КОМПАНИЯНЫҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Компания қызметінің экономикалық тиімділігі «Құрылған және бөлінген экономикалық құн» кестесінде көрсетілген.

Құрылған Экономикалық құн Компанияның кірісін қалыптастырудың негізгі көздерін, атап айтқанда, электр энергиясын өндіруден, беруден және сатудан, сондай-ақ көмір сатудан түскен кіріс пен алынған сыйақыны көрсетеді.

Құрылған құн өнім берушілер мен мердігерлер, Компанияның қызметкерлері, акционерлер мен кредиторлар, мемлекет, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтар арасында бөлінеді.

Үлестірілген экономикалық құн

Өнім берушілер мен мердігерлерге төлемдер

Операциялық шығындар – материалдар, өнім компонеттері, жабдықтар мен қызметтер үшін төлемдер және жалдау төлемдері және т. б. бойынша контрагенттерге төленетін ақша.

Қызметкерлерге төленетін төлемдер

Жалақы қоры, әлеуметтік салықтар және аударымдар, зейнетақы және сақтандыру төлемдері, қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуге арналған шығындар және қызметкерлерді қолдаудың басқа да нысандары.

Капитал өнім беушілеріне төленетін төлемдер

Барлық санаттағы акционерлерге төленетін дивиденттер мен кредиторларға төленетін пайыздар

Мемлекетке төленетін төлемдер

Салық аударымдары

Жергілікті қауымдастыққа инвестициялар

Қайырымдылық пен мемлекеттік емес ұйымдарға және зерттеу мекемелеріне қайырымдылық, қоғамдық инфрақұрылымды қолдауға жұмсалған шығындар, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды, мәдени және білім беру шараларын тікелей қаржыландыру

2021 жылдың қорытындысы бойынша құрылған экономикалық құны 466 млрд теңгені құрады және үлестірілген экономикалық құны 364 млрд теңгені құрады, нәтижесінде үлестірілмеген экономикалық құны 102 млрд теңгені құрады. 2022–2026 жылдарға арналған бекітілген Даму жоспарына сәйкес 2022 және 2023 жылдары құрылған және үлестірілген экономикалық құнды ұлғайту жоспарланады.

Көрсеткіш*

2020

2021

2022

2023

Нақты

Нақты

Болжал

Болжал

Құрылған экономикалық құн

382 199

465 806

523 007

587 748

Сатудан түскен түсім

380 990

463 690

522 624

587 256

Алынған сыйақылар (пайыздар)

1 209

2 116

383

492

Үлестірілген экономикалық құн

312 894

363 943

426 618

454 795

Операциялық шығындар

194 386

228 733

287 730

321 986

Еңбекақы және әлеуметтік аударымдар

43 700

50 327

51 677

54 445

Капитал өнім беушілеріне төленетін төлемдер

32 571

32 702

28 448

22 036

Мемлекетке төленетін төлемдер

42 152

52 149

58 703

56 269

Үлестірілмеген экономикалық құн

69 305

101 862

96 389

132 953

*Бұрын көрсеткіштер есептеу әдісі бойынша есептелген. Ақшалай емес операцияларды, оның ішінде амортизацияны болдырмау мақсатында ағымдағы көрсеткіштер ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп деректеріне есептелген. Көрсеткіштер бірлескен кәсіпорындардағы иелену үлесін ескере отырып алынды.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2022–2031 жылдарға арналған Даму стратегиясының стратегиялық мақсаттарының бірі көміртегі ізін нетто төмендету болып табылады.

Қойылған стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін Компания ғылыми-зерттеу қоғамдастығымен тығыз өзара байланыс орната және ғылыми әзірлемелердің практикалық тиімділігін арттыра, оның ішінде отандық кадрлардың зерттеу жұмыстарын жүргізуін қолдай отырып, ғылыми әзірлемелерді дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. Ғылыми әзірлемелерден уақтылы экономикалық әсер алу мақсатында ҒЗТКЖ-ны коммерцияландыру мәселелеріне маңыз­ды назар аударылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда электр станцияларында көмір жағу кезінде газдарды кәдеге жарату мәселесі мыналарға:

  • Қазақстанның Париж климаттық келісім шеңберіндегі міндеттемелеріне;
  • ҚР экологиялық заңнамасын қатаңдатуға, оның ішінде кешенді экологиялық рұқсаттарға көшуден бас тартқан жағдайда эмиссия үшін төлемдердің ұлғаю тәуекеліне;
  • экономиканы «көгалдандыруға» ықпал етпейтін жобаларға қаржыландыруды азайтудағы жаһандық трендке;
  • «Жасыл экономиканы» дамыту мен оған көшудің стратегиялық жоспарларына: Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу доктринасына (стратегиясына) байланысты өзекті болып отыр.

Осыған байланысты Компания көмір электр станцияларында көміртекті ұстау және сақтау, газдандыру және көмір химиясы үшін синтез-газ алу технологияларын қолдану мүмкіндігін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа кірісті.

Жобаның мақсаты ЖЭС түтін газдарынан СО2-ні ұстаудың қолданыстағы және перспективалық технологияларын зерделеу, оларды қолданыстағы технологиялық сызбаларға біріктіру және ұсталған СО2-ні көмудің мүмкіндіктерін Қазақстан жағдайлары үшін неғұрлым перспективалы технологияларды бағалай отырып талдау, СО2-ден синтез-газ өндіру және көмір химиясы өнімдерін өндіру үшін эксперименттер жүргізу болып табылады.

Жобаны іске асыру 2022–2024 жылдар кезеңіне жоспарланған.

Компанияның тағы бір маңызды бастамасы Компания­ның жылу электр станцияларында күлі көп көмірді жағу кезінде техникалық-экономикалық көрсеткіштерді арттыру мақсатында қалыптастырылған жоба болып табылады. Осы жоба шеңберінде қазандық агрегаттарын мазутсыз жағу жүйесі (плазмалық-отын жүйесі) технологиясын енгізу мүмкіндігі мәселесі пысықталды. 

Жобаны іске асыру мынадай міндеттерді::

  • қазандық агрегаттарының жүктемесі төмен болған кезде шаң-көмірлі алаудың жануын тұрақтандыруды;
  • күлі көп көмірді алаулатып жағу кезінде мазут шығынын болдырмауды;
  • қазандық агрегаттары жұмысының үнемділігі мен сенімділігінің төмендеуіне әкелетін бір оттықта көмір мен мазутты бірге жағудың жағымсыз салдарын жоюды шешуге мүмкіндік береді.

Бұл технология Қытай Халық Республикасында, Ресей Федерациясында, Индонезияда және т. б. 200-ден 1 000 МВт-ға дейінгі энергия блоктарында сәтті қолданылады.

Жобаны іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 31 мамырдағы отырысында мақұлданды.

«Энергия тиімділігі» аспектісі

Энергия

Компанияның энергетикалық саясатының басымдығы энергия ресурстарын тұтынуды азайтуға және қоршаған ортаға әсер ету деңгейін қысқартуға ықпал ететін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағыты болып табылады.

Компания жыл сайын «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша энергия тұтыну және энергия тиімділігінің негізгі көрсеткіштері бойынша деректерді шоғырландырып, талдайды, өткен кезеңдермен салыстырады және жақсарту үшін мүмкіндіктерді айқындайды.

Компанияның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметі ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйелері» халықаралық стандартының әдіснамасына негізделеді.

Компанияда 2015–2025 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жоспарлау және жүзеге асыру үшін негіз қалаушы құжат болып табылады.

Осы бағдарламаның мақсаты отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды және экономикалық тұрғыдан орынды пайдалану жөніндегі шараларды әзірлеу болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша жалпы тауар өнімінің энергия сыйымдылығын базалық 2014 жылға қарағанда 2025 жылы 10,5%-ға төмендету бағдарламаның күтілетін нәтижесі болып табылады.

Бағдарламаның мақсатты құралдары:

  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы үшін мақсатты индикаторлар мен энергия үнемдеу көрсеткіштерін анықтау және энергия тиімділігін арттыру;
  • энергия тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін есептеудің әзірленген әдістемесіне сәйкес энергия-экономикалық талдау жүргізу арқылы берілген көрсеткіштерге қол жеткізуге тұрақты мониторинг және бақылау жүргізу;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында энергоменеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу, сондай-ақ жетілдіру;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділігін арттыру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру бо­йынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру;
  • энергетикалық ресурстарды тұтынуды автоматтандырылған есепке алудың біріктірілген жүйесін қалыптас­тыру.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бо­йынша жүзеге асырылған жұмыс шеңберінде өткен жылы отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға бағытталған 63 іс-шара орындалды, бұл «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 523 мың тонна шартты отынды үнемдеуге мүмкіндік берді. 

Ұйым ішіндегі энергия тұтыну

Ұйым ішіндегі энергия тұтыну

2019

2020

2021

Жалпы энергия тұтыну, млн ГДж, о.і:

291,2

306,3

346,3

көмір

279,9

291,8

333,0

газ

9,2

12,0

10,9

мазут

0,8

0,9

0,8

бензин

0,2

0,2

0,2

дизель

1,2

1,2

1,4

Электр энергиясын тұтыну, млн ГДж

11,3

11,5

12,6

о.і. ЖЭК-тен

1,3

2,6

4,8

Жылу энергиясын тұтыну, млн ГДж

2,6

2,4

3,0

о.і. ЖЭК-тен

Жалпы энергия тұтыну, млн ГДж

14,0

13,9

15,7

о.і. ЖЭК-тен

1,3

2,6

4,8

2021 жылы энергияны жалпы тұтыну алдыңғы жылмен салыстырғанда артып, 15,7 млн ГДж-ны құрады, сонымен қатар базалық 2014 жылға қарағанда (17,7 млн ГДж) төмендеу байқалады.

Энергия мен отынды жалпы тұтынудың артуы Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2-де электр энергиясын өндірудің, «АлЭС» АҚ-да жылу өндірудің ұлғаюына байланысты.

Есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда жаңартылатын энергия көздерінен жалпы энергия тұтыну 4,8 млн ГДж-ға дейін ұлғайды. Тұтастай алғанда, жылдар бойынша ЖЭК-тен энергия тұтынудың артуының оң серпіні байқалады, бұл елдегі электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесінің ұлғаюына байланысты.

Энергия сыйымдылығы

Бұл көрсеткіште «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының ішінде отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну көлемі, сондай-ақ өндірілген электр және жылу энергиясының, берілген электр энергиясының, өндірілген көмірдің көлемі пайдаланылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша жалпы тауар өнімінің энергия сыйымдылығы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 27,8 ш.о.т/млн теңгені құрады және өткен жылдың көрсеткішіне қатысты төмендеді.

ЭНЕРГИЯ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ, ш.о.т./млн тг

Энергияны тұтынуды азайту

Электр энергиясын тұтыну базалық жылға қарағанда (14,0 млн ГДж) төмендеді, өткен жылға қарағанда артып, 12,6 млн ГДж құрады.

Жылу энергиясын тұтыну базалық жылға қарағанда (3,7 млн ГДж) төмендеді, өткен жылға қарағанда артып, 3,0 млн ГДж құрады.

Жалпы жылдар бойынша базалық 2014 жылға (17,7 млн ГДж) қарағанда энергияны жалпы тұтынудың төмендеу үрдісі байқалады.

ЭНЕРГИЯНЫ ЖАЛПЫ ТҰТЫНУ, млн ГДж

«ПАЙДАЛАНЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАР» АСПЕКТІСІ

«Самұрық-Энерго» АҚ өнімі – бұл жылу және электр энергиясы, сондай-ақ энергетикалық көмір.

Осы саланы реттеу мемлекеттік орган атынан ҚР-ның ЭМ және Комитет жүзеге асырады.

Компания шығарылатын өнімге қатысты жарнама мен жылжытуды қоса алғанда, ешқандай маркетингтік коммуникацияларды жүзеге асырмайды.

Өнім өндіру кезінде біздің кәсіпорындарда қолданылатын материалдар тізімі.

Электр энергиясын өндірген кезде:

 

Өлшем бірлігі

Жұмсалған материалдар

Көлемі

2019

2020

2021

Көмір

тонна

16 565 570

16 652 949

19 667 845

Мазут

тонна

15 746

19 925

14 815

Газ

мың м³

38 472

46 370

44 115

Жылу энегиясын өндірген кезде:

 

Өлшем бірлігі

Жұмсалған материалдар

Көлемі

2019

2020

2021

Көмір

тонна

764 291

1 446 269

898 922

Мазут

тонна

2 358

1740

2 913

Газ

мың м³

226 580

284 914

268 167

Өнімнің екі түрін өндіру кезінде қосалқы қажеттіліктерге:

 

Өлшем бірлігі

Жұмсалған материалдар

Көлемі

2019

2020

2021

Бензин

т

3 570

3 656

3 721

ДО

т

28 586

34 662

33 471

«Самұрық-Энерго» АҚ өнімі – бұл жылу және электр энергиясы, сондай-ақ энергетикалық көмір, тиісінше, экология­лық таңбалау және буып-түю туралы талаптар шығарылатын өнім түрлеріне қолданылмайды

Электр және жылу энергиясы отынның қазбалы түрлерін қолдану арқылы өндірілді. Көмірді, газды және мазутты жағу кезінде пайда болатын химиялық реакциялар тиісті бақылау болмаған жағдайда қоршаған табиғи ортаның қажетті сапасының жоғалуына әкелуі мүмкін бірқатар заттардың табиғи түзілуіне әкеледі.  Мұндай бақылау үшін Қазақстанда табиғатты қорғау және табиғи ресурстар құқығы түріндегі мемлекеттік реттеу жүйесі жұмыс істейді (толығырақ «Экологиялық санат» бөлімінде).

2021 жылы Компанияның өнімнің денсаулық пен қауіпсіздікке әсеріне қатысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмеу жағдайлары тіркелген жоқ.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның «жасыл» экономиканы дамытуға қосқан үлесі

Компания қағидаларды жоспарлы және үздіксіз ұстануды және орнықты даму саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкестікті ұстанады. ESG қағидаттарын енгізуді қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі жасыл қаржыландыру тетігі болып табылады.

«Жасыл» қаржы – бұл экологиялық таза, энергия тиімді және төмен көміртекті жобаларды іске асыруға бағытталған қаржы құралдары. «Жасыл» қаржыландырудың негізгі құралдары – «жасыл» облигациялар, жеңілдетілген несиелер, «жасыл» жобаларға субсидиялар және басқалар. Аталған қаржы құралдары «жасыл» жобаларды дамыту үшін қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанда «жасыл» қаржыландыру құралдарын шығару үшін қажетті құқықтық орта қалыптастырылды, оның ішінде «жасыл» жобалардың таксономия­сы енгізілді, «жасыл» облигациялар, «жасыл» кредиттер және басқа да қаржы құралдарын қоса алғанда, жасыл қаржыландырудың заңнамалық анықтамасы берілді.

2021 жыл ішінде компания «жасыл» қаржыландыру құралдары арқылы инвестициялар тарту процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «жасыл» қаржыландыру саласындағы қағидаттарды айқындайтын «жасыл» қаржыландыру саласындағы саясатты әзірледі. Саясатқа сәйкес Қоғам несие өнімдерінің икемділігін сақтау және даму барысында «жасыл» несие нарығының тұтастығын сақтау мақсатында «жасыл» несие нарығының барлық қатысушылары пайдалануға арналған Green Bonds Principles (GBP) және Green Loan Principles (GLP) қағидаттарын ұстанады.

2021 жылдың қараша айында Компания «Астана» халықаралық қаржы орталығы – Astana International Exchange қор биржасында 18,4 млрд теңге көлемінде «жасыл» облигация­лардың дебюттік шығарылымын жүзеге асырды. Облигацияларды орналастырудан түскен қаражат GBP және GLP қағидаттарына сәйкес жасыл қолайлы жобаларды қаржыландыруға бағытталды. Жасыл облигацияларды шығару шеңберінде компания облигациялардың жасыл облигациялар (Second Party Opinion) қағидаттарына сәйкестігі туралы тәуелсіз қорытынды алды.

Климаттың өзгеруіне байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ қызметі үшін қаржылық аспектілер және өзге де тәуекелдер мен мүмкіндіктер

Бүкіл әлемде климаттың өзгеру мәселесі туралы бірнеше ондаған жылдар бойы айтылып келеді. Әлемдік қоғамдас­тықтың осы мәселе бойынша алаңдаушылығына БҰҰ-ның 1992 жылы 180-нен астам ел қол қойған Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (БҰҰ КӨНК) дәлел болып табылады.

Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдалануға энергетикалық көшудің 4 (төртінші) кезеңіне аяқ басты. Экономиканы және халықты қолжетімді энергия ресурстарымен қамтамасыз ету, әлемдік энергия қауіпсіздігін нығайту және қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту бойынша әлемдік қоғамдастық алдында тұрған жаһандық міндеттерді шешуге бағытталған көміртексіздендіру, әртараптандыру және цифрландыру осы кезеңнің негізгі ерекшеліктері болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстандағы шығарындылардың ең ірі көзі елдегі барлық парниктік газдар шығарындыларының шамамен 80%-ын өндіретін энергетикалық сектор болып табылатынын, ал «Самұрық-Энерго» АҚ үлесі шығарындылардың жалпы көлемінің 9%-ын құрайтынын ескере отырып, Компания активтерін көміртексіздендіру мәселесін шешу бүгінгі күні күрделі міндет болып табылады. Компанияның энергияға көшу бағдарламасын қалыптастыру кезінде көміртегі ізін азайту мақсатына қол жеткізу, тұтынушыларға қолжетімді бағамен электр энергиясын сенімді жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ орналасқан өңірлерде жұмыс орындарын сақтау арасындағы теңгерімді сақтау өте маңызды.

Сарапшылардың пікірін негізге ала отырып, «Самұрық-
Энерго» АҚ ұйымның мәнмәтінін анықтауда және энергия­ға көшу стратегиясын әзірлеу кезіндегі SWOT-талдауда климаттық тәуекелді ескереді. Әділдігін айта кету керек, көп жағдайда дамыған елдердің мүмкіндіктері ретінде анықталған көміртексіздендіру бойынша жаһандық үрдіс­тер дамушы елдер үшін көбінесе тәуекелдер мен сын-қатерлер болып табылады. Бір жағынан, дамудың жаһандық трендтерін ұстанудың созылуы қоршаған ортаға антропогендік әсер етумен байланысты әлеуметтік шығындарға және заманауи технологиялар мен қаржылық ресурстарға қол жетімділікті шектеуге әкеледі, бірақ екінші жағынан, ауысуды жеделдету энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты проблемалар туралы айтпағанның өзінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуға, индустриясыздандыруға, электр энергиясына бағаның өсуіне, дәстүрлі салаларда жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін.

Электр энергетикасы саласының экологияға тигізетін әсерінің маңызын сезіне отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу бойынша мемлекеттің күш-жігерін қолдайды және осы кезеңде өзінің алдына дәстүрлі генерация үлесін сақтау, жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңғырту және ЖЭК жобаларын іске асыру, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, сондай-ақ баламалы энергетиканы дамыту арқылы қоршаған ортаға әсерді барынша азайту міндетін қояды.

Компания процестері мен өнімдерінің көміртекті сыйымдылығын төмендету бойынша негізгі бағыттар мен мақсаттар Компанияның Даму стратегиясында, Экологиялық сая­сатында және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергияға көшу бағдарламасында көрсетілген.

Климаттың өзгеруі мәселесі бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ жағдайына жасалған SWOT-талдау

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2022–2060 жылдарға арналған энергетикалық ауысу бағдарламасы

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы жаһандық үрдістер энергетикалық ауысудың негізгі драйверлеріне айналды, оның ішінде:

  1. 2015 жылғы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының XXI конференциясында қабылданған, бүкіл әлем мемлекеттеріне парниктік газдар шығарындыларын азиаты ынталандыруға және сол арқылы жер атмосферасы температурасының өсуін 2 0С-ден аспайтын деңгейде тежеуге үлес қосуға арналған Париж келісімі.
  2. Халықаралық және көміртекті реттеу және «Еуропаның жасыл пактісі» (European Green Deal) шеңберінде ЕО-да «Carbon Border Adjustment Mechanism» (CBAM) трансшекаралық көміртегі тетігін енгізу. Бұл тетіктің ЕО сауда серіктестері, оның ішінде Қазақстан үшін де елеулі салдарлары болмақ. Сәтті іске асырылған жағдайда, 2023 жылғы 1 қаңтарда бастапқы енгізілгеннен кейін, CBAM парниктік газдар шығарындылары үшін шекаралық алымдарды енгізудің алғашқы мысалы болады.
  3. 2021 жылғы 01 шілдеден бастап ҚР Экологиялық кодексін қатаңдату, осы құжат шеңберінде атмосфераға парниктік газдар шығарындылары бойынша талаптар күшейтілді және ҚР шығарындыларын сату жүйесі енгізілді.
  4. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған кезекті жыл сайынғы Жолдау, онда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіпті, экономиканы экологияландыру жағына қарай бағытталған жаһандық трендті атап өтті және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндетін айқындады.
  5. Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты дамуының жаһандық 17 мақсатына, оның ішінде климаттың өзгеруіне қарсы күреске және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мақсаттарға бе­йілділігі.

«Самұрық-Энерго» АҚ құрамына электр энергиясын дәстүрлі отын (газ, көмір) арқылы өндіретін үш ірі энергия өндіруші ұйым – «­ЕГРЭС-1» ЖШС, «СЭГРЭС-2» АҚ және «АлЭС» АҚ кіреді, сондай-ақ көмірді ашық тәсілмен өндіруді жүзеге асыратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі –«Богатырь Көмір» ЖШС кіреді.

Көмір стратегиялық ресурс болып табылады, және ең қол жетімді, арзан және сәйкесінше сұранысқа ие энергия көзі. Еліміздегі көмір саласы Қазақстанда электр энергиясының шамамен 70%-ының өндірілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың және коммуналдық-тұрмыстық сектордың отынға қажеттілігін толық қанағаттандырып отыр.

Алдағы онжылдықтарда дәстүрлі энергия көздері елдің энергетикалық жүйесінде маңызды рөл атқар бермек. Компания активтеріндегі дәстүрлі генерацияның басым үлесін ескере отырып, отынның қазбалы түрлерін пайдаланудағы СО2 шығарындыларын азайту Компания қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

Электр энергетикасы саласының экологияға әсерінің маңыздылығын түсіне отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу бойынша мемлекеттің күш-жігерін қолдайды және осы кезеңде дәстүрлі генерация үлесін сақтау, жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңғырту және ЖЭК жобаларын іске асыру, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, сондай-ақ баламалы энергетиканы дамыту жолымен қоршаған ортаға әсерді барынша азайту міндетін алдына қойып отыр.

Бүгінгі таңда компанияда энергияға ауысу бағдарламасының жобасы әзірленді. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергияға ауысу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мемлекеттің экология­лық саясаты саласындағы ұзақ мерзімді сипаттағы шешімдерді келісу және негіздеу бойынша мүдделі министрліктер мен сарапшылар қоғамдастығының құзыретін кеңейтуді талап етеді. Бағдарламаның өз еліміз үшін ғана емес, халықаралық маңызы да бар.

Болашақта Бағдарлама көптеген нақты шешімдер мен әрекеттер негізінде қолдау табуы тиіс. Қазіргі уақытта сценарийлерді ескере отырып, дамудың негізгі бағыттары қалыптасты. Сонымен қатар, технологияларды дамыту, жаңа экотрендтер және заңнаманың өзгеруі бойынша жаңа ақпарат алу (көміртегі офсеттерінің есептері, трансшекаралық көміртегі салығы, таксономия және т. б.) келешекте Бағдарламаны өзектіндіруге ықпал ететін болады.