«Жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы №1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасы

Жоба жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы белгіленген қуаты 500 МВт энергия блогын салуға бағытталған, бұл ГРЭС-1-дің белгіленген қуатын 4 000 МВт-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2021 жылдың нәтижелері:

Ақпан айында ҚР ЭМ-мен қуатқа жеке тариф белгілеу туралы №12 инвестициялық келісімге қол қойылды. Тариф 1,199 млн теңге/(МВт*ай) деңгейінде белгіленген.

Қазандық агрегатты, турбоагрегатты, генераторды, электр сүзгілерін жеткізу жұмыстары орындалды. Жабдықты жеткізу көлемі 51% деңгейінде бағаланып отыр.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Пайдалануға беру 2023 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясын №3 энергия блогын орнату арқылы кеңейту және қайта жаңарту» жобасы

Жоба еліміздегі өнеркәсіп саласын, коммуналдық-тұрмыстық секторды және халықты энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруды, экспорттық әлеуетті ұлғайтуды, ҚР-дың энергия қауіпсіздігі мен энергияға тәуелділігін арттыруды көздейді.

2021 жылдың нәтижелері:

«П» сатысындағы ЖСҚ түзетілуде.

2021 жылғы 25 қарашада мемлекеттік сараптама порталына ескертулерді ескере отырып, түзетілген ЖСҚ жүктелді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы 2021 жылдың соңына дейін алынады деп күтілуде.

«БОГАТЫРЬ» кесігінде көмір өндірудің, тасымалдаудың, біркелкілендірудің және тиеудің циклдық-ағындық технологиясына көшу» (ЦАТ) жобасы

Жоба «Богатырь» кесігін көмірді конвейерлік көлікпен жер үсті біркелкілендіру қоймаларына жеткізудің ағындық технологиясына кезең-кезеңмен көшіруді, содан кейін оны жер үсті тиеу кешендеріне тиеуді көздейді. Кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру үшін және тозған негізгі құралдарды көмірді тиеуге, ұсақтауға және тасымалдауға ауыс­тыру.

2021 жылдың нәтижелері:

ThyssenKrupp жабдығын жеткізу 100%-ға жүзеге асырылды, қазіргі уақытта электр жабдықтары бойынша (Стакер, Уатқыш ауыстырып тиеу пункттері, Таспалы көтергіш конвейер, барабанды реклаймер) ҚМЖ және ІҚЖ жүргізілуде.

Металл құрылымдарын монтаждау, барлық жабдықтарды ірілендіріп жинау – 90%-ға жүзеге асырылды.

Бетон, іргетас жұмыстарының даярлығы – 90%.

«Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясын салу» жобасы

Жоба Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясын салуды көздейді. Жобаны іске асыру жылына қосымша 215 млн кВтс электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты электр энергиясын өндіру кезінде көмірсутекті энергия тасығыштарды пайдалану деңгейін төмендету үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдану болып табылады.

2020 жылы жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

2021 жылдың нәтижелері:

Кіреберіс және алаңішілік жолдарды салу, жел генераторларын монтаждау алаңдарын орнату (ЖЭУ іргетасы), қолданыстағы ЭБЖ қайта орнату және КЛ-35 кВ төсеу, сондай-ақ 220/35кв ҚС салу жұмыстары жүргізілуде.

Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясының құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Жобаны іске асыру жылына қосымша 215 млн кВтс электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

«Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт, болашақта 300 МВт-ға дейін кеңейтілетін жел электр станциясын салу» жобасы

Жоба Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт болатын, болашақта 300 МВт-қа дейін кеңейтілетін жел электр станциясын салуды көздейді. Жобаны іске асыру жылына қосымша 225,7 млн кВтс электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты электр энергиясын өндіру кезінде көмірсутекті энергия тасығыштарды пайдалану деңгейін төмендету үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдану болып табылады.

2019 жылы жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

2021 жылдың нәтижелері:

«Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт болатын, болашақта 300 МВт-қа дейін кеңейтілетін жел электр станциясын салу» жобасы бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Жобаны іске асыру жылына қосымша 225,7 млн кВтс электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

«Қуаты 200-250 МВт БГҚ салу арқылы ЖЭО-1 нысанын кеңейту» жобасы

Жоба Алматы қаласын жылумен және электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін қуаты 200-250 МВт БГҚ салу арқылы Алматы ЖЭО-1 нысанын кеңейтуді көздейді.

2021 жылдың нәтижелері:

«ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ тарапынан АЖЭО-1 жобасының ТЭН әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

«Алматы ЖЭО-2 нысанын қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайта отырып, жаңғырту» жобасы

Жоба ЖЭО-2-ні табиғи газды жағуға көшіру есебінен Алматы қаласының экологиялық жағдайына станцияның теріс экологиялық әсерін төмендетуді көздейді.

2021 жылдың нәтижелері:

2021 жылғы 30 желтоқсанда ЖЭО-2 жобасының техника­лық-экономикалық негіздемесіне «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта «ЖЭО-2» жобасының ТЭН нәтижелерін келісу бойынша корпоративішілік рәсімдер жүргізілуде.

«Самұрық-Энерго» АҚ қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша келіссөздер мен дайындық іс-шараларын жүргізеді. Қазіргі уақытта Еуропа Қайта құру және Даму банкімен қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша егжей-тегжейлі пысықтау шаралары жүргізілуде.

«Алматы ЖЭО-3 нысанын БГҚ базасында станцияның қуатын 450 МВт-қа дейін ұлғайта отырып қайта жаңарту» жобасы

Жоба Қазақстанның оңтүстік аймағындағы маневрлік қуат­тардың тапшылығын ішінара жабу үшін қуаты 450 МВт-қа дейінгі БГҚ салу арқылы Алматы ЖЭО-3 нысанын қайта жаңартуды көздейді.

2021 жылдың нәтижелері:

2021 жылғы 3 қыркүйекте «АлЭС» АҚ жобаның ТЭН-ін әзірлеу мақсатында «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ-пен шарт жасады.

Қазіргі уақытта жобаның ТЭН-і әзірленіп жатыр. Жобаның ТЭН-інде маневрлік режимде жұмыс істеу мүмкіндігі бар белгіленген қуаты 450 МВт-ға дейінгі ГТҚ+КЖҚ және/немесе БГҚ технологияларын қолдану қарастырылады.

АЖЭО-3 алаңында жаңа станция құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы желтоқсанда «АлЭС» АҚ EPC-келісімшартын жасауды жоспарлап отыр. EPC-келісімшартын жасау ашық халықаралық екі кезеңді конкурс негізінде бағаны төмендету аукционын өткізу арқылы жоспарланады.

«Іле өзенінде контрреттегіш Кербұлақ СЭС-ін салу» жобасы

Жоба Қапшағай СЭС-інің апта-тәулік бойында суды әркелкі жіберуін теңестіру үшін Қапшағай СЭС-інің төменгі ағысында контрреттегіш су қоймасын салу және Қапшағай СЭС-ін қуаты мен энергиясы тапшы Алматы энергия жүйесі мен Қазақстанның оңтүстік энергетикалық өңірі жүйесінде барлық қолда бар қуатты пайдалана отырып, барынша жоғары жүктемелерді жабу режиміне  ауыстыруды көздейді.

Контрреттегіш су қоймасынан тәулік ішінде суды біркелкі жіберу режимі арқылы Іле өзенінің төменгі ағысындағы экологиялық жағдайды жақсарту.

2021 жылдың нәтижелері:

Жобаны практикалық іске асыру шеңберінде Кербұлақ ГЭС-ін салуға жер учаскелерін ресімдеу.

Жаңа инвестициялық жобалар

«Алматы қаласының кабельдік желілерін қайта жаңарту» жобасы

Жоба экономика мен мемлекет үшін оң нәтиже беретіндігін болжайды:

  • Алматы қаласының өткізу қабілетін 30%-ға ұлғайту;
  • АЖК АҚ тарату желілеріндегі апаттылықты төмендету.

Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 7 қазандағы №670 «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» Ұлттық жобасы» (7-тармақ) Жарлығымен бекітілген.

2021 жылғы 30 желтоқсанда жобаны іске асыруды бастау үшін «Самұрық-Энерго» АҚ ИАЖ мақұлдау алынды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының қарауына құжаттар ұсынылды.

«Каскад ГЭС нысанын қайта құру және жаңарту» жобасы

Жоба белгіленген қуаттың 7,5 МВт-қа өсуін, электр энергиясын өндіруді жылына 41,7 млн кВтс ұлғайтуды, Каскад ГЭС электр энергиясын өндіруді ұлғайту нәтижесінде ГЭС-тің сенімділігі мен пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, жылу станцияларында энергия көздерін (көмір, газ және т. б.) жағуды қысқартуды, Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жүктеме кестесіне сәйкес сенімді және үздіксіз электр энергиясымен жабдықтауды қамтамасыз етуді көздейді.

2021 жылғы 12 қарашада «АлЭС» АҚ Директорлар кеңесімен инвестициялық жобаның инвестиция алдындағы сатысы шеңберінде ТЭН әзірлеуді мақұлдау туралы шешім қабылданды.

«Алматы облысында қуаты 310 МВт болатын ЖЭС, ГЭС құрамдастырылған станциясын салу» жобасы

Жоба жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жылына 1 227 млн кВтс электр энергиясын өндіруді көздейді. Электр энергиясының тапшылығын ішінара жабу, Алматы облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі, «Жасыл энергетикаға» көшу арқылы климаттың өзгеру салдарын жұмсарту.

2021 жылғы 30 желтоқсанда «Самұрық-Энерго» АҚ ИИС жобаның инвестиция алдындағы кезеңі мақұлданды.