Жедел желі
Пошталық мекенжайы: sk.hotline@deloitte.kz
Телефон:
8 800 080 19 94
«Самұрық-Энерго» АҚ қызметі қағидаттарының бір – Комплаенс. Ережелерді ұстану біздің ортақ мақсаттар, мінез-құлық мәдениеті және дәстүрлер біріктірген кәсіпқойлар командасы болып қалуымызға мүмкіндік береді, сондай-ақ Компанияның өзінде де, сондай-ақ іскер серіктестермен де, клиенттермен де өзара түсіністікті тиісті деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.
Комплаенс бағытының негізгі міндеті «Самұрық-Энерго» АҚ
компаниялар тобының қызметінде туындайтын комплаенс-тәуекелдерді анықтау, бағалау, болдырмау және бақылау бойынша іс-шараларды жүргізу, сыбайлас жемқорлық пен парақорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру және комплаенс тәуекелдерінің алдын алу болып табылады.
Компания мына принциптерге негізделген өз ұстанымын қалыптастырды:
- Басшылық тарапынан комплаенс жүйесін дамытуға белсенді қатысу және қолдау: Компанияның Директорлар кеңесі комплаенс бағдарламасын іске асыру туралы есептерді мерзімді негізде қарайды.
- Компания сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және кейіннен өзектендіру бойынша іс-шараларды жүйелі түрде өткізеді.
- Компания анықталған тәуекелдердің деңгейі мен сипатына сай келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл рәсімдерін әзірлеп, енгізеді, ішкі саясат пен рәсімдерді жетілдіреді және өзектендіреді.
- Компания қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкестік қағидаттары мен стандарттарына оқыту бағдарламасын іске асырып, қолдайды.
- Компания сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша енгізілген рәсімдердің тиімділігіне мониторинг жүргізеді.
- Компанияны сыбайлас жемқорлыққа тарту тәуекелін азайту мақсатында Компанияда контрагенттерге де, сондай-ақ жеке тұлғаларға да қатысты сенімділікті тексеру рәсімдері (Due diligence) әзірленді. Компанияның комплаенс бағдарламасының негізгі құралдарының бірі Компаниямен қарым-қатынасқа түсетін үшінші тұлғалардың, серіктестердің, контрагенттердің сенімділігін тексеру болып табылады. Қызмет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және іскерлік беделді жоғалту тәуекелдерін болдырмау мақсатында үшінші тұлғалардың сенімділігін тексеру тәжірибесін енгізді. Компаниямен жұмыс істейтін іскерлік серіктестерге, жеткізушілерге және басқа да үшінші тұлғаларға Мінез-құлық кодексінің ережелерін қолдану мақсатында үлгілік шаруашылық шарттарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер» нормалары енгізілді.
Компанияның Комплаенс бағдарламасын Директорлар кеңесі мен Басқарма толық қолдайды және ол «Самұрық-Энерго» мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады.
2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аясында «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының ұйымдық құрылымына комплаенс офицерлері лауазымдары енгізілді.
2021 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының комплаенс офицерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы, салықтық декларациялау туралы, жедел желі жұмысының тәртібі туралы түсіндіру мақсатында 50-ден астам оқыту іс-шарасын өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандарына мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері үшін комплаенс саясатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада қабылданған талаптарды түсіндіру бойынша оқыту іс-шаралары өткізілді.
2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шеңберінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды:
- 2021 жылғы 15 сәуірде «Самұрық-Энерго» АҚ, «Kazakhstan Bar Association» Заң Консультанттары Палатасы (KazBar) және «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ (LPRC) арасында Ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды;
- «Самұрық-Энерго» АҚ мен еншілес және тәуелді ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және ДК-нің 06.11.2020 ж. №11/20 шешімімен бекітілді;
- «Самұрық-Энерго» АҚ барлық компаниялар тобының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері Мінез-құлық кодексінің талаптарымен, Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясатпен 100% танысты, қызметкерлер тест тапсырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты мен әдістерін оқыту
Атауы |
Барлығы |
Әкімшілік-басқару қызметкерлері |
Өндірістік қызметкерлер |
Оқыту нақты |
«Самұрық-Энерго» АҚ |
167 |
167 |
– |
100 % |
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС |
509 |
56 |
453 |
100 % |
«Мойнақ СЭС» АҚ |
123 |
22 |
101 |
100 % |
«Шардара СЭС» АҚ |
137 |
20 |
117 |
100 % |
«Екібастұз ГРЭС-2» АҚ |
1417 |
86 |
1331 |
100 % |
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ |
3822 |
129 |
3693 |
100 % |
«АлЭС» АҚ |
3116 |
174 |
2942 |
100 % |
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС |
1393 |
115 |
1278 |
100 % |
«Богатырь Көмір» ЖШС |
7298 |
472 |
6826 |
100 % |
«Samruk-Green Energy» ЖШС |
22 |
8 |
14 |
100 % |
«БЖЭС» ЖШС |
29 |
11 |
18 |
100 % |
«Энергия Семиречья» ЖШС |
21 |
21 |
– |
100 % |
«Бұқтырма СЭС» АҚ |
10 |
10 |
– |
100 % |
«Тегіс Мұнай» ЖШС |
3 |
3 |
– |
100 % |
«Ereymentau Wind Power» ЖШС |
14 |
14 |
– |
100 % |
«Қазгидротехэнерго» ЖШС |
2 |
2 |
– |
100 % |
«Energy Solutions Center» ЖШС |
68 |
18 |
50 |
100 % |
БАРЛЫҒЫ |
18 151 |
1 328 |
16 823 |
100 % |
Комплаенс бағдарламасы шеңберінде барлық қызметкерлер мен мүдделі тараптарға заңнаманы, реттеуші талаптарды және этика мен комплаенс мәселелері бойынша ішкі құжаттарды нақты және болжамды бұзушылықтарға қатысты өздерінің алаңдаушылықтары туралы хабарлай алуы үшін Бастамашылықпен ақпараттандыру желісі (жедел желі/Speak up) ретінде коммуникация құралдары ұсынылды. Бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарға құпия және жасырын негізде хабарлама жіберу мүмкіндігі берілді, сондай-ақ қысым жасамауға және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға кепілдіктер беріледі. Үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес және хабарлау-шылардың мүдделерін қорғау үшін жедел желіге «Делойт» тәуелсіз компаниясы әкімшілік етеді, жедел желіге келіп түскен барлық шағымдар мен өтініштер тіркеліп, кәсіби және құпия қарауды қамтамасыз ететін «Комплаенс» қызметіне беріледі. Хабарламаны барынша тиімді өңдеу мақсатында байланыс ақпаратын ұсыну функциясы бар, бірақ сондай-ақ жасырын хабарлама қалдыруға болады. Жасырын шағымдар бойынша жауаптар тәуелсіз компанияға оларды кейіннен өтініш берушіге жіберу үшін беріледі.
2021 жылы Компанияның «Комплаенс» қызметі Компанияға және «жедел желіге» келіп түскен 70 өтініш пен шағымды қарады. Өтініштер мен шағымдарды қарау шеңберінде Аудит комитетінің тапсырмасы бойынша тексерулер мен тергеулер, сондай-ақ Жоспарлы тексерулер комплаенсы жүргізілді. Аудит қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша процестерде заңнама мен ішкі құжаттардың талаптарын бұзушылықтар анықталды, тәуекелдерді жою және азайту бойынша ұсынымдар берілді, басшылар мен жауапты қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Компаниялар тобы бойынша «АЖК» АҚ АЭЖ бас инженерінің әрекеттерінде 1 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді. 2021 жылғы 2 қарашадағы сот үкіміне сәйкес қызметкер кінәлі деп танылды. Осыған ұқсас жағдайларға жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандарына мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері үшін комплаенс саясатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада қабылданған талаптарды түсіндіру бойынша оқыту іс-шаралары өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұзушылықтарға байланысты іскерлік серіктестермен шарттарды бұзу жағдайлары тіркелген жоқ.
2021 жылы кемсітушілік жағдайлары тіркелген жоқ.
