«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының кіріспе сөзі
Құрметпен,Есімханов
Сұңғат Қуатұлы
«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы

Құрметті әріптестер мен серіктестер!

2021 жыл біздің Компаниямыздың өміріндегі жарқын және маңызды оқиғаларға, сондай-ақ күрделі сын-қатерлерге толы кезең болды. Жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тұспа-тұс келіп, энергетиктер елдің дамуына оның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, өздерінің қажырлы еңбегімен лайықты үлес қосты.

COVID-19 эпидемиясы жағдайында «Самұрық-Энерго» АҚ өз компанияларының барлық тобында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтті және қызметкерлерді вакцинациялау бойынша науқанды табысты өткізді. Коронавирустық инфекцияға қарсы тиімді іс-қимыл шараларының арқасында 2021 жылы біздің барлық электр станциялары мен кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп, тұтынушылар алдындағы электр энергиясын жеткізу мен көмір жөнелту жөніндегі міндеттемелерін толық көлемде орындады.

Жүйелік оператордың деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан көрсеткіштерімен салыстырғанда республиканың электр энергиясын тұтыну динамикасында 6 пайыздық өсім байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік аймағында тұтыну 5%-ға, оңтүстігінде 9%-ға және батысында 7%-ға өсті. Осы кезеңде «Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйымдары электр энергиясын өндіруді 13,5%-ға арттырды. 2021 жылы көмір өндіруші компания біздің электр энергетикалық холдингіміз «Богатырь Көмір» ЖШС құрамында 44 741 мың тонна көмір сатты, оның ішінде қазақстандық тұтынушыларға 34 939 мың тонна, экспортқа (РФ) – 9 802 мың тонна жөнелтілді.

Республикада тез өсіп келе жатқан электр энергиясын тұтыну аясында бүкіл сала үшін сын-тегеуріндердің бірі – қолда бар қуат резервтерін қысқарту проблемасының күнбе-күн өсіп келе жатқандығы болды. «Самұрық-Энерго» АҚ осы кезеңдегі жағдайдан шығудың жолы жаңа станцияларды салу мен пайдалануға беру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту деп есептейді. 2021 жылы Компания өзінің инвестициялық бағдарламалары аясында бірқатар маңыз­ды жобаларды жүзеге асыруды жалғастырды. Екібастұз ГРЭС-1-дің қуаты 500 МВт №1 энергия блогы қалпына келтірілуде. Жобаны іске асыру станцияның жобалық қуатын 4 000 МВт-дан жоғары қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Екібастұз ГРЭС-2-ні №3 энергия блогын салу арқылы кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда. 2021 жылы жабдықтарды жеткізу аяқталып, «Богатырь» кесігінде көмірді өндірудің, тасымалдаудың, тұрақтандырудың және тиеудің циклдық-ағындық технологиясына көшу жөніндегі жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғастырылды. 

Жоспар бойынша жоба 2022 жылы аяқталады. Алматы 2-ЖЭО-ны газдандыру туралы шешім қабылданды, ол еліміздің ең ірі қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ Алматы 3-ЖЭО-ның белгіленген қуатын 450 МВт-ға дейін ұлғайта отырып, реконструкциялауға ықпал ететін болады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық жобаларының үлкен блогын жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселесі алып отыр. Компания жел энергетикасы саласындағы екі жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Қуаты 60 МВт болатын алғашқы ЖЭС Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында салынуда, болашақта станцияның қуатын 300 МВт-ға дейін арттыру жоспарлануда. Жалпы қуаты 50 МВт болатын екінші ЖЭС алаңы Ақмола облысының Ерейментау қаласының ауданында орналасқан.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2021 жылы жүзеге асырып жатқан жобалары мен ауқымды жұмыстары туралы айтқан кезде, барлық қызметкерлеріміздің де қосып жатқан үлесін атап өту қажет. Ірі электр энергетикалық холдингтің жемісті қызметі мен орнықтылығы цехтар мен шеберханаларда, учаскелер мен құрылыс алаңдарында, кесіктерде, кеңселерде және компанияларымыздың зертханаларында өтетін күнделікті және ауыр еңбектің нәтижесі. Компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ-на, біздің барлық серіктестерімізге және энергетика саласының мамандарына көрсетілген көмек пен қолдау үшін жеке алғысымызды білдіреміз.   

Барлықтарыңызға табыс, зор денсаулық, бақыт, ал отбасыңыз бен жақындарыңызға амандық, сәттілік тілеймін!