Ішкі аудит қызметі

«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) Компаниядағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз, объективті кепілдіктер мен консультациялар беру арқылы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге ықпал етеді.

Ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарына сәйкес өз міндеттері мен функцияларын іске асыру кезіндегі Қызмет құрылымының тәуелсіздігі ІАҚ-ның Директорлар кеңесіне ұйымдық бағыныстылығы мен функционалдық есеп беруін көздейтін тиісті ұйымдастырушылық мәртебесімен қамтамасыз етіледі.

Директорлар кеңесі Компанияның жоғарғы басқару органы бола отырып, Компанияның қызметі мен менеджментін басқаруға және қадағалауға жауапты.

Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді Басқарма қызметін бақылау және Басқарма мен Директорлар кеңесіне қажетті ұсынымдарды әзірлеу арқылы тереңдете пысықтау мақсатында Директорлар кеңесінің жанында Аудит жөніндегі комитет жұмыс істейді, ол тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Компанияда бақылау процестері бар, олар политикалар мен процедуралар (автоматтандырылған/автоматтандырылмаған), сонымен қатар Компанияның тәуекелдер деңгейін қабылдаудағы бақылау жүйесінің бөлігі болып табылатын іс-шаралар жүзеге асады.

Өз жұмысы барысында ІАҚ:

  • тәуекелдерді басқару процестерінің тиімділігін бағалайды және оларды жетілдіруге ықпал етеді;
  • Директорлар кеңесі мен Басқарманы Кепілдік және сапаны арттыру бағдарламасының нәтижелері туралы тұрақты негізде хабардар етеді;
  • Директорлар кеңесіне тұрақты негізде өз қызметі туралы есептілікті ұсынып, ішкі және сыртқы аудит ұсынымдарының орындалу барысы туралы ақпаратты Басқарманың назарына жеткізеді;
  • Директорлар кеңесінің, Басқарманың және Жалғыз акцио­нердің пікірлерін ескере отырып, тәуекелдерді бағалау негізінде ІАҚ жылдық аудиторлық жоспарын жасайды.

Есептілікті ұсыну жиілігі және оның мазмұны жоғарғы атқарушы басшылықпен және Директорлар кеңесімен талқылау барысында айқындалады және хабарланатын ақпараттың маңыздылығы мен Компанияның жоғарғы атқарушы басшылығы мен Директорлар кеңесі тарапынан талап етілетін іс-қимылдардың жеделдігіне байланысты болады.

2021 жылы Ішкі аудит қызметі Жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес барлық 22 аудиторлық тексеруді орындады.

Аудиторлық тапсырмалардың басымдылығы өзіне тән тәуекелдері неғұрлым жоғары процестерді таңдау арқылы, сондай-ақ Жалғыз акционер мен «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің аудиторлық тексерулерді жүргізуге қатысты басымдыққа ие сұратулары арқылы анықталған. Есепті кезеңдегі тексерудің негізгі бағыттары:

  • еңбекті және қоршаған ортаны қорғау процестерін бағалау;
  • менеджменттің ПӘК-ке қол жеткізу дәрежесін бағалау;
  • қаржы-шаруашылық қызметінің аудиті;
  • ағымдағы және күрделі жөндеулер мен инвестицияларды бағалау;
  • корпоративтік басқару диагностикасы;
  • сатып алу процестерін бағалау.

Барлық аудиторлық тапсырмалар Ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарына сәйкес орындалған және тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жақсарту мақсатында түзету/алдын алу шараларын қабылдауға бағытталған қорытындыларды, анықтаулар мен ұсынымдарды қамтиды.

Аудиторлық есептер шеңберінде ІАҚ тарапынан 191 ұсыным берілді, оның ішінде 79 А санаты, 102 В санаты және 10 С санаты бойынша.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Директорлар кеңесі ІАҚ қызметін «Тиімді» деп бағалады.

Сыртқы аудит

Компанияның аудиторлық ұйымын таңдау «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ мен дауыс беруші акцияларының (қатысу үлес­терінің) елу және одан астам пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың Аудиторлық ұйымды таңдау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Аудиторлық ұйымды таңдаудағы негізгі критерийлер қызметтің сапасы мен құны болып табылады.

2012 жылдан бастап Компанияның сыртқы аудиторы PricewaterhouseCoopers (бұдан әрі – PwC) әлемдік фирмалар желісі болып табылады.

PwC аудиторлық және кеңес беру қызметін ұсынуда жетекші орынға ие: аудит бойынша осы аудитордың клиенттері қатарына FTSE 100 және Fortune 500 рейтингтеріне енген компаниялардың жартысына жуығы кіреді.

Әлемнің түрлі елдерінде отын-энергетикалық кешен кәсіпорындарына көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында PwC фирмасы аясында Дүниежүзілік Энергетикалық Қызмет құрылды, онда 4,000-нан астам маман жұмыс істейді.

Неғұрлым толық ақпаратты www.pwc.kz сайтынан алуға болады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Аудиторлық ұйымдардың қызметін пайдалану саласындағы саясатына сәйкес, Компания әр бес жыл сайын аудит үшін негізгі жауапкершілікті иеленетін серіктесті ауыстыру принципін қолданады. 2016–2017 жылдары аудит үшін Бауыржан Бұрханбеков негізгі жауапты серіктес болды. 2018 жылдан бастап негізгі серіктес – Дана Іңкәрбекова. 

Бұған қоса «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында аудиторлық ұйымның қызметкерлерін жұмысқа қабылдау шарттары ерекше. Сонымен, Компанияның міндетті аудитіне Компанияның Басқарма мүшесі, басқарушы директоры немесе бас аудиторы лауазымына тағайындалған (сайланған) күнінің алдындағы екі жылда аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде екі жыл бойына қатысқан аудиторлық ұйымның қызметкерін тағайындау мүмкін болған жағдайда, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Аудит комитетінің алдын ала мақұлдауын алу талап етіледі.

PwC Компанияның төменде көрсетілген ЕТҰ-ларында аудит жүргізеді:

Компания

Қызмет түрі

Кезең

«Самұрық-Энерго» АҚ

Холдингтік компания

 2008–2010, 2012–қазірге дейін

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

Павлодар облысында орналасқан электр станцияларында көмірді пайдалану арқылы электр және жылу энергиясын өндіру

 2013–қазірге дейін

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Алматы қ. мен Алматы облысы үшін электр энергиясын тасымалдау, желілердегі электр энергиясын техникалық тарату қызметі

 2010, 2012–қазірге дейін

«Алматы электр станциялары» АҚ

Алматы қ. мен Алматы облысы үшін электр- және жылу энергиясын өндіру

 2010, 2012–қазірге дейін

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

Алматы қ. мен Алматы облысы аумағында электр энергиясын сатуды жүзеге асырады

 2008–2010, 2012–  қазірге дейін

«Шардара СЭС» АҚ

Электр энергиясын өндіру

 2007 ж.

«Мойнақ СЭС» АҚ

Шарын өзенінде су электр станциясын салу

 2008, 2012–қазірге дейін

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

«Богатырь» және «Северный» көмір кесіктерінде өндірілетін көмір негізінде электр және жылу энергиясын өндіру

 2005–2009 жж.

«Богатырь Көмір» ЖШС

«Богатырь» және «Северный» көмір кесіктерінде ашық тәсілмен тас көмір өндіру

 2008–2010, 2012–қазірге дейін.

Аудиторлық ұйымға 2021 жылы көрсетілген аудиторлық қызметі үшін төленген сыйлықақы

Қызметтер

«Самұрық-Энерго» АҚ

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы

2021 жылғы аудит үшін

32 408 800 теңге

159 323 729 теңге

В течение 2021 года PWC не предоставлял услуги, не связанные с аудитом финансовой отчетности.