«Самұрық-Энерго» АҚ акцияларының 100%-ы Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі (www.sk.kz).

Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынас жасау оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен құрметтеуді қамтамасыз етуден тұрады және адалдыққа, есептілікке, жауапкершілік пен ашықтыққа негізделген.

Жалғыз акционер қызметтің басым міндеттері мен стратегиялық бағыттарын белгілей отырып, Компанияны басқарады.

Жалғыз акционердің құқықтарын іске асыру «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Самұрық-Энерго» АҚ Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалғыз акционердің негізгі шешімдері

Жалғыз акционер есепті жылы мынадай негізгі мәселелерді қарады:

2021 жылғы 12 сәуір (№13/21 хаттама) – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілігін, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2020 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту туралы.

2021 жылғы 30 маусым (№28/21 хаттама) – «Самұрық-Энерго» АҚ Жарғысына толықтырулар енгізу туралы.

2021 жылғы 28 қазан (№49/21 хаттама) – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 11 Портфельдік компаниясында Корпоративтік басқаруды тәуелсіз диагностикалау нәтижелері туралы.

Акционерлік капиталдың құрылымы

Компания қызметінің қорытындысы бойынша, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жарияланған бағалы қағаздар саны 8 602 187 данаға жетті, орналастырылған бағалы қағаздар саны – 5 601 812 дана. Бір жай акцияның номиналдық құны 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 10 000 теңгені құрады.

Бір акцияға шаққандағы пайда және бір акцияның баланстық құны

Акцияға шаққандағы базалық пайда «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы акционерлерінің үлесіне тиетін пайданың жыл ішінде айналыста болған жай акциялардың орташа санына қатынасы ретінде есептеледі. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында таратылмалы әлеуетті жай акциялар жоқ, демек, акцияға шаққандағы таратылмалы пайда акцияға шаққандағы базалық пайдаға сәйкес келеді.

Қазақстандық теңгемен, мың

2021 ж.

2020 ж.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының акционерлеріне тиесілі бір жылдағы пайда (мың теңгемен)

15,046,311

8,007,623

Айналыстағы  жай акциялардың орташа саны

5,601,812

5,601,812

«Самұрық-Энерго»АҚ компаниялар тобының акционерлеріне тиесілі акцияға шаққандағы пайда (теңгеге дейін дөңгелектелген)

2,686

1,429

БІР АКЦИЯНЫҢ БАЛАНСТЫҚ ҚҰНЫ

«Қазақстан қор биржасы» АҚ Биржалық кеңесінің 2010 жылғы 4 қазандағы шешіміне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікте ҚҚБ бекіткен қағидаларға сәйкес есептелген күнгі бір акцияның (жай және артықшылықты) баланстық құны туралы деректер болуға тиіс. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының басшылығы шоғырландырылған қаржылық есептілік деректері негізінде есептеген бір акцияның (жай және артықшылықты) баланстық құны 88,985 теңге (2020 жылғы 31 желтоқсанда: 86,937 теңге) құрады. Төменде бір акцияның баланстық құнын есептеу кестесі берілген:

Қазақстандық теңгемен, мың

2021 ж.

2020 ж.

Активтер жиыны

939,820,011

885,705,149

Минус: материалдық емес активтер

(4,165,145)

(3,570,398)

Минус: міндеттемелер жиыны

(437,179,560)

(395,129,513)

Жай акциялар үшін таза активтер

498,475,306

487,005,238

31 желтоқсандағы жай акциялар саны

5,601,812

5,601,812

Бір акцияның баланстық құны, теңге

88,985

86,937

ДИВИДЕНДТІК САЯСАТ

Компанияның Дивидендтік саясаты Жалғыз акционердің мүдделерін сақтау, Компанияның ұзақ мерзімді құнын ұлғайту, дивидендтердің мөлшерін айқындау тетігінің ашықтығы және Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

Дивидендтер мөлшері Компанияның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес дайындалған жылдық аудит жүргізілген қаржылық есептілігінде көрсетілген ұйымның таза кірісінің сомасына сүйеніп есептеледі.

Жалғыз акционердің шешімдеріне сәйкес төленген дивидендтердің мөлшері

Кезең

Сома

2021 ж. (2020 ж. нәтижелері бойынша)

3 142 143 450

2020 ж. (2019 ж. нәтижелері бойынша)

3 066 231 000

2019 ж. (2018 ж. нәтижелері бойынша)

2 041 000 000