Электр энергиясындағы тариф белгілеу сызбасы

Тарифтік реттеу энергетикалық компаниялар қызметінің түріне қарай ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) немесе салалық министрлік – Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – ЭМ) құзыретіне жатады.

Энергия өндіруші ұйымдар (бұдан әрі – ЭӨҰ) үшін 2016–2018 жылдар кезеңіне электр энергиясына тарифтер станциялар үшін бұрын 2015 жылға бекітілген шекті тарифтер деңгейінде белгіленді. 

2014 жылы қабылданған Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін (ОЭК) дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізінде 2019 жылдан бастап саланы инвестициялардың жеткілікті деңгейімен қамтамасыз етудің тиімді тетігі ретінде Қуат нарығы енгізілді, бұл ұзақ мерзімді перспективада нарыққа жағымды әсер етеді.

Электр энергетикасы саласындағы бағалар мен тариф­терді реттеу мәнмәтінінде ЭМ-не электр энергиясына шекті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту жөніндегі функциялар жүктелген. Сондай-ақ, ЭМ-гі қолданыстағы және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтер белгілейді.

2019 жылдан бастап энергия өндіруші ұйымдар үшін қуат нарығын іске қосуды ескере отырып, мыналар қалыптастырылды:

  • инвестициялық жобаларға және негізгі борышты өтеуге арналған шығындарды қамтитын қуатқа арналған шекті тарифтер (инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тартылатын кредит қаражаты бойынша);
  • электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындарды және пайда нормасын қамтитын электр энергиясына шекті тарифтер. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 11 наурыздағы №76 бұйрығымен «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормасын айқындау әдістемесін» бекіту туралы 2020 жылғы 22 мамырдағы №205 бұйрығына түзетулер енгізілді.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап «ЖЭК-ті пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңына сәйкес ЭӨҰ сатып алатын электр энергиясына жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында ЭӨҰ электр энергиясына босату тарифінің құрамында толассыз үстемеақы тетігі енгізілді. Толассыз үстемеақыны «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі ЕАҚО» ЖШС ҚР-дағы ЖЭК-ті қолдауға жұмсалған шығындар және шартты тұтынушылар болып табылатын ЭӨҰ-ға электр энергиясын босату көлемдері негізінде есептейді. ЖЭК толассыз үстемеақысын енгізуді ескере отырып, елдің энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясына белгіленген тарифтері қайта қаралды.

Энергия беруші компаниялар үшін электр энергиясын беруге және бөлуге, жылу энергиясын өндіруге арналған тариф­терді және энергиямен жабдықтауға арналған тарифтерді (ЭЖҰ) Комитет реттейді. Комитеттің реттеуі мен бақылауы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

Тарифтер бойынша шешімдер әлеуметтік және саяси мәселелердің ықпалына айтарлықтай ұшырайды. ҚР Үкіметінің экономикалық, әлеуметтік және өзге де саясаты «Самұрық-Энерго» АҚ компания тобының операциялық қызметіне елеулі әсер етуі мүмкін.

Электр энергиясының соңғы тарифі мынадай құрамдас бөліктерден құралады:

  • энергия өндірушінің босату бағасы (шекті тариф және толассыз үстемеақы);
  • Ұлттық желі бойынша электр энергиясын беру бағасы;
  • АЭК желілері бойынша беру және тарату бағасы;
  • реттеу, теңгерімдеу және диспетчерлеу жөніндегі қызметтер;
  • электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер.

*ЭЖҰ ілеспе қызметтеріне KEGOC қызметтеріне (диспетчерлендіру, теңгерімдеу), КОРЭМ қызметтеріне, қуатты реттеу жөніндегі қызметтерге, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге арналған шығыстар кіреді".

** ЭЖҰ үстемеақысы электр энергиясын сатып алу мен берудің бекітілген және нақты бағасы арасындағы айырманы өтеу ретінде кірістерді түзетуді, сондай-ақ өзге де залалдарды (тұтынушылардың электр энергиясына сараланған тарифтерді және электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді қолданудан болған залалдарды) қамтиды.

СТАНЦИЯНЫҢ ҚУАТЫН ЭЛЕКТР ҚУАТЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ШЕКТІ ТАРИФТЕР ЕСЕБІНЕН ЖАҢҒЫРТУ

Электр энергиясын өндіруге арналған орташа өлшемді тарифтер

Атауы

2019 ж. нақты

2020 ж. нақты

2021 ж. нақты

2022 ж.

болжам

2023 ж.

болжам

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, орташа өлшемді тарифтер, теңге кВтс

6,07

6,44

7,31

8,22

8,97

экспортқа тариф, теңге/кВтс

9,64

10,22

10,31

 

 

ҚР-дағы тариф, теңге/кВтс

5,87

5,86

6,82

7,60

8,25

оның ішінде, эл. энергиясына  тариф, теңге/кВтс

5,65

5,65

6,76

7,60

8,25

оның ішінде, қуатқа  тариф, мың теңге/МВт*айына

590

590

590

590

590

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, орташа өлшемді тарифтер, теңге кВтс

8,70

9,64

10,38

11,46

12,09

электр энергиясына тариф, теңге/кВтс

7,42

8,55

9,79

10,44

11,08

қуатқа тариф, мың теңге/МВт*айына

590

590

590

590

590

«Алматы электр станциялары», орташа өлшемді тарифтер, теңге кВтс

9,66

11,41

13,12

14,36

15,42

электр энергиясына тариф, теңге/кВт*с

8,43

9,45

11,16

12,62

13,71

қуатқа орташа өлшемді тариф, мың теңге/МВт*айына

590

875

899

798

798

қуатқа тариф, мың теңге/МВт*айына

590

590

590

590

590

қуатқа жеке тариф, мың теңге/МВт*айына

 

4 169

4 169

3 139

3 139

«Шардара СЭС» АҚ, орташа өлшемді тарифтер, теңге кВтс

4,86

12,95

15,32

16,70

16,25

электр энергиясына тариф, теңге/кВтс

4,23

8,49

9,27

11,27

11,28

қуатқа тариф, мың теңге/МВт*айына

590

4 069

3 868

3 868

3 868

«Мойнақ СЭС» АҚ, орташа өлшемді тарифтер, теңге кВтс

10,02

21,33

23,74

24,38

23,92

электр энергиясына тариф, теңге/кВтс

7,93

12,02

12,26

13,70

14,44

қуатқа тариф, мың теңге/МВт*айына

590

2 564

2 564

2 564

2 564

«Samruk-Green Energy» ЖШС, теңге кВтс

48,54

32,73

19,74

23,80

24,77

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, теңге кВтс

30,03

31,62

33,83

35,52

36,36

«Ereymentau Wind Power» ЖШС

 

 

 

22,68

22,68

«Энергия Семиречья» ЖШС

 

 

 

22,68

22,68

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР-да электр қуатының нарығы жұмыс істей бастады. Электр энергиясын өндірушілер алатын кірістер екі құрамдас бөлікке бөлінген − электр энергиясын сатудан түскен кіріс (ағымдағы шығыстарды жабуға бағытталады) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді көрсетуден түскен кіріс (негізгі борышты өтеуге және инвестицияларға жіберіледі). Барлық ЭӨҰ үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке айына 590 мың теңге/МВт мөлшерінде бірыңғай шекті тариф бекітілді. Электр энергиясының тарифтері 2020–2025 жылдарға бекітілген. Алайда, бекітілген тарифтер жылдар бойынша индекстеуді көздемейді. Бұл ретте, «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес, қажет болған жағдайда электр энергиясына тарифтер жыл сайын түзетіледі.

Қуат нарығының іске қосылуымен станциялар үшін 2020 жылы электр энергиясына орташа өлшенген тарифтер 2020 жылғы 1 шілдеден бастап түзетілген шекті тарифтер мен қуатқа жеке тарифтерді енгізудің іске қосылуын ескере отырып өсті. 

ҚР ЭМ-нің станциялар үшін тапшы тарифтерді бекітуіне байланысты нормативтік актілерге сәйкес, ЭӨҰ ҚР ЭМ-ге электр энергиясына шекті тарифтерді түзетуге өтінімдер ұсынды. Нәтижесінде 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР ЭМ электр энергиясына шекті тарифтерді бекітті, олар 2021 жылғы 31 наурызға дейін қолданыста болды. 

Пайда нормасын айқындау әдістемесінің бекітілгенін ескере отырып, (Энергетика министрінің 11.03.2021 ж. №76 бұйрығына сәйкес өзгерістермен 22.05.2020 ж. №205 бұйрығы) – ЭӨҰ шекті тарифтеріне 2021 жылғы 1 сәуірден бастап ҚР Энергетика министрінің 30.03.2021 ж. бұйрығына сәйкес пайда нормасы енгізілді.

«ЖЭК-ті пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңына сәйкес, 01.07.2021 ж. бастап ЭӨҰ-ның электр энергиясына босату тарифінде ҚР-дағы ЖЭК-ті қолдауға жұмсалған шығындар және шартты тұтынушылар болып табылатын ЭӨҰ электр энергиясына босату көлемдері негізінде «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі ЕАҚО» ЖШС есептеген ЖЭК пайдалануды қолдау­ға 1,57 теңге/кВтс деңгейінде үстемеақы ескеріледі. ЖЭК толассыз үстемесін енгізуді ескере отырып, ҚР Энергетика министрінің 24.06.2021 ж. №211 бұйрығымен ЭӨҰ электр энергиясына жаңа шекті тарифтер бекітілді.

Осылайша, 2021 жыл ішінде ЭӨҰ үшін электр энергиясына мынадай шекті тарифтер қолданылды:

ЭӨҰ атауы

01.01.2021-31.03.2021 бекітілген тариф

01.04.2021-30.06.2021 бекітілген тариф

ЭМ-нің 01.07.2021ж. бастап үстеме ақысыз бекітілген тарифтері

01.04.2021-30.06.2021 бекітілген тариф

ЭМ-нің 01.07.2021ж. бастап үстеме ақысыз бекітілген тарифтері

01.01.2021 ж. бастап бекітілген тарифке өсім %-ы

«ГРЭС-1» ЖШС

5,80

7,25

5,90

1,57

7,47

28,7 %

«ГРЭС-2» АҚ

9,13

9,69

8,59

1,57

10,16

11,3 %

«АлЭС» АҚ

10,30

11,01

10,23

1,57

11,80

14,5 %

«МСЭС» АҚ

12,02

12,03

10,90

1,57

12,47

3,7 %

«ШарСЭС» АҚ

8,10

9,74

8,77

1,57

10,34

27,6 %

2021 жылдың басынан бастап «ГРЭС-1» ЖШС және «ШарСЭС» АҚ үшін тарифтің айтарлықтай өсуі тиісінше 28,7%-ға және 27,6%-ға, «ГРЭС-2» АҚ мен «АлЭС» АҚ үшін тиісінше 11,3%-ға және 14,5%-ға өсті. «МСЭС» АҚ үшін тариф 12,02 теңге/кВт*сағаттан 12,47 теңге/кВт*сағатқа дейін немесе 3,7%-ға болмашы өсті.

2020 жылдан бастап ҚР ЭМ-мен ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын станциялар – «МСЭС» АҚ, «ШарСЭС» АҚ, «АлЭС» АҚ және «ГРЭС-1» ЖШС үшін инвестициялық тарифтерді бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде.

28.02.2021 ж. «ГРЭС-1» ЖШС №1 энергия блогын қалпына келтіру жобасы бойынша жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңартуға ҚР ЭМ-мен 2025–2031 жылдар кезеңінде 476,6 МВт қызмет көлеміне есептегенде 1 199 мың теңге /МВт*айына мөлшерінде тариф белгілей отырып, инвестициялық келісім жасалды.

Жасалған инвестициялық келісімдердің параметрлері төменде келтірілген.

Жасалған инвестициялық келісімдердің параметрлері

ЭӨҰ атауы

Көлемі

Жеке тариф

кезең

«АлЭС» АҚ

69,5 МВт

4 168,60

2020–2024 жж.

«МСЭС» АҚ

298 МВт

2 563,67

2020–2026 жж.

«ШарСЭС» АҚ

61 МВт

4 069,3

2020–2028 жж.

«ГРЭС-1» ЖШС

476,6

1 199

2025–2031 жж.

26.01.2021 ж. «ЕГРЭС-2» АҚ Нарық кеңесіне «№3 энергия блогын салу арқылы ЕГРЭС-2-ні кеңейту және қайта жаңарту» жобасын іске асыру бойынша жеке тариф бекітуге өтінім берді. Нарық кеңесі 29.03.2021 ж. оң ұсынымды алғаннан кейін, өтінім ҚР ЭМ қарауына берілді.

2022 жылдан бастап электр энергиясына және қуатқа тарифтер белгілеу индекстеуді ескере отырып болжанады.

Электр энергиясын беру қызметтеріне арналған тарифтер

Атауы

2019 ж. нақты

2020 ж. нақты

2021 ж. нақты

2022 ж. болжам

2023 ж. болжам

 «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

5,46

5,95

6,07

6,60

7,25

Табиғи монополия субъектісі болып табылатын «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ үшін ТМРКД-нің 17.05.2021 ж. бұйрығымен тарифтің күші 2021 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2021–2025 жж. кезеңіне шекті тариф бекітілді. 2021 жылға бекітілген тариф қолданыстағы тарифке 0,8% өсу мөлшерінде 6,09 теңге/кВтс құрайды.

Тарифтерді ұлғайту (түзету) объективті себептер бойынша АЭС шығындары өскен жағдайда («Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес, уәкілетті орган бекіткен тарифті өзгертуге негіз стратегиялық тауарлар құнының өзгеруі болып табылады (сатып алынатын электр энергиясы)

ЭЖҰ-ның электр энергиясын сатуға арналған тарифтері

Атауы

2019 ж. нақты

2020 ж. нақты

2021 ж. нақты

2022 ж. болжам

2023 ж. болжам

 «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

16,11

17,66

18,69

21,32

22,82

Энергиямен жабдықтаушы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС компаниясы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі болып табылады және уәкілетті органның реттеуіне жатады. Тариф есебіне операциялық, қаржылық және инвестициялық компоненттер енгізілген. Өңірлердегі халықтың әлеуметтік тұрақтылығын сақтау мақсатында Реттеушінің тарифтердің өсуін жасанды тежеу тәуекелдері бар. Жеке тұлғалар үшін тұтыну нормалары бойынша саралау сақталды, заңды тұлғалар үшін электр энергиясын жеткізу орташа босату тарифтері бойынша жүзеге асырылады.

«АЭС» ЖШС үшін 2021 жылғы 1 ақпанда «KEGOC» АҚ тарифінің төмендеуіне байланысты тарифтер 18,25 теңге/кВтс
деңгейіне дейін төмендетілді (бұрын қолданыстағыға 1,2%-ға), оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер төмендетілді. 

Энергия көздері тарифтерінің 01.07.2021 ж. бастап өсуін ескере отырып, ТМРКД бағаны 01.09.2021 ж. бастап
19,74 теңге/кВтс немесе қолданыстағы деңгейге 14,5%-ға арттыру туралы 23.08.2021 ж. дәлелді қорытындыны жіберді.

Жылу энергиясының тариф белгілеу сызбасы

Жылу энергиясына белгіленген бағалардың әлеуметтік маңыздылығына байланысты мемлекет ТМРК арқылы тарифтердің өсуін тежеу саясатын іске асырады, бұл жылу энергиясына тарифтерді төмендетуге ұмтылуынан көрінеді.

Электр энергетикасынан айырмашылығы, жылумен жабдықтау жүйелерінің құрылымы үш сектордан тұрады: жылу энергиясын өндіру, беру (жылу энергиясын бөлу мен өткізуді қоса алғанда) және жылу энергиясын тұтыну.

Жылу энергиясы нарығы бөлшек тұтынушының жылу энергиясын жеткізушілерді таңдауға практикалық мүмкіндігі нақты жоқ бөлшек секторда  ғана жұмыс істейді.

Жылу энергиясын өндіру тарифтері

Атауы

2019 ж. нақты

2020 ж. нақты

2021 ж. нақты

2022 ж. болжам

2023 ж. болжам

«Алматы электр станциялары» АҚ

3 354

3 441

3 392

3 621

3 694

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

809

697

772

867

938

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

572

367

233

367

367

Заңнама табиғи монополия субъектісі ретінде жылу энергиясын өндіретін ұйымдар үшін тарифтердің ұзақ мерзімді (5+ жыл) шекті деңгейлерін оларға инвестициялық құрамдас бөлікті қоса және шығындарды жыл сайын индекстей отырып бекітуді көздейді. Шекті тарифтерді Комитет бекітеді. Алайда тарифтерді ұлғайту жылына бір реттен жиі жүргізілмейді және объективті себептер бойынша станция шығындарының өсуі жағдайында тарифтерді ұлғайтусыз сақтау тәуекелі бар.

«АлЭС» АҚ үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша №141-НҚ және Алматы облысы бойынша департаменттерінің 29.11.2021 ж. №267-НҚ бірлескен бұйрығымен 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізе отырып, 2022– 2026 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер бекітілді, онда 2022 жылы қолданыстағы тарифке өсім 8,6%-ды құрады.