Компанияның инвестициялық қызмет саласындағы көзқарасы тәуекелдерді дұрыс басқару мен ұзақ мерзімді тұрақтылықты қалыптастыру үшін инвестициялық шешімдердегі экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық ESG факторларын есепке алуға бағытталған жауапты инвестициялау қағидаттарына негізделген.

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде инвестициялық қызметті басқарудың үздік тәжірибелерін енгізді, оның ішінде:

  • Компанияның жобалар мен іс-шаралар портфелін басқару, бұл жобалар мен іс-шаралардың жиынтық портфеліндегі тиімді жобалардың үлесін арттыру арқылы қаржы ресурстарын бөлуді едәуір жақсартуға мүмкіндік берді;
  • инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңінде бақылау деңгейін (бюджеттер, мерзімдер) көтеретін жобаларды басқару.

Компанияның инвестициялық жобалары коммерциялық мақсаттылық және ұзақ мерзімді мүдделер, сондай-ақ капиталдың қайтарымдылығы қағидаттарына негізделеді. Компания ESG қағидаттарын, сондай-ақ тұрақты даму жоспарларын қолдай отырып, өз жауапкершілігін сезінеді және Қоғамның дамуына ықпал етуге ұмтылады.

ESG бағалау кезінде Компания корпоративтік басқару кодексінің ережелерін және БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары, есептілік жөніндегі Жаһандық бастама, ХҚК мен ЕҚДБ экологиялық және әлеуметтік стандарттары, БҰҰ-ны жауапты инвестициялау қағидаттары және т. б. сияқты халықаралық қоғамдастық таныған үздік халықаралық стандарттарды басшылыққа алады.

Компания инвестициялармен тікелей байланысты келесі негізгі қағидаларды ұстанады:

  1. инвестициялық талдау және шешім қабылдау процесінде ESG параметрлерін инкорпорациялау;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және құпия ақпаратты тиісінше пайдалану болып табылады;
  3. жалпыға бірдей халықаралық немесе ұлттық аудит стандарттарына сәйкес жылдық есептерді, оның ішінде қаржылық есептерді, ESG факторларын қоса алғандағы орнықты даму есептерін дайындау;
  4. тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және басқарудың формализацияланған жүйесінің болуы.

ESG қағидаттарына сәйкестіндірудің артықшылықтары:

  1. ESG маңызды факторларын, тиісті әлеуетті міндеттемелерді, шығындар мен қаржылық көрсеткіштерге әсерді, сондай-ақ құнды құрудың әлеуетті мүмкіндіктерін түсіну арқылы ақпараттандырылған инвестициялық шешімдер;
  2. репутациялық немесе заңдық тәуекелдерге ұшырауды барынша азайту;
  3. Қордың және портфельдік компаниялардың ESG қағидаттарына сәйкестік тиімділігін бағалау және мониторинг жасау үшін барабар жүйелердің болуын, ESG талаптарын сақтауды және олармен байланысты инвестициялық тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету;
  4. компаниялармен ESG тәуекелдерін және әсер ету дәрежесін талқылау, бағалау және басқару үшін, сондай-ақ мүмкіндіктерді анықтау және пайдалану үшін тұрақты өзара іс-қимыл жасау үшін негіз қалыптастыру;
  5. тиісті мүдделі тараптар үшін қажеттіі ESG факторларын қағидаттарға сай қарау мен басқаруды көрсету.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 2021 жылы компанияның 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясына енгізілген күрделі жобалардың, оның ішінде «жасыл» энергияға ауысу жобаларының тізбесі қалыптас­тырылды (толығырақ «Самұрық-Энерго» АҚ сайтында тасыуға болады: www.samruk-energy.kz).

ИНВЕСТИЦИЯҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫСТАР,млн теңге

Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру меншікті қаражат, халықаралық қаржы ұйымдары мен ҚР екінші деңгейдегі банктерінің қарыздық қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылады.

 

 2019 нақты

 2020 нақты

 2021 нақты

БАРЛЫҒЫ

50 364

73 232

61 698

 меншікті

42 836

35 129

59 336

 қарыздық

7 528

35 122

1 993

 мембюджеттің қаражаты

 

2 982

368

Өндірістік активтерді ұстап тұруға жұмсалатын күрделі шығыстар негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеуге, сондай-ақ электр станциялары жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік сипаттағы негізгі құралдарды сатып алуға бағытталған.

Өндірістік активтер мен басқа да негізгі құралдарды жұмыс күйінде ұстап тұруға жұмсалатын күрделі шығындардың негізгі үлесі «Богатырь Көмір» ЖШС, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және «Алматы электр станциялары» АҚ-ға тиесілі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік активтерді ұстауға арналған шығындар «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС энергия блоктарының күрделі және ағымдағы кеңейтілген жөндеулеріне, сондай-ақ «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның электр тарату желілерін қайта құруға, ЭЖЖ мен ҚС-ларды салу мен қайта құруға және өндірістік активтері мен басқа да негізгі құралдарын жөндеуге берілді. «Богатырь Көмір» ЖШС мен «Алматы электр станциялары» АҚ-ның өндірістік сипаттағы күрделі шығындары өндірістік қызмет процесіне тікелей қатысатын негізгі құралдарды сатып алуға және күрделі жөндеу жүргізуге бағытталды.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының әкімшілік активтерін жұмыс жағдайында ұстап тұруға жұмсалатын күрделі шығындар өндірістік қызметке тікелей әсер етпейтін негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алуға бағытталды. Өзге инвестициялар «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформация бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларға жоспарланды.