациялау бағдарламасы аясында SKE 01.01 «Кешенді қауіпсіздікті басқару жөніндегі жаңа модельді ендіру» жобасы енгізілді;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы оқыс оқиғалар мен бұзушылықтарды тіркеудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесінің тұжырымдамасы шеңберінде «Қауіпсіз өндіріс» пилоттық жобасы іске асырылуда;
  • «Тиімділікті басқаруды визуалдандыру» пилоттық жобасы енгізілді;
  • Менеджмент жүйелерінің аудиттері, шамадан тыс белсенділік, сондай-ақ жүйенің ішкі жаттықтырушылығы тақырыптары бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласы қызметкерлерін оқыту жүргізілуде, Компанияның және оның еншілес ұйымдарының жоғары басшылығы үшін инфосессия өткізілуде;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында конкурс­тар өткізілуде;
  • Кәсіпорынның бірінші басшылары үшін ынталандырушы НҚК ретінде еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару бойынша іс-шаралар жоспары әзірленуде;
  • Тоқсан сайын Компанияның Басқарма төрағасының басшылығымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қорытынды кеңестер өткізіледі;
  • Тәжірибе алмасу мақсатында алдыңғы қатарлы компания­лармен Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Компания тобындағы 2021 жылға арналған Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарына және Компанияның Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясатына сәйкес барлық еншілес және тәуелді компанияларда еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс жоспарлары әзірленіп, бекітілді, ұйымдастырушылық және алдын алу шаралар кешені өткізілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының барлық тобы бо­йынша Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 203-бабына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер жұмыс істейді. Оның құрамына тепе-теңдік негізде жұмыс берушінің өкілдері, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды қоса алғанда, қызметкерлердің өкілдері кіреді.

Компанияның барлық еншілес және тәуелді ұйымдарында еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарына аттестаттау жүргізілді. Жұмыс орындарын аттестаттауға сәйкес зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындары анықталды. Бұл ретте барлық қызметкерлер тиісті жеңілдіктермен, оның ішінде ҚР заңнамасына сәйкес жеке қорғану құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 185-бабына сәйкес қауіптілігі жоғары жұмыстарда, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін жұмыскерлер ауысымға дейінгі және ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан өтеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы өз қызметкерлері үшін тұрақты негізде вакцина егу шарасын өткізеді, сондай-ақ, аурулардың алдын алу мақсатында иммунитетті қолдаудың басқа да түрлерін пайдаланады, ауыратын қызметкерлердің жағдайына мониторинг жүргізеді, Ashyq қосымшасын пайдалану енгізілген. COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында алдын алу шаралары қабылданды, кіреберісте жұмысшыларға термометрия жүргізіледі, маска режимі сақталуда.

Компания еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық стандарттардың, ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау бойынша жоспарлы және жоспардан тыс (кенеттен) тексерулер жүргізу тәжірибесін енгізді. Есепті кезеңде 11 жоспарлы тексеру, 6 жоспардан тыс (кенеттен тексеру) тексеру жүргізілді.

Жүргізілген алдын алу және түзету шараларының көптігіне қарамастан, 2021 жылы еңбек қызметіне байланысты 6 жазатайым оқиға тіркелді: оның ішінде 4-еуі ауыр жағдаймен, 2-еуі жеңіл жағдаймен.

Жарақат атауы

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

Химиялық күйік, термиялық күйік

2

 

Соғып алу

1

1

2

Жарақаттық ампутация

1

 

Электр жарақаттары (термиялық күйіктер)

1

1

 

Сынықтар

5

1

3

Бірнеше жарақат (сынықтар, соғып алу, ішкі органдардың жыртылуы)

4

1

Көз жарақаты

 

Бас-ми жарақаты, ми шайқалуы

2

 

Барлығы

11

8

6

2021 жылдың нәтижелері бойынша көрсеткіштер

LTIFR

0,19

FIFR

0

LDR

138,41

Жоғалған күндер коэффициенті

446

Келмеген күндер коэффициенті

115 668

Кәсіби сырқаттанушылық коэффициенті

жоқ

Қызмет барысында табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіретін барлық кәсіпорындар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген: тасымалданатын және жылжымалы өрт сөндіргіштермен, өрт крандарымен жабдықталған, ұнтақты құрамы (құм) бар жәшіктермен, сондай-ақ отқа төзімді маталармен (киіз, туырлық және т. б.) қамтамасыз етілген.

Бақылаушы мемлекеттік органдар, «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің өкілдері, сондай-ақ кәсіпорынның еңбекті қорғау мамандары жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер кезінде жарамды өрт сөндіру құралдары мен өндірістік қауіпсіздіктің болуына бақылау жүргізеді.

Компанияда қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтарды, сондай-ақ қызметкерлерді ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға оқыту және дайындау қамтамасыз етіледі.

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар

Өндірістік жарақаттануды азайту үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобы бойынша мынадай шаралар қолданылады:

  1. Жазатайым оқиғалардың мән-жайлары мен себептері барлық қызметкерлерге хабарланады.
  2. Барлық өндірістік персоналға жоспардан тыс нұсқама жүргізіледі.
  3. Жазатайым оқиға орын алған бөлімшелердің барлық қызметкерлерінің ТПЕ, ҚТЕ және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау туралы нұсқаулықтар бойынша білімдеріне кезектен тыс тексеру жүргізіледі.
  4. Ай сайын кәсіпорынның бірінші басшыларының қатысуымен Қауіпсіздік техникасы күні өткізіледі. Оны өткізу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар әзірленеді.
  5. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қызметтері қондыр­ғыларға, ғимараттар мен құрылғыларға, жұмыс орындарына кешенді түрде тексерістер жүргізеді. Кешенді тексеріс қорытындылары бойынша орындау мерзімдері мен жауапты тұлғалар көрсетіліп, іс-шаралар жоспары әзірленеді.
  6. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері бойынша Қызметкерлерді оқыту, нұсқамалар беру және білімдерін тексеру қағидаларына сәйкес, барлық өндірістік қызметкерлерге оқыту жүргізіледі.
  7. Жөндеу науқаны алдында Компанияның барлық кәсіпорындарда құрылымдық бөлімшелердің  наряд беруге, жұмыс басында басшы және өндіруші болуға құқығы бар инженерлік-техникалық қызметкерлеріне жасақты өндірістік жұмыстарға жіберу мен нарядты ресімдеу­ді дұрыс атқару бойынша практикалық сабақтар қамтылған семинар-кеңестер өткізіледі.
  8. Кәсіпорындарда ең кемі бес жылда бір рет жұмыс орындарында еңбек жағдайлары бойынша аттестация жүргізіледі.
  9. Ұзақ уақыт пайдаланылу ресурсын тауысқан және өндірістік персонал үшін айтарлықтай қауіп тудыратын жабдықтар жоспарлы түрде ауыстырылады.
  10. Қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудитін жүргізу тәжірибесі енгізілуде.
  11. Қауіптерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау мәселелері бойынша персоналға қосымша тренингтерді/оқу өткізуді ескере отырып, жұмыс орындарында тәуекелдер карталарын/тізілімдерін өзектендіру жүргізіледі.

Ынталандыру және сыйақы

Компания еңбекке ақы төлеу және ынталандыру бойынша мынадай саясатты ұстанады: 

  1. Компаниядағы барлық қызметкерлер үшін жергілікті жағдайларды ескере отырып, негізгі тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру және белгілі бір кірісті қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып, заңнамада белгіленген ең төменгі сыйақы мөлшерінен асатын деңгейде ең төменгі кепілдендірілген еңбекақы мөлшерін белгілеу;
  2. тұтыну бағаларының индексі негізінде жалақыны индекстеу;
  3. еңбек өнімділігінің артуына байланысты жалақыны мерзімді түрде өсіріп отыру;
  4. қызметкердің жеке еңбек үлесін мейлінше толық ескеру мақсатында икемді сыйақы беру жүйелерін пайдалану;
  5. қызметкерлерге еңбекақы төлеу және ынталандыру жүйесінің объективтілігі мен бірлігі және оның республикалық деңгейде бәсекеге қабілеттілігі;
  6. корпоративтік және салалық марапаттармен марапаттау.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 2021 жылы өткен жылдың көрсеткішінен 14%-ға – 273 628 теңгеден 311 652 теңгеге дейін өсті. Өндірістік қызметкерлердің орташа жалақысының өсімі 256 611 теңгеден 292 092 теңгеге дейін 14%-ды, ал әкімшілік қызметкерлердің орташа жалақысы 467 305 теңгеден 535 282 теңгеге дейін 15%-ды құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша ең төменгі жалақы 137 021 теңгені құрайды. Әйелдердің ең төменгі жалақысының ерлердің ең төменгі жалақысына қатынасы 100% құрайды. Жалақы еңбекақы және тарифтік мөлшерлеме сызбасының негізінде белгіленеді.

Жалақы мөлшерін арттыру және инфляциялық процес­тердің орнын толтыру мақсатында, сондай-ақ жасалған Ұжымдық шарттарға сәйкес, 2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында жалақыны орташа есеппен 5%-ға индекстеу жүзеге асырылды.

Қызметкерлерді ынталандыру мақсатында «Самұрық-­Энерго» АҚ олардың сіңірген еңбегін ескере отырып, материалдық емес ынталандыру түрлері мен жанама қосымша материалдық сыйақы беру түрлерін – қызметкерлерді әлеу­меттік қорғау бағдарламалары мен қосымша жеңілдіктер беру бағдарламаларын дамытады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Ұжымдық шартқа сәйкес: үстеме жұмысқа ақы төлеуді, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс ақысын, түнгі уақыттағы үстеме ақыларды, үстеме және қосымша ақыларды, ауыр жұмыстағы, зиянды (ерекше зиянды) жұмыспен айналысатын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеуді, қауіпті еңбек жағдайлары, жыл са­йынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысы, баланың туылуына байланысты материалдық көмек, үйлену тойына материалдық көмек және қызметкерлердің мерейтойына байланысты (50, 60 және 70 жас) біржолғы көтермелеу көзделген. Ұжымдық шартқа сәйкес зейнеткерлікке  шығуға байланысты еңбек шартын бұзу кезінде жұмысшыларға 3 жалақы мөлшерінде өтемақы төлемі төленеді.

Жұмысты білім беру ұйымдарындағы оқумен ұштастыратын жұмысшыларға емтихан немесе нұсқау беруші сессиялары, дипломдық жобаны (жұмысты) дайындау және қорғау, қорытынды емтихандарды тапсыру кезеңіне қосымша демалыс беріледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы жұмысшылардың жұмысын ынталандыру және көтермелеу мақсатында корпоративті мәдениетті дамыту аясында ерекшеленген қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, мемлекеттік, ведомстволық және салалық марапаттары берілді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері мынадай марапаттар мен ынталандыруларға ұсынылды:

  • Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордені – 1 қыз­меткер, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалі – 3 қызметкер;
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медаль – 35 адам;
  • ГОЭЛРОНЫҢ 100 жылдығына арналған белгі – 141 қыз­меткер;
  • «КAZENERGY» медалі – 3 қызметкер, «КAZENERGY» Құрмет грамотасы – 5, «КAZENERGY» Алғыс хаты – 7 қызметкер;
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Самұрық-Қазына» АҚ төсбелгісі – 11 қызметкер, «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасы – 15 қызметкер;
  • «ТМД-ға еңбек сіңірген энергетик» атағы – 3 қызметкер, ТМД Электр энергетикалық кеңесінің Құрмет грамотасы – 2 қызметкер;
  • «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы» – 2 қызметкер, «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы» – 2 қызметкер, «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының Құрмет грамотасы» – 6 қызметкер;
  • «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі, «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі, «Құрметті энергетик» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Алғыс хаты – 50 қызметкер;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасы, «Самұрық-Энерго» АҚ Алғыс хаты – 144 қызметкер.

Даму және мансаптық өсу

Кадр саясатының басымдықтарының бірі персоналды оқыту және дамыту үшін кең мүмкіндіктер беру болып табылады. Қоғам қызметкерлерді оқытуды өндірістік міндеттерді шешу үшін қажетті қызметкерлердің біліктілік деңгейін қамтамасыз ететін тұтас жоба ретінде қарастырады, сондай-ақ Компания мен ЕТҰ қызметкерлерінің адалдығының өсуіне ықпал етеді, ұжымда қолайлы әлеуметтік ахуал туғызады және корпоративтік мәдениеттің дамуына тікелей әсер етеді.

Электр энергетикасының ерекшелігі жұмыс істеуге рұқсат беру және кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін сақтау үшін кадрларды үнемі даярлау мен қайта даярлауды талап етеді. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерді үнемі дамытып, оқытуға ұмтылады. Қызметкерлерді оқыту және дамыту жабдықтардың және жалпы алғанда, компанияның үнемді, авариясыз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі табысқа жетудің маңызды факторы болып табылады.

Қоғам компаниялары тобының персоналын дамытудың негізгі бағыттары:

  • «Көшбасшылықты дамыту» бағдарламасы;
  • Жылу электр станцияларының көмір қазанын/бу турбиналарын пайдалану;
  • «Тәлімгерлік», «Ішкі жаттықтырушыларды дайындау» тренингтері;
  • МВА және ЕМВА бағдарламалары;
  • Ағылшын және мемлекеттік тілдерді оқыту бойынша корпоративтік курстар;
  • Қызметкерлер қызметінің функционалдық бағыты бойынша семинарлар, тренингтер және конференция­лар.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үдерістері жүйеленді.

Сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы таланттар пулын оқыту және дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды, оның негізгі қағидаты басқару сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында басшы кадрл­арды мақсатты даярлау, сондай-ақ қызметкерлерге Қоғамның компаниялар тобында даму және мансаптық өсу үшін мүмкіндіктер беру болып табылады.

Көшбасшылықты дамыту бағдарламасы шеңберінде қызметкерлерді оқытудың Күнтізбелік жоспарының орындалуына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Компанияны трансформациялаудың Жол картасын іске асыру шеңберінде 2021 жылға арналған міндетті Көшбасшылық бағдарламаны дамыту мақсатында 2021 жылғы 2 ақпандағы №40-Ө бұйрықпен СЕО, СЕО-1, СЕО-2 басшыларын оқытудың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

2021 жылғы желтоқсанда көшбасшылық бағдарламасы бойынша оқудан СЕО – 100%; СЕО-1 – 100%; СЕО-2 – 100% өтті. «Адамдарды басқару», «Көпшілік алдында сөйлеу», «Стратегиялық менеджмент», «Коучинг дағдылары», «Цифрлық дағдылар», «Өзгерістерді басқару» және «Стратегиялық менеджмент» бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілді.

Компаниядағы көшбасшылықты дамыту аясында Тәлімгерлік бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Бұл бағдарлама мынадай мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі:

  • менторлық мәдениетті дамыту;
  • персоналдың тұрақтамауын төмендету;
  • Компания қызметкерлерінің тиімділігін басқару.

2021 жылы Компанияда Ментор мен Ментидің үш жұбы құрылды. Менторлар Ментимен жұмыс істеу кезінде өздерінің күшті және әлсіз жақтарын талдап, өз тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісті және сараптаманы Ментиге берді.

Менти Бағдарламаға қатыса отырып, өз әлеуетін барынша іске асырды, Ментордың қолдауына және тәжірибесіне ие болды.

2021 жылы оқудың жалпы құны 306 428 мың теңгені құрады. Оқытылған қызметкерлердің саны 13 873 («Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобы бойынша санның 79%) құрайды.

Атауы

 Өлш. бірл.

 2021 жылғы оқытудың жалпы құны

Оқытуға және дамытуға жұмсалған шығындар

мың теңге

306 428

ЕТҚ-ның оқытуға жұмсаған шығындарының пайызы

 %

0

1 қызметкерге жұмсалған дайындық сағаттарының орташа саны жылына 49,5 сағатты құрады.

Персонал санаты

 2021 жылдың соңындағы жалпы саны

2021 жылғы дайындық сағаттарының саны

 Бір қызметкерге жылына бөлінген дайындық сағаттарының орташа саны

Жоғарғы басшылық (топ-менеджмент)

69

2 266

32,84

ӘБП

1 360

60 835

44,75

Өндірістік персонал

15 963

800 413

50,14

Қызмет көрсетуші персонал

253

9 892

39,10

БАРЛЫҒЫ

17 645

873 406

49,50

Таланттарды басқару

Таланттарды басқару қағидаларын Корпоративтік стандартқа сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ HR-функция­ларды жетілдіру мақсатында Компанияда таланттарды басқару қағидалары өзектендірілді.

2021 жылғы 21 желтоқсанда Компанияның Тағайындаулар және сыйақы комитеті мүшелерінің сабақтастық жоспарына және кадр резервіне кіретін неғұрлым перспективті қызметкерлермен жыл сайынғы кездесуі өткізілді. Кездесу Zoom қашықтан басқарылатын бейнеконференцбайланыс платформасын пайдалана отырып, онлайн режимінде өтті.

Қызметті бағалау

Адам ресурстарын тиімді басқарудың танылған халықаралық тәжірибесіне сәйкес бағалау рәсімі қызметкерлердің есепті жыл ішінде алған қызметінің нәтижелілігін бағалауды ескере отырып, қызметкерлердің іскерлік және көшбасшылық құзыреттерін бағалауға негізделеді.

Компания қызметкерлерінің қызметін бағалаудың қолданыстағы қағидаларына сәйкес мынадай бағалау жүргізіледі:

  • мақсаттар мен құзыреттер бойынша кешенді (қорытынды) бағалау, ол мыналарды қамтиды: өзін-өзі бағалау, шолу кездесулері, дағдыларға, әлеуетке шолу, қызметкерлерді қызметтің тиімділігін арттыру және даму мүмкіндіктері бойынша бағалау және бағыт беру;
  • есепті кезеңдегі мақсаттардың орындалу дәрежесіне мониторинг жүргізу мақсатында тоқсан сайын өткізілетін қызметкерлердің қызметіне аралық шолу.

Бәсекеге қабілеттілікті сақтау және дамыту, сыртқы және ішкі сын-қатерлерге белсенді ден қою, перспективті, жоғары кәсіби және тартылған қызметкерлердің әлеуетін арттыру, өз басқарушы кадрларын тәрбиелеу мақсатында Компания таланттарды басқару және сабақтастық жүйесін дамытады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында негізгі позицияларға орналасу үшін бірыңғай кадрлық резерв қалыптасады және объективтілік, ашықтық, әділдік, еріктілік, тиімділік қағидаттарына негізделген таланттар пулынан іріктеу және тағайындау рәсімдері енгізіледі.

Кадр резервін қалыптастыру және дамыту процесі қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалаумен тығыз интеграцияланған, оның нәтижелері бойынша таланттар картасы қалыптастырылады, резервшілерді дамытудың жеке жоспарлары әзірленеді, тартылған тәлімгерлік, тағылымдама бағдарламалары және сабақтастық бағдарламасы дамиды.

Корпоративтік басқаруды дамыту шеңберінде «Самұрық-­Энерго» АҚ-ның Директорлар кеңесі және компаниялар тобының басқару органдары басшылық позицияларға сабақтастық жоспарын қалыптастыруға және орындауға көп көңіл бөледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету

Әлеуметтік тұрақтылық пен персоналды қатыстыру көрсеткіштерін жыл сайын өлшеу қызметкерлердің адалдығы мен сенімін, персоналдың әлеуметтік әл-ауқаты мен қатыс­тырылу деңгейін арттыру, персоналдың еңбек қызметімен байланысты еңбек жағдайлары мен процестерін жақсарту, коммуникация жүйелерін дамыту және кез келген өзгеріс­тер туралы ақпараттандыру шараларын уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

2021 жылы қатыстырылу индексі мен әлеуметтік тұрақтылық рейтингін анықтау әдістемесі жаңартылды. Әдіс­темені жаңартудың мақсаты – нәтижелердің практикалық маңыздылығын және еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстардың құндылығын арттыру.

2021 жылы зерттеу Samruk Research Services платформасы аясында телефон арқылы сауалнама алу әдісімен жүргізілді.

2021 жылғы жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша «Әлеуметтік тұрақтылық индексі» 76%-ды құрады.

2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша әкімшілік-басқарушы персоналдың қатысуы туралы сауалнама көрсеткіші 83%-ды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ

Компанияның (корпоративтік орталықтың) әкімшілік-басқарушы персоналының қатысуы бойынша сауалнаманың көрсеткіші 2021 жылы 89%-ды құрады және оң аймақта.

Қоғамның компаниялар тобы бойынша қатыстырылған өндірістік қызметкерлердің үлесі

ҚОҒАМНЫҢ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ БОЙЫНША ӘБП ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУ ҮЛЕСІ

ҚОҒАМНЫҢ ҚАТЫСҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЛЕСІ

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында Келісу комиссиялары құрылып, жұмыс істеуде, олар жұмыс берушінің өкілдері мен кәсіподақ қызметкерлерінің өкілдерінен құрылған, негізгі функциясы еңбек ұжымы арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, шағымдар мен өтініштерді қарастыру болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бәсекеге қабілетті әлеуметтік топтаманы беруге ұмтылады, оның болуы сыртқы нарықтан жоғары білікті үміткердерді тартуға мүкіндік береді. Өтемақылар мен жеңілдіктер қызметкерлер мен олардың отбасылардың әл-ауқаты мен әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға арналған. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлерімен жасасқан ұжымдық шартқа сәйкес ұсынылатын әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің құрамына мыналар кіреді:

  1. еңбек демалысына қосымша сауықтыруға, баланың тууына байланысты материалдық көмек;
  2. (қызметкерді және оның жақын туыстарын) жерлеуге, зейнеткерлерді емдеуге, төтенше жағдайларға және т. б. байланысты материалдық көмек;
  3. табысты жоғалтуына байланысты материалдық көмек (жүктілікке және босануға байланысты демалыс немесе нәрестені (ұл/қыз) асырап алуға  байланысты демалыс);
  4. ерікті медициналық сақтандыру;
  5. қызметкерлер мен балалардың шипажай-курорт жағдайында емделуі;
  6. қызметкерлердің мерейтойларына байланысты (50, 60 және 70 жас) біржолғы көтермелеу;
  7. мерекелік, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге жұмсалатын шығыстар;
  8. қарыздарды төлеу;
  9. асыраушысының жарымжан боп қалғаны немесе одан айрылғаны үшін берілетін жәрдемақы;
  10. балаларға жаңа жылдық сыйлықтар және т. б.
Ұжымдық шарттармен қамтылған қызметкерлердің үлесі

Көрсеткіш

Мәні (2021)

Өлшем бірлігі

1.

2021 жылдың соңындағы қызметкерлердің жалпы саны (тізімдік саны) 

17 645

адам

2.

Оның ішінде 2020 жылғы ұжымдық шарттармен қамтылған қызметкерлер саны

15 567

адам

3.

Ұжымдық шарттармен қамтылған қызметкерлердің жалпы санының үлесі

88 %

%

Компания сауықтыру және демалыс ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

  1. еңбек сіңірген жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосымша күндер беру;
  2. корпоративтік ақпарат құралдарын пайдалана отырып, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын жүйелі насихаттау;
  3. Компания қызметкерлерінің мүгедек-балалары мен жетім-балаларға шипажайға және балаларды сауықтыру орталықтарына берілетін жолдамалардың құнын ішінара өтеу.
Негізгі қызмет бойынша бөлгенде, жұмыспен уақытша немесе толық қамтылмаған жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерге берілмейтін, жұмыспен толық қамтылған жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін төлемдер мен жеңілдіктер

Көрсеткіш

Жұмыспен толық қамтылған қызметкерлер үшін

Жұмыспен толық қамтылмаған немесе уақытша қамтылған қызметкерлер үшін

1.

Қызметкерлерге берілетін төлемдер мен жеңілдіктер

 

 

1.1.

Өмірді сақтандыру

Беріледі

Беріледі

1.2.

Денсаулық сақтау (медициналық сақтандыру)

Беріледі

Беріледі

1.3.

Еңбекке жарамсыздық/мүгедектік бойынша өтемақылар

Беріледі

Беріледі

1.4.

Ана/әке болуына байланысты демалыс алу

Беріледі

Беріледі

1.5.

Зейнетақы беру (зейнетке шыққан кездегі біржолғы төлем)

Беріледі

Берілмейді

1.6.

Компанияның акцияларын жеке меншікке беру

Берілмейді

Берілмейді

1.7.

Өзге (шипажай-курорт жағдайында емделу, баланың туылуына байланысты материалдық көмек, отбасы мүшелерін емдеуге байланысты материалдық көмек, сауықтыруға байланысты материалдық көмек)

Беріледі

Беріледі

Компаниялар тобының мақсаттарына тиімді қол жеткізуге ықпал ететін мінез-құлық пен құндылықтар жүйесін қалыптастыру және дамыту мақсатында корпоративтік мәдениетті басқару процесі регламенттелген.

Бұл процестің негізгі мақсаты мінез-құлық нормалары мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ету болып табылады, оны орындау Компанияның мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді, сонымен қатар компанияға сыртқы ортамен өзара іс-қимыл жасауға көмектеседі.

Жас қызметкерлерге қатысты саясат

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының кадрлық саясатының маңызды бағыты жас мамандармен жұмыс болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында жас кадрлармен жұмыс бойынша кешенді тәсіл іске асырылуда. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында Жас мамандар кеңесі жұмыс істейді, оның мақсаты бірыңғай жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру болып табылады.

Бұл бағыттың міндеттері:

  • Компанияның жастар активі есебінен Компания басшылығы жанынан Жастар кеңесін құру және дамыту;
  • жастар қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
  • жас мамандардың ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, форумдарға, конкурстарға және басқа да іс-шараларға қатысуы;
  • кадрларды даярлау, үздік түлектерді іздеу және іріктеу, студенттердің өндірісте тәжірибеден өтуі мен тағылымдамасын ұйымдастыру, оқу бағдарламаларын жетілдіруге қатысу және дуальді оқытуды дамыту, стипендиялық бағдарламаларды дамыту және т. б. мәселелері бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде бейінді білім беру ұйымдарымен жұмыс істеу;
  • жас мамандарды, жас отбасыларды әлеуметтік қолдау бағдарламаларын дамыту;
  • жас мамандарға қатысты бейімдеу, тағылымдамадан өту, тәлімгерлік және менторлық, оқыту, мансаптық және кәсіби жоспарлау жүйелерін дамыту.

Жыл сайын бұл жастар қозғалысы өз ұстанымын нығайтып келеді. Жас белсенділер өндірістік және қоғамдық өмірге қатысады. Олардың арасында корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысатын көптеген шығармашыл дарынды адамдар бар.

2021 жылы жас мамандар еріктілер қозғалысын жан-жақты қолдау мақсатында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды.

  • «Jas Energy» жастар кеңесі «Шын жүректен» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Аязды күндері «Jas Energy» жастар кеңесінің белсенділері күні бойы қала көшелерінен қар мен қоқысты жинап жатқан Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы коммуналдық қызметінің қызметкерлеріне ыстық кофе таратты.
  • Қайырымдылық жобасын жүзеге асыру аясында «Богатырь Көмір» ЖШС біріккен жастар қозғалысының еріктілері «Шахтер» саябағында жәрмеңке ұйымдастырды.
  • «Мектепке жол» акциясын іске асыру шеңберінде «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС жастар активі Екібастұз қаласының №9 және №11 мектептерінің 100 оқушысы үшін мектеп керек-жарақтары жиынтықтарын сатып алуды және қалыптастыруды қамтамасыз етті.
  • Жаңа жыл қарсаңында «Jas Energy» жастар кеңесі жыл сайынғы «Сиқырлы Шырша» қайырымдылық акциясының көмегімен онкологиялық аурулармен ауыратын балалардың тілектерін жүзеге асырды.

Адам құқығы

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады. Өз қызметін Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясына негіздей отырып, Компания адам құқықтары мен бостандықтарын мойындайды, кепілдік береді және сақталуын қамтамасыз етеді. «Самұрық-­Энерго» АҚ адам құқықтарын бұзатын немесе жанама түрде осындай бұзушылықтардың себебі болуы мүмкін әрекеттерді қабылдамайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ сонымен қатар бірігу бостандығын, ұжымдық шарттар жасасу құқығын танудың, еңбек құқығын, қолайлы қоршаған ортаға, денсаулықты қорғауға құқықты қоса алғанда, БҰҰ-да жарияланған іргелі адам құқықтары мен бостандықтарының, 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің және 1966 жылғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің маңыздылығы мен құндылығын мойындайды.

Адам құқықтарын сақтау саласындағы қағидаттар «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Мінез-құлық кодексінде көрсетілген, ол атқаратын лауазымына қарамастан, «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің қызметі сәйкес келуі тиіс жоғары кәсіби және этикалық стандарттарды белгілейді. Адам құқықтары Мінез-құлық кодексінде бекітілген жалдау мен еңбектің тең жағдайларының нормаларымен, кемсітушілік пен қысым көрсетуге тыйым салумен қамтамасыз етіледі. Кодекстің нормалары мен ережелерін орындау Компанияның барлық қызметкерлері, Директорлар кеңесінің, Басқарманың мүшелері және «Самұрық-Энерго» АҚ-мен жұмыс істейтін үшінші тұлғалар үшін міндетті.

Кодекспен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/corporate-governance/corporate documents#2.

Компаниядағы негізгі құжаттардың бірі Орнықты даму саласындағы нұсқаулық болып табылады, ол адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді регламенттейді. Құжат Компанияның өз қызметі шеңберінде ғана емес, «Самұрық-Энерго» АҚ жұмыс істейтін үшінші тұлғаларға қатысты Компанияның халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қолдау туралы ұстанымын білдіреді.

Этикалық мінез-құлықтың жоғары стандарттарын ұстанатын, оның қызметінің кез келген саласы адам құқықтарының бұзылуына тікелей немесе жанама ықпал етпеуін қамтамасыз етуге жауапты Компания бола отырып, жеткізушілермен қарым-қатынасты нығайту мақсатында Компания жеткізушілерге арналған нұсқаулықтар әзірледі. Жеткізушілерге арналған басшылық қағидаттары корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік ұзақ мерзімді коммерциялық табысты қамтамасыз етуде маңызды болып табылады және біздің нарықта, жұмыс орнында және қоғамда жасайтын қатынастар мен әрекеттерімізден көрініс табуы керек деген сенімділікке негізделген.

Орнықты даму саласындағы нұсқаулықпен Компанияның сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/navigation-and-support/sustainabledevelopment #tab18

Қызметкерлер тұрақты жұмыс істейтін Келісу комиссиялары, Әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын реттеу жөніндегі комиссиялар арқылы қолданыстағы заңнама аясында ұжымдық келіссөздерді жүргізуге құқылы.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да персоналды іріктеу рәсімі тестілеу элементтерін қолдана отырып, транспаренттілік пен меритократияны, айқындылықты, кәсібилікті, лауазымдарға қойылатын кандидаттың жеке қасиеттері және оның біліктілік талаптары мен құзыреттеріне, сондай-ақ қызметкерлерге әділ және тең қарау қағидаттарын сақтай отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ-да бос лауазымдарға кадрларды конкурстық іріктеу және жаңа қызметкерлерді бейімдеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. «Самұрық-Энерго» АҚ кемсітушіліктің кез келген түрін, бала еңбегін пайдалануға және мәжбүрлеп еңбек етуді болдырмауға барынша ықпал етіп, кадрлардың қызметін өсіруді тек кәсіби қабілеттері мен біліміне, білік-дағдыларына қарай жүргізуге барынша күш салады.

Қызметкерлердің кәсіби, экономикалық, әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін реттеу және қорғау мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-да 15 567 адам мүшесі болып табылатын 12 кәсіподақ ұйымы жұмыс жасайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ кәсіподағы «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері – кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін еңбек заңнамасын сақтау, белгіленген әлеуметтік кепілдіктер және шарт ережелерін орындау бөлігінде қорғайды.

Кәсіподақтармен жасалған ресми келісімдерде денсаулық пен қауіпсіздік мәселелерін көрсету

Көрсеткіш

Мәні

1.

Кәсіподақтармен жасалған ресми келісімдерде (жаһандық немесе жергілікті деңгейде) денсаулық және қауіпсіздік мәселелері қозғалған ба

Иә

2.

Егер қозғалған болса, ұйым қол қойған жергілікті келісімдерде қамтылған денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің дәрежесіне қатысты мәліметтер көрсетілсін. Әдетте жергілікті деңгейдегі келісімдер мынадай мәселелерді қозғайды:

 

2.1.

Жеке қорғаныш құралдары

Иә

2.2.

Басшылық пен қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен денсаулық және қауіпсіздік жөніндегі бірлескен комитеттер

Иә

2.3.

Қызметкерлер өкілдерінің денсаулық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі инспекцияларға, аудиттер мен жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуы

Иә

2.4.

Білім және оқыту

Иә

2.5.

Шағым беру тетіктері

Иә

2.6.

Қауіпті жұмыстардан бас тарту құқығы

Иә

2.7.

Мерзімді инспекциялар

Иә

3.

Егер қозғалған болса, ұйым қол қойған жергілікті келісімдерде қамтылған денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің дәрежесіне қатысты мәліметтер көрсетілсін. Әдетте жаһандық деңгейдегі келісімдер мынадай мәселелерді қозғайды:

 

3.1.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстарына сәйкес келуі

Иә

3.2.

Проблемаларды шешу бойынша шаралар немесе құрылымдар

Иә

3.3.

Нәтижеліліктің мақсатты стандарттарына немесе іс жүзінде қабылданатын әдістердің деңгейіне қатысты міндеттемелер

Иә

«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша мүдделі тараптармен диалог құрады. Атап айтқанда, алаңдаушылық пен кінәраттар туралы ақпарат алу мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ сыртқы веб-сайтында кері байланыс жүйесі – «Жедел желіге» жазбаша өтініш немесе телефон шалу арқылы өтініштер мен шағымдарды беру және қарау тетігі пысықталды.

2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 118 өтініш тіркелді және барлық өтініштер есепті кезең ішінде реттелді.

Шағым берудің ресми тетіктері арқылы берілген, өңделген және реттелген еңбек қатынастарының тәжірибесіне қатысты шағымдар саны

Көрсеткіш

Мәні

1.

2021 жыл ішінде шағым берудің ресми тетіктері арқылы берілген еңбек қатынастарының тәжірибесіне қатысты шағымдардың жалпы саны, олардың ішінде:

118

1.1.

есептік кезең ішінде өңделген

118

1.2.

есептік кезең ішінде реттелген

118

Есепті жыл ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында кемсітушілік, адам құқықтары мен бостандықтарын бұзу жағдайлары тіркелген жоқ.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы Қазақстан Респуб­ликасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмеген жағдайда өз қызметкерлерінің діни сенімдері мен саяси қалауларын құрметтейді. Сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметкерлерінің саяси, діни және қоғамдық қызметке жеке тұлғалар ретінде және жұмыстан тыс уақытта қатысуына кедергі келтірмейді.

«Самұрық-Энерго» компаниялар тобы және оның жұмыс орындаушы компанияларында қызмет ерекшеліктеріне байланысты балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбекті пайдалану тәуекелдері жоқ.

Бос орындар бар болған жағдайда Компанияның веб-сайтында үнемі жарияланады, бұл барлық білікті үміткерлердің жұмысқа орналасуына тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді жалдау кезінде адамның еңбек ету құқығына нұқсан келтіретін жыныстық, жас, ұлттық немесе кез келген өзге де белгілер бойынша кемсітушілік болмайды.

Қатысу өңірлеріндегі әлеуметтік бастамалар

Көптеген жылдар бойы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Компания қатысу өңірлерінің дамуына өз үлесін қосып келеді және Компанияның жергілікті инфрақұрылымды дамытуға, өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға, әлеуметтік қолдауға және басқа да мәселелер бойынша жергілікті қоғамдастықтармен үздіксіз өзара іс-қимылын қолдайды. 

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Компаниялар тобының кәсіпорындары жергілікті жұмыспен қамту органдарына ағымдағы бос орындар мен болжанатын жұмыс орындарының дерекқорына енгізу үшін еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді ұсынады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері табиғи апаттардан зардап шеккендерге, аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету секілді қайырымдылық шараларына жүйелі түрде қатысады.

«Мойнақ СЭС» АҚ-ның барлық қызметкерлеріне ведомстволық тұрғын үй (77 тұрғын үй) – тұруға қолайлы 3, 4, 5 бөлмелі жайлы үйлер берілді. Үйлердің ауданы 6 сотық, шаруашылық құрылыстары, үй жанындағы жер учаскелері бар. Азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету бойынша сауда пункті ашылды. Кентте пайдалану қызметтері Компания қызметкерлерінің балалары үшін 30 орындық балабақша жұмыс істейді. «Мойнақ СЭС» АҚ Мойнақ кентінің аумағында орналасқан балабақшаға тұрақты қолдау көрсетеді.

«ЕГРЭС-2» АҚ «Солнечный» кенті үшін қала құраушы кәсіпорын болып табылады, онда жұмыс істейтіндердің жалпы санының 60%-ы еңбек етеді.

«ЕГРЭС-2» АҚ құрылымында әлеуметтік сала объектілері бар: емдеу-алдын алу қызметі, бассейн, қонақ үй үлгісіндегі жатақхана, аумақты абаттандыру және көгалдандыру бо­йынша жұмыстар үнемі жүргізіледі.

Жыл сайын станция бюджетінен оларды ұстауға және жұмыс істеуіне қаражат бөлінеді.

Компания тобының кәсіпорындары тұрақты негізде жалпықалалық сенбіліктерге, іргелес аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға қатысады, діни конфессиялармен және қоғамдық қорлармен өзара іс-қимыл жасайды, зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты аналарға ай сайынғы демеуқаржылар, бір жолғы ақшалай төлемдер, азық-түлік себеттері, жеңілдікті жолдамалар және т. б. нысанда материалдық көмек көрсетеді.

Компаниялар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған түрлі әлеуметтік бастамаларды жан-жақты қолдайды, қалалық әлеуметтік бағдарламаларға белсенді қатысады.

2021 жылы барлық кәсіпорындарда бекітілген және іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру, көгалдар мен жасыл көшеттерді күту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы сақтық қағидасының негізгі ережелерін бөлісетінін атап өткен жөн. Қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберінде жаңа жобалар мен объектілерді іске қосу алдында компания қоғамдық пікірді анықтау және әсерді бағалау процесінде оны ескеру мақсатында жұртшылықты жоспарланып отыр­ған қызмет және оның ықтимал әсері туралы хабардар етуге бағытталған бірқатар іс-шараларды міндетті түрде жүзеге асырады.

2015 жылғы 28 қарашадағы күшіне енген «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес «Ұлттық қор туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соған сәйкес тәуелсіз демеушілікке мораторий жарияланып, «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларындағы қайырымдылық қызметі өзгертілді. Жаңа үлгіге сәйкес, барлық топтың қайырымдылық және демеушілік қызметіндегі жобалар мен соның шеңберіндегі тұрақты дамуға инвестиция салуды Бірыңғай Оператор – «Әлеуметтік саланы дамыту қоры «Samruk-Kazyna Trust» жүзеге асырады.