ПАЙЫМДАУ

Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігі мен технологиялық операциялық тиімділігі жоғары энергетикалық компания – Қазақстан энергетикасының көшбасшысы

МИССИЯ

Акционерлер үшін құндылық қалыптастыру, орнықты даму қағидаттарын басшылыққа ала отырып сенімді жеткізу, жоғары технологиялық даму, экологиялылық жолымен энергия ресурстарына деген сұранысты қанағаттандыру

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР

01

«Жасыл» экономикаға көшу

02

Қатысу нарықтарында энергия ресурстарының бәсекеге қабілетті сенімді жеткізілімін қамтамасыз ету

03

Акционерлік капитал құнын арттыру

КОМПАНИЯНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Әлем жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдалану бағытында 4-ші энергетикалық көшу кезеңіне аяқ басты, жаңа қуат көздері уақыт өте келе қазба отын түрлерін – газ, мұнай, көмірді бірте-бірте ығыстыратын болады.

Күн тәртібінің маңыздылығын және көмір генерациясына негізделген қызметпен байланысты тәуекелдерді түсіне отырып, Компания 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізе отырып, қоршаған ортаға тигізер теріс әсерін азайтуға ұмтылатын болады. Осыған байланысты, 2021 жылы Компания Даму стратегиясын өзектендіріп, оны 2022–2031 жылдарға бекітті. Түрлі іс-шараларды жүзеге асыру, оның ішінде ЖЭК-генерациялау объектілерін салу, кейбір активтерді газға көшіру, көміртекті ұстап қалу және сақтау саласында ең озық қолжетімді технологияларды қолдану, шоғырландыру, ағаш отырғызу, цифрландыру және энергия тиімділігі жоспарлануда.

Даму стратегиясын өзектендіру қажеттілігін негіздейтін негізгі факторлар мыналар болып табылады:

  1. Энергияға көшу бағдарламасын әзірлеу және іске асыру қажеттілігі және оны Даму стратегиясына қосу.
  2. Қоршаған ортаға эмиссияны төмендету үшін ең озық қолжетімді технологияларды қолдану қажеттілігі.
  3. ESG принциптерін қолдану қажеттілігі.
  4. Өндірістік және операциялық процестерді цифрландыру тренді.
  5. Инвестициялық жобалардың тізбесін және негізгі параметрлерін өзгерту.
  6. Электр энергетикасы саласындағы реттеуші ортаның өзгеруі.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2022–2031 жылдарға арналған стратегиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартында бекітілген орнықты даму қағидаттарын ұстанады және оған мыналар енеді:

  • Директорлар кеңесі, атқарушы орган және қызметкерлер деңгейінде Тұрақты даму қағидаттарын ұстану.
  • Үш компонент (экономика, экология, әлеуметтік мәселелер) бойынша  ішкі және сыртқы жағдайды талдау.
  • Әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалар бойынша орнықты даму саласындағы тәуекелдерді анықтау.
  • Мүдделі тараптардың картасын құру.
  • Орнықты даму саласындағы мақсаттар мен НКҚ-ны анықтау, іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жауапты тұлғаларды анықтау.
  • Орнықты дамудың тәуекелдерді басқару, жоспарлау, адам ресурстарын басқару, инвестициялар, есептілік, операциялық қызмет және басқаларын қоса алғандағы түйінді процестермен, сондай-ақ Даму стратегиясы және шешімдер қабылдау процестерімен біріктіріле қарастырылуы.
  • Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің орнықты даму саласындағы біліктілігін арттыру.
  • Орнықты даму саласындағы іс-шараларға тұрақты мониторинг және бағалау, мақсаттар мен НКҚ-ға қол жеткізуді бағалау, түзету шараларын қабылдау, тұрақты жақсарту мәдениетін енгізу.

Жаңартылған Даму стратегиясы Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік жүйесін стратегиялық жоспарлау, Электр энергетикасы саласын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты да ескереді, Жалғыз акционердің негізгі стратегиялық бағыттарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.

Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындау PESTEL-талдау, макроэкономикалық және салалық үрдістерді талдау, сондай-ақ ішкі ортаны талдау негізінде құрылады.

НЕГІЗГІ СЫРТҚЫ ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР

  • Экологиялық заңнама талаптарын күшейту

    Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) 1-санаттағы кәсіпорындар үшін кешенді экологиялық рұқсаттар белгілеуге көшу және ең озық қолжетімді техникаларды ендіру талаптары енгізіледі. Кодекс талаптары сақталмаған жағдайда қоршаған орта эмиссияларына салық мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру көзделеді.

  • Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын іске қосу.

    Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде енгізу электр энергиясын өндірудің/ тұтынудың меншікті тәуліктік кестесін сақтау және энергия жүйесіндегі электр теңгерімсіздіктерін жоюға қатысу бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін экономикалық дабыл қалыптастыруды көздейді.

  • Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын дамыту жөніндегі реттеуші шаралар.

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті дамыту жөніндегі заңнамалық өзгерістер шеңберінде «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына орталықтандырылған сауда-саттық арқылы міндетті түрде сатылуға жататын электр энергиясының үлесін айқындауға қатысты өзгерістер енгізуді ұсынады.

  • Еуразиялық экономикалық одақтың Ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру.

    Ортақ нарықтың толық ауқымды жұмыс істеуі ортақ газ нарығын құрғаннан кейін, 2025 жылғы 1 қаңтарынан кейінгі кезеңге болжанып отыр. ЕАЭО-ның Ортақ электр энергетикалық нарығын құру нәтижесінде Қазақстан Республикасы одаққа қатысушы елдердің нарықтарына оңайлатылған қолжетімділікке қол жеткізіп ғана қоймай, сондай-ақ электр энергиясын сыртқы жеткізушілер үшін ішкі нарықтың ашықтығын арттырады.

  • Ұлттық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

    «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниялары: «Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып Алматы ЖЭО-2 нысанын жаңғырту», «Станция қуатын 450 МВт-қа дейін ұлғайта отырып, БГҚ базасында Алматы ЖЭО-3 нысанын реконструкциялау», «Қуаты 200-250 МВт БГҚ сала отырып, ЖЭО-1 кеңейту» және «Қуаты 200-250 МВт БГҚ салу», «Алматы және Алматы облысындағы кабельдік желілерді реконструкциялау» жобалары бойынша жұмыс жүргізуде.

  • Трансформациялау бағдарламасын іске асыру.

    Әлем цифрлық технологиялар негізгі қалыптасу құралына айналған жаңа типтегі экономикаға қарай қарқынды жылжып келеді. Қазіргі жағдайда ақпараттық технологиялар мен трансформация технологиялық өзгерістердің негізгі факторы және жекелеген кәсіпорындар деңгейінде де, елдер деңгейінде де бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету шарты болып табылады.

НЕГІЗГІ ІШКІ ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР

  • ЕҚТ қолдануды, цифрландыру мен трансформацияны ескере отырып, Компанияның операциялық тиімділігін арттыру және рентабельділік көрсеткішін арттыру қажеттілігі.
  • Болашақ трендтер шеңберінде кадрлық ресурстар мен сараптаманың жетіспеушілігі.
  • Бәсекеге қабілетсіз тарифтер.

    «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің барлық тұтынушылары үшін баға белгілеудің кемсітушілік белгілері мен қағидаттары болмайтын, қолайлы және ашық тетігін жасауға ұмтыла отырып, сауда-өткізу саясатын жетілдіру, сондай-ақ электр станцияларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету және қабылданған қаржылық міндеттемелерді орындау бағытында тұрақты негізде жұмыс істейді.

  • Инвестициялық бағдарламаны іске асыру салдарынан Компанияда борыштық жүктеменің жоғары деңгейде болуы.

SWOT-ТАЛДАУ

Компанияның негізгі басымдықтары

Миссия мен стратегиялық мақсаттарды тиімді іске асыру мақсатында, жаһандық, ұлттық және корпоративтік деңгейлердегі сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, ESG призмасы арқылы Компанияның негізгі басымдықтары айқындалды:

1. ОРНЫҚТЫ ДАМУ

Компания үшін орнықты дамудың негізгі факторлары адамдардың әл-ауқаты, экологиялық тепе-теңдік және сонымен бірге компанияның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету болуы керек. Тиісінше Қоғамның қызметі барлық мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, экологиялық (Е), әлеуметтік (S) және басқару (G) қағидаттарының келісімділігіне негізделуге тиіс.

2. ЖАУАПТЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Инвестициялар коммерциялық мақсатқа сай болуы керек және ұзақ мерзімді құнды құруға, жаңа технологияларды енгізуге және сапалы жұмыс орындарын құруға бағытталуы керек. Жауапты инвестициялар тәуекелдерді озық басқару және ұзақ мерзімді тұрақтылықты қалыптастыру үшін инвестициялық шешімдердегі экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық (ESG) факторларды есепке алуға бағытталған инвестициялау тәсілі болып табылады.

3. ПОРТФЕЛЬДІ ТИІМДІ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ БАСҚАРУ

Қоғам активтерінің өнімділігін арттыру бизнес-процестерді оңтайландыруды және жақсартуды, қазіргі заманғы қолданылатын шешімдерді енгізуді, өсу негізін қамтамасыз ету мақсатында корпоративтік басқаруды жақсартуды және адами капиталды дамытуды талап етеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ 2022–2031 жылдарға арналған қызметтің мынадай стратегиялық түйінді көрсеткіштерін пайдалана отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің тұрақты мониторингін жүргізетін болады.

Атауы

2024 ж. болжам

2027 ж. болжам

2031 ж. болжам

1

Таза көміртегі ізін азайту, %

≥(-10 %) к 2021

2

Еңбек өнімділігі, коэффициент

1,1х к 2021

1,2х к 2021

1,5х к 2021

3

ROI*

>CoE

>CoE

>CoE

4

Таза активтердің құны (NAV), млн теңге

1,2х к 2021

1,5х к 2021

2х к 2021

5

Қарыз/EBITDA (қатынасы)

≤ 3,5

≤ 3,5

≤ 3,5

6

Корпоративтік басқару рейтингі

ВВВ

A

АА

7

Шикізаттық емес тауарларды шығару мен қызметтер көрсету

1,1х к 2021

1,2х к 2021

1,5х к 2021

*Стратегиялық ROI НҚК активтерді сату жағдайында қолданылатын болады

КОМПАНИЯНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

КОМПАНИЯНЫҢ 2018–2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЕСЕП*

Компанияның 2018–2028 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес стратегиялық ҚНК-нің орындалуы

Атауы

2019 ж. нақты

2020 ж. нақты

2021 ж. нақты

2022 ж. болжас

2023 ж. болжас

1

Таза табыс, млн теңге

6 835

8 008

15 046

35 138

66 041

2

Қарыз/EBITDA* (арақатынасы)

2,91

2,67

2,41

3,52

3,70

3

ROACE, %

3,43

3,60

4,23

5,46

6,84

4

Таза активтердің құны (NAV), млн теңге

392 073

400 623

412 899

442 461

508 490

5

Корпоративтік басқару рейтингі

ВВ

6

ҚР-дағы электр энергиясы нарығының үлесі,  %

28,5

29

31,1

27,1

27,6

7

LTIFR

0,33

0,27

0,19

0,33

0,30

* 2019 жылдың көрсеткіші өзгертілген әдістемеге сәйкес қайта есептелді
Жалпы алғанда, Компанияның стратегиялық көрсеткіштерінің 2019–2023 жылдар кезеңінде жақсаруға бейімділік үрдісі байқалады. Өсудің негізгі факторлары ішкі нарықта электр энергиясы мен қуаттарды сату көлемін ұлғайту, қуатқа жеке тарифтер алу, технологиялық қажеттіліктерге отын мен судың үлестік шығыстарын қысқарту, ОЭР-энергия үнемдеуге арналған шығындарды оңтайландыру, сондай-ақ борыштық жүктемені азайту болып табылады.

КОМПАНИЯНЫҢ 2018–2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ БОЙЫНША СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЕСЕП

Қор компаниялары тобының тұтынушыларына электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз ету

  • Қор компаниялары тобының тұтынушыларына 5,53 млрд кВтс көлемінде электр энергиясын жеткізу қамтамасыз етілді

Электр энергисын азайту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру

  • ЭКЕАЖ және SCADA жобалары іске асырылуда

«Екібастұз ГРЭС-2-ні № 3 энергия блогын салу арқылы кеңейту және қайта құру» жобасын іске асыру

  • Жоба жабдықтарына арналған аңғарларды салу бойынша ҚМЖ-ға тендер өткізілді.

Стейкхолдерлермен өзара тиімді іс-қимыл

  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2020 жылғы жұмысының қорытындылары бойынша Біріктірілген жылдық есеп жарияланды
  • БАҚ-пен ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Энергия сыйымды өндіріс­терге электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз ету

  • Энергия сыйымды өндірістерге 1,140 млрд кВтс электр көлемінде энергиясын жеткізу қамтамасыз етілді

Инновациялық даму және цифрландыру

  • «Цифрлық электр станциясы» жобасын іске асыру
  • «Цифрлық кеніш» жобасын іске асыру

 

«Екібастұз ГРЭС-1 қуатын кеңейту және қайта құру»  (№ 1 блокты қайта құру)» жобасын іске асыру

  • ҚР ЭМ-мен қуатқа жеке тариф белгілеу туралы инвестициялық келісімге қол қойылды.
  • Негізгі жабдықтар жеткізілді, монтаждау жұмыс­тары жүргізілуде.

Корпоративтік басқару тиімділігін арттыру

  • Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспар сәтті жүзеге асырылуда

Көмір сату, оның ішінде бәсекелестерді ығыстыру есебінен

  • Қазақстан нарығында 34,94 млн тонна сатылды. Ұлғаю негізгі энергия өндіруші ұйымдардың тұтынуы есебінен.

 

«Екібастұз кен орнының күлі көп көмірін жағуға арналған Қазандық агрегаттары ошақ құрылғыларының технология­лары» (ҒЗТКЖ) жобасын іске асыру

  • Күлі көп Екібастұз көмірін және  оны байыту қалдықтарын қайнаған қабат пен айналмалы қайнаған қабатқа арналған кешенді қондырғысда жағу бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізілді
  • Тиімді жағу мүмкіндігін растайтын деректер алынды.
  • Өнеркәсіптік және энергетикалық қазандықтардың тұжырымдамасы бойынша техникалық ұсыныстар әзірленді

«Богатырь» кесігінде көмір өндірудің, тасымалдаудың, біркелкілендірудің және тиеудің циклдық-ағындық технологиясына көшу» (ЦАЖ) жобасын іске асыру

  • Жабдықтарды жеткізу аяқталды
  • Металл конструкцияларын монтаждау жүргізілуде

Адам капиталын дамыту

  • Мынадай іс-шаралар іске асырылуда:
    • Көшбасшылықты дамыту;
    • Корпоративтік мәдениетті дамыту; HR-құзыреттерді дамыту.

Электр энергиясы мен көмір экспортының әлеуетті жаңа бағыттарын бағалау

  • Электр энергиясы мен көмір өткізудің әле­уетті нарықтарының қажеттіліктерін мониторингілеу шеңберінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Украина, Беларусь, Ресей, Қытай, Тәжікстан нарықтарына талдау жүргізілді.

Компанияның қаржылық тұрақтылығын арттыру

  • Қоғамның кредиторларының барлық қаржылық ковенанттары сақталған. Fitch Ratings халықаралық агенттігі Компанияның рейтингі бойынша болжамды қайта қарады, оны «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» көтерді, сондай-ақ Компанияның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ» деңгейінде растады.

«Ерейментау қ. ауданында қуаты 50 МВт ЖЭС салу» жобасын іске асыру

  • Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сыртқы нарықтарда электр энергиясы мен көмір сатуды ұлғайту

  • Электр энергиясы Өзбекстан Республикасына  592 млн кВтс экспортталды.
  • Ресейге көмір экспорты 9,8 млн тоннаны құрады.

Компанияны трансформациялау бағдарламасы іске асырылды

  • Цифрлық трансформациялау бағдарламасын іске асырудың «Жол картасы» бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар орындалды.

«Шелек дәлізінде келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейте отырып, қуаты 60 МВт ЖЭС салу» жобасын іске асыру

  • Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр