«Богатырь Көмір» ЖШС (Forum Muider B.V. – 100%)

«Богатырь Көмір» ЖШС – ашық тәсілмен көмір өндіру бойынша әлемдегі аса ірі кәсіпорындардың бірі. «Богатырь Көмір» ЖШС үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің 59 пайызы және ҚР-дағы жалпы көмір өндіру көлемінің 40,4 пайызы тиесілі.

«Богатырь Көмір» ЖШС бойынша бекітілген көмір қоры шамамен 2,9 млрд тоннаны құрайды. «Богатырь Көмір» ЖШС бойынша көмір қоры горизонтқа дейін минус 200 м (үстіңгі бетінен өлшегендегі тереңдігі 400 м) бекітілген. Кәсіпорынның қазіргі қуаты жағдайында көмір қоры кемінде 70 жыл жұмыс жасауға жетеді.

1970 жылы пайдалануға берілген «Богатырь» кесігі 5, 6, 9, 10 алаңдарда (учаскелерде) көмір қорын игереді. Кесіктің тереңдігі үстіңгі қабатынан өлшегенде 280 метрге жетті (белгі: Балтық теңізінің деңгейінен Балтық шаралар жүйесі бойынша минус 80 м горизонт).

«Северный» кесігі 1954 жылы пайдалануға берілді, көмір өндіру 1, 2, 3, 4 алаңдарында (учаскелерде) жүргізіледі. Кесіктің тереңдігі үстіңгі қабатынан өлшегенде 230 метрге жетті (белгі: Балтық теңізінің деңгейінен Балтық шаралар жүйесі бойынша минус 30 м горизонт).

Екібастұз бассейнінің негізгі өнеркәсіптік қабаттары – ­орташа қуаты 160 м және жайғасу тереңдігі 670 метрге дейін 1, 2, 3, 4 қабаттар. Бассейн бойынша көмірдің жалпы қоры – 9 млрд тоннадан артық.

«Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» және «Северный» кесіктері бойынша бекітілген көмір қорымлн тонна

Қабат

Бекітілген қорлар

Қабат

Бекітілген қорлар

Қабат

Бекітілген қорлар

«Северный» кесігі бойынша (1, 2, 3, 4 учаскелер)

«Богатырь» кесігі бойынша (5, 6, 9, 10 учаскелер)

«Богатырь Көмір» ЖШС бойынша барлығы

1

199,8

1

198,1

1

397,9

2

298,1

2

332,8

2

630,8

3

662,2

3

739,4

3

1 401,7

4

205,9

4

278,7

4

484,6

Барлығы:

1 366,0

Барлығы:

1 549,0

Барлығы:

2 915,0

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Богатырь Көмір» ЖШС орташа жану жылулығы ~ 4 000 ккал/кг, күлділігі ~ 43%, ылғалдылығы ~ 5% КСН маркілі көмірді өндіреді.

Кәсіпорын энергетикалық көмірді Қазақстан Республикасы ішкі нарығының өндіруші объектілеріне жеткізеді, Ресей Федерациясына экспортқа шығарады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығын коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз етеді. Көмір Қазақстан Республикасының жылу электр станцияларына көмір жеткізудің тікелей шарты бойынша Ресей Федерациясының электр станция­ларына трейдер арқылы сатылады.

Коммуналдық-тұрмыстық көмірді сату «Биржалық тауарлар тізбесін және тауарлық биржалар арқылы сатылатын ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №142 бұйрығына сәйкес тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.

Орналасқан жері: ҚР, Павлодар обл., Екібастұз қ., Бауыржан Момышұлы көш., 23.

Бас директоры: Корсаков Н.Н.

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

26 917

24 093

23 421

EBITDA

млн теңге

40 415

36 728

34 666

EBITDA Margin

%

43

36

34

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Атауы

Өлшем бірлігі

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

Көмір өндіру көлемі

млн тонна

44,8

43,3

44,6

ҚР-дағы көмір сату көлемі

млн тонна

33,8

33,4

44,7

       өз ЭС-ға

млн тонна

17,5

17,8

20,0

      сыртқы ЭС-ға

млн тонна

16,3

15,6

14,7

Көмірді экспорттау көлемі

млн тонна

10,9

10,1

9,8

Ірі тұтынушылар

 «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, ЖЭО-1, ЖЭО-2; «Астана-Энергия» АҚ, ЖЭО-1, ЖЭО-2; «Қарағанды энергоорталығы» ЖШС, ЖЭО-1, ЖЭО-3; «СевКазЭнерго» АҚ, Петропавл ЖЭО-2 «Павлодарэнерго» АҚ, ӨЖЭО-2, Рефтинск ГРЭС-і, Троицкая ГРЭС-і және Қорған ЖЭО

Көрсеткіштер

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

ИГЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ (50 %)

«Тегіс Мұнай» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

«Тегіс Мұнай» ЖШС-ның мақсаты Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Придорожное» кен орнында жер үсті инфрақұрылымын салу және жайластыру, «Придорожное» кен орнынан Бейнеу-Бозой-Шымкент магисталды газ құбырына дейін газ құбырын салу, газды өндіру, өңдеу және сату болып табылады.

«Тегіс Мұнай» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестиция­лық жобасы болып табылады

Орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Асқаров көш., 40.

Директоры: Тастемирова Г.


«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС («Тегіс Мұнай» ЖШС – 100%)

«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС 30.07.2018 ж. №4631-УВС-МЭ Контракт негізінде Түркістан облысының Придорожное кен орнында газды барлау жұмыстарын жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығының иесі болып табылады. Жоба газ кен орнын әзірлеуді көздейді.

Негізгі міндет өңірде газ тапшылығының орнын толтыру, жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік көмекті және бюджетке салық аударымдарын арттыру мақсатында кен орнын өнеркәсіптік пайдалану болып табылады.

Сенімгерлік басқару шартына сәйкес Серіктестік пен «Амангелді Газ» ЖШС арасында жасалған «Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100%-ы 2021 жылғы 26 тамыздағы №1С/У/5-21 «Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100% «Амангелді Газ» ЖШС-на сенімгерлік басқаруға берілді.

Орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Асқаров көш., 40.

Бас директоры: Жылқышиев Қ. Б.

ИГЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ

«Energy Solutions Center» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

«Energy Solutions Center» ЖШС – «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына әкімшілік қолдау көрсететін сервистік ұйым.

Қызметтер тізбесіне мыналар кіреді:

  • IT-инфрақұрылымды қолдау қызметтері;
  • Интернет-ресурстарға қызмет көрсету;
  • Көлік қызметтерін ұсыну;
  • Жылжымайтын мүлікті басқару қызметтері (жалға алу, сатып алу, құрылыс).

Негізгі қызмет түрі: арнайы кеңсе қызметтері (персонал аутсорсингі), АТ-қызметтер, көлік қызметі.

Орналасқан жері: ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 15А, Б блогы

Бас директоры: Бегимов Г.А.

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

3

27

35

EBITDA

млн теңге

68

121

137

EBITDA Margin

%

6

9

12

Көрсеткіштер

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

ИГЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ (25 %)