Өз миссиясын толық іске асыру және акционер мен басқа да мүдделі тараптардың (ЕТҰ, қызметкерлер, серіктестер және т. б.) талаптарын қанағаттандыру үшін Клмпания тарапынан «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарын басқару жүйесі әзірленген, және ол тұрақты түрде жаңартылып, толықтырып отырады. 

БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҚСАТТАРЫ

мәселелерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібінің иерархиясын сақтау

ЕТҰ органдары үшін процестердің басқарылуын арттыру

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының корпоративтік органдарының шешімдерді уақтылы қабылдауы

ЕТҰ корпоративтік басқару деңгейінің үздік әлемдік практикаға сәйкестік рейтингін арттыру

Бұл ретте «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарын басқарудың басым тетіктері:

  1. ЕТҰ-лардың корпоративтік басқару деңгейін кәсіби Директорлар кеңестерін/Байқаушы кеңестерін қалыптастыру, Директорлар кеңестерінің/Байқаушы кеңес­терінің және ЕТҰ басшылары қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз ету есебінен арттыру;
  2. ЕТҰ-ға тиімді басшылықты ЕТҰ-ның стратегиялық мақсаттарын (НҚК) айқындау, ЕТҰ-ның Даму стратегиясы мен Даму жоспарының орындалу тиімділігін мониторингілеу және бағалау арқылы қамтамасыз ету;
  3. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша түйінді мәселелер бойынша бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету, ЕТҰ-дағы басқару мен ағымдағы қыз­меттің үздік тәжірибелерін ілгерілету үшін бірыңғай саясатты, корпоративтік стандарттарды және әдістемелік ұсынымдарды қалыптастыру;
  4. корпоративтік басқарудың қолданыстағы қағидаттарын сақтай отырып және саясаттарды, стандарттар мен әдістемелік ұсынымдарды енгізу, құзыреттерді ұлғайту, қызмет нәтижелерін жақсарту және/немесе ЕТҰ-ның проблемалық мәселелерін шешу үшін компания құзыреттері шегінде ЕТҰ қызметіне қолдау көрсету және сараптама жасау;
  5. Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, монополияға қарсы реттеу, тарифтік саясат, инвесторлар тарту және т. б. мәселелер бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының инвестициялық портфелінің құнын арттыру мақсатында компания тобының және жекелеген ЕТҰ мүдделерін ілгерілету;
  6. ЕТҰ арасындағы ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді іздеу және ұсыну жолымен, мысалы, шығындарды оңтайландыру, жаңа функционалдық стандарттарды енгізу мақсатында қызметтің қосымша түрлері, сервистік фабрикалар, жалпы қызмет көрсету орталықтарын құру есебінен «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы деңгейінде синергетикалық әсерге қол жеткізу үшін бизнес-синергияны іздеу және іске асыру және т. б.

БАСҚАРУ ҚАҒИДАТТАРЫ

еншілес және тәуелді ұйымдар органдарының (акционер (қатысушы), Директорлар кеңесі/Байқаушы кеңес, атқарушы орган), қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың құзыреттері мен өкілеттіктерін нақты ажырату

еншілес және тәуелді ұйымдардың (акционер (қатысушы), Директорлар кеңесі/Байқаушы кеңес, атқарушы орган), қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін нақты ажырату

2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарымен өзара іс-қимыл регламенті өзектендірілді. Негізгі өзгерістер Жалғыз акционердің/Жалғыз қатысушының, Акционерлердің жалпы жиналысының/Қатысушылардың жалпы жиналысының, Директорлар Кеңесінің/ Бақылаушы кеңестің құзыретіне енетін мәселелер бойынша шешім қабылдау құзыретіне қатысты болды. Корпоративтік басқару мен операциялық қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында Регламентте меншік құрылымына және қаржы-шаруашылық қызметінің сипатына, активтердің құнына, ұйымдық құрылымның мөлшері мен күрделілігіне, санына және басқа да факторларға (ірі және шағын ЕТҰ) байланысты компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарын сыныптау енгізілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және бағынысты ұйымдарының операциялық қызметтерінің негізгі бағыттары компанияның ұйымдық құрылымында көрсетілген. Негізгі бөлімшелердің өзара іс-қимылдары мен басқару қағидаттары компанияның ішкі құжаттарында белгіленген.

Есепті кезеңде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметінде және жеткізу тізбегінде елеулі өзгерістер тіркелмеді.