Есеп туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Орнықты даму саласындағы есебін қамтитын осы жылдық есеп «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2021 жылғы қызмет нәтижелері бойынша дайындалды.

Осы есептің мазмұны GRI стандарттарымен ұсынылған қағидаттарға сәйкес анықталды.

Осы Есепті дайындау барысында Компания мынадай ұстанымдар мен қағидаттарды қолданды.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және оның маңыздылығы.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасауының негізі Компанияға елеулі ықпал ететін стейкхолдерлерді және стейкхолдерлердің Компанияға тәуелділік деңгейін анықтау, маңыздылық матрицасын, Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарын және Стейкхолдерлермен қарым-қатынас жоспарын құру болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның мүдделі тараптармен өзара іс-қимылы «Қамтылу» қағидатына негізделеді және Компанияның өз клиенттері мен қызметкерлерінің, серіктестері мен өнім берушілерінің болашағына, дамуына инвестиция салуға дайындығына, Компанияның да, жергілікті қоғамдас­тықтардың да орнықты дамуын қамтамасыз етуге, Компанияның қатысу аумағы үшін маңызы бар салаларға әлеуметтік инвестицияларды жүзеге асыруға, сыртқы және ішкі сын-қатерлерге барабар және икемді ден қою үшін барлық тұлғалармен өзара іс-қимылды дамытуға дайындығына негізделеді (толығырақ «Орнықты даму» бөлімінде).

Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл шеңберіндегі «ашықтық» қағидатын ескере отырып, Компания жылдық есепті шығарғаннан кейін жыл сайын жылдық есептілікте ашылған ақпараттың теңгерімділігі мен толықтығын тексереді, сондай-ақ Компанияның және оның мүдделі тараптарының қызметіне елеулі ықпал ететін және есептіліктің келесі циклінің жылдық есебінің құрылымын қалыптастыру кезінде ескерілуге тиіс тақырыптар мен аспектілерді айқындайды, оған мыналар кіреді: маңызды тақырыптар тізімін анықтау; сыртқы және ішкі стейкхолдерлерге са­уалнама жүргізу; жыл нәтижелері бойынша маңыздылық матрицасын құру.

Есептіліктегі өзгерістер

Маңызды тақырыптар тізбесі мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл негізінде қайта қаралды және өзектендірілді. Маңызды тақырыптар мен аспектілердің тізбесін қалыптас­тыру үшін ішкі стейкхолдерлердің пікірлерін сұрау жүзеге асырылды, шетелдік және қазақстандық компаниялардың жалпы үрдістері, GRI стандарттары, компанияның 2022–2031 жылдарға арналған Даму стратегиясы, компания қызметінің ерекшеліктері және маңызды болуы мүмкін басқа да елеулі аспектілер талданды.

2021 жылғы маңызды тақырыптар тізімі:

1

Компанияның ел экономикасына қосқан үлесі (оның ішінде құрылған және бөлінген экономикалық құн)

16

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимылының қағидаттары мен тәсілдері

2

Қаржылық тұрақтылық

17

Сатып алуда қазақстандық өндірушілерді қолдау

3

COVID-19 пандемиясының, оның ішінде пандемияға байланысты шектеулердің «Самұрық-Энерго» АҚ-ның даму стратегиясына және оның іске асырылу дәрежесіне әсері

18

Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысу және жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл жасау

4

Электр энергиясын жеткізудің сенімділігі мен үздіксіздігі

19

Іскерлік беделді нығайту және стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасау

5

Тарифтік реттеу

20

Халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдау және құрметтеу

6

Тиімді инвестициялық қызмет және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру

21

Жоғары этикалық стандарттарды енгізу және сенімге негізделген корпоративтік мәдениетті құру

7

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы көміртексіздендіру

22

«Самұрық-Энерго» АҚ-да әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету

8

Климаттың өзгеруіне байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ қызметі үшін қаржылық аспектілер және өзге де тәуекелдер мен мүмкіндіктер

23

Гендерлік теңдік, әртүрлілік және тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілету

9

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту

24

Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

10

Биологиялық әртүрлілікті сақтау

25

«Самұрық-Энерго» АҚ-да комплаенс-тәуекелді басқару және комплаенс-мәдениет

11

Қалдықтарды басқару

26

Шағым беру тетіктері

12

Қызметті жүзеге асыру кезінде табиғи апаттардың және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

27

Корпоративтік қақтығыстар және мүдделер қақтығысы

13

Инновациялар және трансформация

28

Халықаралық ынтымақтастық

14

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

29

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Орнықты дамудың 17 мақсатына қосқан үлесі

15

ESG қағидаттарына сәйкестік

 

 

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО« АҚ-НЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҚ МАТРИЦАСЫ

Талдау көрсеткендей, Компания мен оның мүдделі тараптары үшін тарифтік реттеу мен Компанияның қаржылық тұрақтылығы, Компанияның ел экономикасына қосқан үлесі, тиімді инвестициялық қызмет, инновациялар мен трансформация, жаңартылатын энергия көздеріне салынған инвестициялар, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаттары мен тәсілдері, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және т. б. мәселелерге қатысты тақырыптар бұрынғыдай маңызды болып қала бермек.

Мүдделі тараптар тарапынан осы аспектілерді бағалау 2020 жылдағы секілді жоғары деңгейде қалып отыр.

Бұдан басқа, Компанияның алдына таза технологияларға көшу бойынша қойылған міндеттерді ескере отырып, ағымдағы жылы төмен көміртекті дамуға баса назар аудара отырып, технологиялық трансформация Маңыздылық матрицасының жобасына енгізілді және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниялар тобындағы көміртексіздендіруге, қаржылық аспектілерге, басқа да тәуекелдерге және климаттың өзгеруіне байланысты Компания қызметі үшін мүмкіндіктерге байланысты маңызды тақырыптар ретінде атап өтілді.

Өзектілендірілген Даму стратегиясына сәйкес Компания ұзақ мерзімді перспективада өндірістік қызметтің орнықты даму қағидаттарына сәйкестігін, орнықты даму және экономикалық құнды құру үшін өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының келісімділігін қамтамасыз ету басымдығын айқындайды. Осыған байланысты Маңыздылық матрицасының жобасына ESG, қағидаттарының дамуына, Компанияның орнықты дамудың 17 мақсатына қосқан үлесі, компанияның Компаниялар тобындағы әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуіне және т. б. байланысты тақырыптар да енгізілген.

2020 жылғы Маңыздылық матрицасымен салыстырғанда Компания мен оның мүдделі тараптары қалдықтарды басқару, комплаенс-тәуекелдер және Компанияның комплаенс-мәдениеті мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

Мүдделі тараптар көтерген осы және басқа тақырыптар осы Жылдық есепке кірді.

Орнықты даму мәнмәтіні

Есеп Компанияның экономикалық, экологиялық және әлеу­меттік аспектісі бөлігіндегі үлесі туралы ақпарат ұсынады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2021 жылдың қорытындысы бо­йынша орнықты дамудың 17 мақсатына қосқан үлесі туралы ақпарат ашылды.

Толықтығы

Есептің көрсеткіштері мен мазмұны Компанияның есептік кезеңдегі экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға маңызды әсерін көрсету үшін жеткілікті болып табылады.

Теңгерімділік

Аталған Есепте Компания нәтижелерінің есептік жылдағы оң және теріс аспектілері көрсетілді. Бөлек көрсеткіштер 3-жылдық динамикада көрсетілген.

Салыстырмалылық 

Аталған Есепті қолданатын мүдделі тараптар Компанияның қаржылық және өндірістік көрсеткіштер туралы ұсынған ақпаратын бұрынғы кезеңдердің нәтижелерімен және мақсаттарымен салыстыра алады.

Есеп GRI Standards талаптарына сәйкес әзірленді, бұл стейкхолдерлерге Компанияның қызметін басқа ұйымдардың қызметімен салыстыруға мүмкіндік береді.

Жылдық есептің сапасын тұрақты арттыру мақсатында Компания жыл сайын алдыңғы кезеңмен салыстырғанда салыс­тырмалы талдауды және қол жеткізілген прогресті (регресс) жүзеге асырады.

Бенчмаркинг мыналарды қамтиды: ақпаратты ашуды талдау (аспектілер, мазмұн құрылымы және т. б.); ақпаратты беру принциптері (дизайн, тұжырымдама); ашу тәсілдері және тақырыптардың маңыздылығын таңдау.  Салыстырмалы талдау ұқсас компаниялармен өткен жылдың жылдық есебі негізінде жүзеге асырылды.

2021 жылғы жылдық есептеулермен салыстырмалы талдауға «KEGOC» АҚ, «ИнтерРАО» ЖАҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ енгізілді. Бенчмаркинг нәтижелері бойынша осы жылдық есепке ашудың қосымша индикаторлары енгізілді, оның ішінде ESG қағидаттары шеңберінде, сондай-ақ талдау стратегиялық мақсаттар призмасы арқылы қызметті ашу қажеттілігін көрсетті, бұл осы Есепте іске асырылды.

Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2020 жылғы біріктірілген жылдық есебі «Қаржылық емес сектордағы 2020 жылдың үздік жылдық есебі» номинациясы бойынша жүлдегер және «Қазақстан қор биржасы (KASE)» АҚ ұйымдастырған жылдық есептер байқауында «2020 жылдың жылдық есебінің үздік дизайны» номинациясы бойынша лауреат атанды.

 «Қаржылық емес сектордағы 2020 жылға арналған Үздік жылдық есеп» номинациясының жүлдегерлерін анықтау кезінде сараптамалық комиссия мен байқаудың қазылар алқасы Қазақстанда шығарылған жылдық есептерге талдау жүргізді, бұл ретте басты назар ақпаратты барынша толық және сапалы ашатын мазмұнға бағытталған.

Нақтылық

Есептік кезеңде ұсынылған ақпарат мүдделі тараптар есептік кезеңдегі Компания қызметінің нәтижелерін бағалау үшін жеткілікті толық және егжей-тегжейлі болып табылады. Ақпарат сапалы сипаттамалар ретінде де, сандық деректермен де көрсетілген.

Уақытылылық

Есеп аудит жүргізілген қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін барынша қысқа мерзімде жыл сайынғы негізде және 30 шілдеден кешіктірмей ұсынылады, бұл аталған Есепте көрсетілген ақпарат өзекті болып табылатынына болжал жасауға мүмкіндік береді. Есеп корпоративтік веб-сайтта бүкіл стейк­холдерлер үшін бір уақытта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

Айқындық

Есеп туралы ақпарат мүдделі тараптарға түсінікті және қолжетімді нысанда баяндалды.

Сенімділік

Осы Есепті әзірлеген кезде ұсынылған ақпарат мүдделі тараптар аталған есепті тексеруге және оның мазмұнының шынайлылық дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретіндей алдын ала талданды және ашылды. 

Деректердің дереккөздері мемлекеттік органдарға жыл са­йын ұсынылатын ресми есептілік нысандары болып табылады. Бірқатар көрсеткіштер ішкі аудит рәсімдері аясында компания­лардың жауапты өкілдері тексеретін ішкі есептілік нысандарына сәйкес жинақталды және есептелді.

Компанияның Есебінде ұсынылған өндірістік, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштерді есептеу, жинау және шоғырландыру есептілік қағидаттарына және Қоғамның Орнықты даму саласындағы есептілік жөніндегі нұсқаулықтың ұсыныстарына және корпоративтік басқару рәсімдеріне сәйкес жүргізілді. Орнықты даму саласындағы көрсеткіштердің әрбір санаты бойынша сандық деректердің дәлсіздік ықтималдығы мейлінше азайды. Қатынастар мен үлестік шамалар абсолюттік мәндермен толықтырылды. Сандық деректер көпшілік қабылдаған өлшем бірлік  жүйесін пайдалана отырып көрсетілген және стандартты коэффициенттер көмегімен есептелген.

Бұл Есепте өткен жылмен салыстырғанда ақпарат беру форматында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Есепті кезеңде қайта түзетулер болған жоқ.

Есеп барлық мүдделі тараптарға «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында қызметі мен жетістіктерінің нәтижелерін электрондық нұсқада, қағаз нысандарында және онлайн шолуға мүмкіндік береді. Компанияның алдыңғы Шоғырландырылған жылдық есепті жариялау күні – 27 шілде 2021 ж.  

Есептің қамту салалары мен шекараларын шектеу

Осы Есепте көрсетілген Компанияның 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2021 жылғы және 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2020 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есептілігі «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС («PwC») жүргізген тәуелсіз аудиттің нәтижесі болып табылады.

Осы Есеп аясында қаржылық-операциялық нәтижелер мен орнықты даму мәселелері бойынша ақпарат келтірілді. Сапалық және сандық мәліметтер 2021 жыл үшін көрсетілді, 2020 және 2019 жылдардың деректері  қолдануға болатын жерлерде көрсеткіштер бойынша салыстыру және ақпаратты талдау мақсатында қолданылды. 

Компания GRI Standards «Негізгі нұсқа» қағидатына сәйкес Есептің шекараларын анықтады. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы шоғырландырылған есепті жасау кезінде бірыңғай ұстаным ұстану мақсатында үлестік қатысу әдісі қолданылады. Бұдан басқа, қолданыстағы есепке алу саясатына сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді көрсету бастапқы құн бойынша, яғни қайта бағалау есепке алынбай жүргізіледі. Еншілес компаниялар шоғырландырылған қаржылық есептілікке сатып алу әдісі бойынша енгізіледі. Сатып алынған сәйкестендірілетін активтер, сондай-ақ бизнесті біріктіру кезінде алынған міндеттемелер мен шартты міндеттемелер бақыланбайтын қатысу үлесінің мөлшеріне қарамастан, сатып алу күніндегі әділ құн бойынша көрсетіледі.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, шоғырландырылған теңгерімде үлестік қатысу әдісін пайдалану кезінде «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «ForumMuider B. V.» көмір активтері компаниясы сияқты ірі компаниялардың айналымдары алып тасталды. «Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан иелену үлесі 50%-ды құрайды.

 «Самұрық-Энерго» АҚ шоғырландырылған қаржылық нәтижесін қалыптастыру кезінде осы компаниялар бойынша пайданың үлесі «ұйымдардың үлестік қатысу және инвестициялардың құнсыздануы әдісі бойынша ескерілетін пайдасының/залалының үлесі» бабында көрсетіледі.

Компанияның 2021 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есептілігінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның мына еншілес және тәуелді ұйымдарының көрсеткіштері қолданылды: 

Кәсіпорынның атауы

Қызмет түрі

% дауыс құқығы

Қатысу үлесі

Тіркелген елі

Еншілес кәсіпорындар:

 

 

 

 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша электр энергиясын беру және тарату

100%

100%

Қазақстан

«Алматы электр станциялары» АҚ

Алматы қаласында және Алматы облысында электр энергиясы мен жылу энергиясын және ыстық су өндіру

100%

100%

Қазақстан

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

Алматы қаласы және Алматы облысы аумағында электр энергиясын сату

100%

100%

Қазақстан

«Шардара СЭС» АҚ

Оңтүстік Қазақстандағы су электр станциясында электр энергиясын өндіру

100%

100%

Қазақстан

«Мойнақ СЭС» АҚ

Алматы облысындағы су электр станциясында электр энергиясын өндіру

100%

100%

Қазақстан

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

Көмір негізінде электр және жылу энергиясын өндіру

100%

100%

Қазақстан

«Бұқтырма СЭС» АҚ

Жалға берілген Бұқтырма су электр станциясының меншік иесі болып табылады

90%

90%

Қазақстан

«Өскемен СЭС» АҚ

Су электр станциясын жалға берген сәттен бастап бұл компания әрекетсіз болып табылады

89.99%

89.99%

Қазақстан

«Шүлбі СЭС» АҚ

Су электр станциясын жалға берген сәттен бастап бұл компания әрекетсіз болып табылады

92.14%

92.14%

Қазақстан

«Samruk Green Energy» ЖШС

Жаңартылатын электр энергиясын дамыту

100%

100%

Қазақстан

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС

Жел электр станциясында электр энергиясын өндіру.

100%

100%

Қазақстан

«Қазгидротехэнерго» ЖШС

Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру

100%

100%

Қазақстан

«Теплоэнергомаш» ЖШС

Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру

95%

95%

Қазақстан

«Energy Solutions» ЖШС

Тасымалдау және өзге де қызметтер

100%

100%

Қазақстан

«Тегіс Мұнай» ЖШС және «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС

Газ кен орнын барлау және игеру

100%

100%

Қазақстан

Жауапкершілік туралы мәлімдеме

«Самұрық-Энерго» АҚ қолда бар барлық ақпаратты негізге ала отырып, осы Есеп «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметіндегі нәтижелер мен өзгерістер, оның ағымдағы жағдайы, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер мен факторлар туралы ақпаратты объективті түрде көрсететінін растайды.

Есеп Компанияның одан әрі дамуын сипаттайтын өндірістік, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерге қатысты болжамды сипаттағы мәлімдемелерді қамтиды. Жоспарлар мен ниеттерді іске асыру Қазақстандағы және әлемдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайға тікелей байланысты. Осыған байланысты Компания қызметінің нақты нәтижелері болашақта болжанғаннан өзгеше болуы мүмкін.

Осы Есепке немесе оның мазмұнына қатысты сұрақтар бойынша байланысатын тұлға:

Айсариева Мадина Бекайдарқызы, «Корпоративтік басқару және орнықты даму» департаментінің директоры.

Телефон: +7 (7172) 55-30-20

E-mail: m.aisarieva@samruk-energy.kz

Кері байланыс

«Самұрық-Энерго» АҚ біріктірілген Жылдық есепті одан әрі жетілдіру және мүдделі тараптар үшін ақпаратты сапалы ашу үшін кері байланыс алуға мүдделі. Компания «Самұрық-Энерго» АҚ сайтында орналастырылған осы есептің интерактивті нұсқасындағы онлайн-сауалнаманы толтырғаныңыз үшін ризашылығын білдіреді.