№ р/с

Көрсеткіш, млн теңге

2019
(нақты)

2020
(нақты)

2021
(нақты)

2022
(болжам)

2023
(болжам)

1

Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен табыс

243 722

283 010

332 537

378 964

423 928

1.1.

Электр энергиясын өндіру

169 369

207 917

253 593

275 737

310 351

1.2.

Энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдардың электр энергиясын сатуы

100 171

106 911

125 685

146 617

161 635

1.3.

Жылу энергиясын өндіру

16 781

19 202

18 703

19 244

19 628

1.4.

Электр энергиясын жеткізу және  бөлу

38 028

40 685

46 428

50 413

57 040

1.5.

Химиялық тазартылған суды сату

1 515

1 626

1 781

1 787

1 791

1.6.

Жалға беру

3 925

4 041

3 930

8 005

10 627

1.7.

Өзгелер

2 555

3 181

3 702

5 089

5 351

2

Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

(195 891)

(225 185)

(254 847)

(292 079)

(326 183)

2.1.

Электр энергиясын өндірудің өзіндік құны

(130 934)

(156 182)

(183 478)

(204 488)

(232 865)

2.2.

Энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдардың электр энергиясын сатудың өзіндік құны

(101 280)

(111 195)

(128 428)

(146 118)

(161 127)

2.3.

Жылу энергиясын өндірудің өзіндік құны

(16 338)

(18 804)

(19 306)

(20 027)

(21 191)

2.4.

Электр энергиясын жеткізудің өзіндік құны

(32 543)

(54 365)

(39 358)

(44 976)

(49 008)

2.5.

Химиялық тазартылған суды сатуды өзіндік құны

(1 356)

(1 679)

(1 848)

(1 789)

(1 868)

2.6.

Негізгі қызметтің өзге түрлерінің өзіндік құны

(832)

(946)

(767)

(1 233)

(1 222)

 

Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациясы

(54 223)

(57 331)

(55 168)

(58 030)

(66 344)

3

Жалпы пайда

47 832

57 826

77 690

86 885

97 745

4

Қаржыландырудан түскен табыс

2 377

2 916

2 616

633

709

5

Өзге табыстар (1) (2)

5 376

4 637

7 278

982

1 034

6

Өнімді сатуға және қызметтерді көрсетуге жұмсалған шығындар

(7 999)

(10 202)

(9 029)

(8 235)

(8 584)

7

Жалпы және әкімшілік шығындар

(12 710)

(15 826)

(14 793)

(15 051)

(14 840)

8

Операциялық табыс

27 123

31 798

53 868

63 599

74 320

9

Амортизация, пайыздар және КТС бойынша аударымдарға дейін пайда (EBITDA)

82 487

99 728

123 447

130 173

168 907

10

Қаржыландыруға жұмсалған шығын 

(32 319)

(31 025)

(30 139)

(23 799)

(21 300)

11

Негізгі емес қызметтен болған өзге шығындар  (3) (4) (5) (6)

(1 920)

(4 061)

(23 354)

(137)

(141)

12

Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдардың пайда/ залал үлесі және инвестициялардың құнсыздануы

11 191

9 474

13 455

7 619

27 416

13

Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)

0

0

0

0

0

 

Еншілес ұйымдардың  шығып кетуінен түскен пайда (залал)

0

0

0

0

0

14

Салық салғанға дейінгі пайда (залал)

11 829

13 739

23 723

48 897

82 039

15

Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар

(4 717)

(5 655)

(8 377)

(13 118)

(15 140)

16

Азшылықтың үлесін шегергенге дейінгі қорытынды пайда (залал)

7 111

8 083

15 347

35 778

66 899

17

Азшылықтың үлесі

276

76

300

641

858

18

Топ Акционерлеріне тиесілі қорытынды пайда

6 835

8 008

15 046

35 138

66 041

1.ҚЕ-тегі алынған несиелерден туындайтын бағам айырмашылығы бойынша кірістер/шығыстар қаржылық кірістер/шығыстарда айырмашылықтың түріне қарай оң немесе теріс болып көрсетіледі. Бағамдық айырманың қалған бөлігі басқа кірістерде/шығындарда көрсетіледі. Басқару есебінде валюта бағамы бойынша кез келген кірістер/шығыстар басқа кірістер/шығыстарда көрсетіледі

2. ҚЕ-де құнсызданудан болған залал (НЕТТО) «Құнсызданудан болған залалдар/қаржылық емес активтерді қалпына келтіруден түскен табыстар (нетто)» бабында көрсетілді.

Ескертпе: Табыстар мен өзіндік құнды ашып көрсету қызметтер түрі бөлігінде келтірілді (сегменттер бойынша емес) және алып тастауды ескермей көрсетілді.

2021 жылы «Самұрық-Энерго» компаниялары тобы бойыншаӨНІМДЕРДІ САТУДАН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН ТҮСКЕН КІРІСТЕР332 537 млн теңгені құрады:

Шоғырландырылған түсімнің өсуі тарифтер мен электр энергиясын сату көлемінің өсуі есебінен электр энергиясын өндіру сегменті бойынша болды. «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бойынша негізгі өсім ішкі нарықта электр энергиясына сұраныстың өсуіне, сондай-ақ босату тарифінің ұлғаюына байланысты ішкі нарықта электр энергиясын сату көлемінің 18%-ға ұлғаюы есебінен байқалады.

ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША 2021 ЖЫЛҒЫ КІРІСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Электр энергиясын беру бойынша түсімнің ұлғаюы электр энергиясын беру көлемінің 812 млн кВтс (12%) өсуіне және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру тарифінің 5,95 теңге/кВт*сағаттан 6,07 теңге/кВт*- сағатқа дейін өсуіне байланысты.

Сату (өткізу) сегменті бойынша түсімнің өсуі электр энергиясын өткізу көлемінің 668 млн кВтс (11%) және «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясын өткізу тарифінің 17,66 теңге/кВт*сағаттан 18,69 теңге/кВт*сағатқа дейін ұлғаюымен байланысты.

Болашақ кезеңге арналған болжам: 2022 жылға арналған болжамда сатудан түсетін кіріс табыс 378 964 млн теңге мөлшерінде жоспарланған, бұл 2021 жылғы фактіден 46 427 млн теңгеге немесе 14%-ға жоғары. Өсім электр энергиясын өндіру мен беру тарифтерінің өсуіне байланысты.

2023 жылға арналған болжамда негізінен электр энергиясын сату, беру және өткізу көлемінің өсуі есебінен, сондай-ақ электр энергиясын өндіруге, беруге және сатуға арналған тарифтердің өсуі есебінен электр энергиясын өндіру бойынша табыстың өсуіне байланысты 2022 жылғы болжамда табыстың ұлғаюы байқалады.

Өндірушілер бойынша бөле отырып, өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түсетін табыс

Көрсеткіш, млн теңге

2019 (нақты)

2020 (нақты)

2021 (нақты)

2022 (болжам)

2023 (болжам)

Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен табыс

243 722

283 010

332 537

378 964

423 928

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

108 017

123 478

166 366

174 846

195 733

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

100 171

106 911

125 685

146 617

161 635

«Алматы Электр Станциялары» АҚ

64 047

74 481

78 654

88 385

95 002

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

38 167

40 819

46 594

50 585

57 414

«Мойнақ СЭС» АҚ

9 883

20 520

19 003

21 642

23 870

«Шардара СЭС» АҚ

2 279

6 761

7 183

8 721

9 282

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС

4 592

5 031

4 881

5 570

6 350

«Бұқтырма СЭС» АҚ

3 924

4 040

3 927

8 005

10 627

«Ereymentau Wind Power» ЖШС

 

 

 

403

4 345

«Energy Solution center» ЖШС

1 105

1 287

1 128

1 645

1 672

«Samruk-Green Energy» ЖШС

158

236

399

475

493

Топішілік айналымдар (алып тасталынған)

–88 621

–100 554

–121 285

–127 929

–142 496

Компанияның негізгі қызметінен түскен табысының негізгі үлесін «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Алматы Электр Станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС құрайды. Сонымен қатар, табыстарды шоғырландырған кезде жалпы сомадан негізінде энергия өндіруші және үйлестіруші компаниялар бойынша топішілік айналымдар алынып тасталады.

Өнім мен көрсетілетін қызметтің өзіндік құны

Көрсеткіш, млн теңге

2019 (нақты)

2020 (нақты)

2021 (нақты)

2022 (болжам)

2023 (болжам)

Отын

52 340

59 109

60 320

69 214

71 508

Еңбекақы және онымен байланысты шығындар

26 775

29 394

34 120

36 524

38 187

Сатып алынған электр энергиясының құны

13 673

22 865

42 426

53 388

69 791

Электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша қызметтер

7 692

10 094

8 718

10 006

9 924

Негізгі құралдардың тозуы және НМА-ның амортизациясы

54 227

57 331

55 168

58 030

66 344

Жөндеу және ұстап тұру

6 879

8 520

9 901

12 694

13 281

Электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер

10 331

11 494

13 239

13 103

13 909

Материалдар

1 844

1 713

1 930

2 343

2 360

Сумен қамтамасыз ету

3 962

4 847

6 329

6 697

7 121

Желілердегі шығындар

193

2

2

5

5

Салықтар, табыс салығын қоспағанда

4 586

4 704

4 923

5 976

7 194

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем

4 338

4 616

7 802

9 220

10 189

Бөгде ұйымдардың қызметтері

5 383

6 003

5 649

11 439

12 770

Өзгелер

3 668

4 492

4 320

3 440

3 600

БАРЛЫҒЫ

195 891

225 185

254 847

292 079

326 183

(1) ҚЕ-де 2018–2020 жж. қоршаған ортаға енгізілген эмиссиялар үшін төлем «Салықтар, табыс салығын қоспағанда» бабында көрсетілді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша өзіндік құн 254 847 млн теңгені құрады, бұл 2020 ж. фактіден 13%-ға жоғары. Шығыстардың ұлғаюы негізінен көмір шығындарының өсуіне (электр энергиясын өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен) және ЕАҚО ЖШС-дан ЖЭК-тен сатып алынатын электр энергиясы шығындарына (сатып алу көлемінің өсуі) байланысты. Сондай-ақ тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне байланысты шығыстардың ұлғаюы байқалады. Бұл ретте 31.12.2020 ж. жүргізілген НҚ-ны қайта бағалау нәтижесінде негізінен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС есебінен амортизацияның азаюы байқалады.

ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗІНДІК ҚҰННЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Алдағы кезеңге болжам 2022 және 2023 жылдарға арналған болжамда тауарлар мен қызметтердің бағасына байланысты өзіндік құн артады.

САТУҒА АРНАЛҒАН ШЫҒЫСТАР,млн теңге

ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫСТАР,млн теңге

2021 жылдың қорытындысы бойынша сатуға жұмсалған шығыстар 2020 жылмен салыстырғанда 1 173 млн теңгеге (11%-ға) азайды және 9 029 млн теңгені құрады. Бұл ауытқу 2020 жылмен салыстырғанда экспорттың 53%-ға төмендеуі, сондай-ақ 2021 жылы «KEGOC» АҚ қызметтеріне бағалардың төмендеуі есебінен туындады.

Алдағы кезеңге арналған болжам: 2022 жылға арналған болжамда өнімді сатуға арналған шығыстар 8 235 млн теңге мөлшерінде жоспарланған, бұл 2021 жылғы фактіден 794 млн теңгеге немесе 9%-ға төмен. Төмендеу экспорт көлемін алып тастауға байланысты.

ҚАРЖЫЛЫҚ ШЫҒЫСТАР,млн теңге

2021 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік шығыстар 14 793 млн теңгені құрады, бұл 1 033 млн теңгеге немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға аз. Төмендеу негізінен 2020 жылы ҚҚС бойынша салықтарды қосымша есептеу және өсімпұлдарды есептеу есебінен «Бұқтырма СЭС» АҚ бойынша.

Алдағы кезеңге арналған болжам: 2022 жылға арналған болжамда әкімшілік шығыстар 2021 жылғы деңгейден жоғары және 15 051 млн теңгені құрайды. Ұлғаюы негізінен персоналдың жалақысын индекстеу есебінен.

2021 жылдың қорытындылары бойынша қаржылық шығыстар 30 139 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылғы нақты мәннен 886 млн теңгеге төмен. Төмендеу негізінен негізгі қарызды өтеуге байланысты «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бойынша.

Алдағы кезеңге арналған болжам: : 2022 жылға арналған болжамда қаржыландыруға арналған шығыстар 23 799 млн теңгені құрайды. Ауытқу негізінен АДБ-дан тартылған қарызды мерзімінен бұрын өтеуді жоспарлауға, сондай-ақ қарыз тартудың өзгеруіне байланысты «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Ereymentau Wind Power» ЖШС бойынша шығыстардың төмендеуіне байланысты КО бойынша негізделген.

Бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардың пайдасындағы үлес және инвестициялардың құнсыздануы

Көрсеткіш, млн теңге

2019 (нақты)

2020 (нақты)

2021 (нақты)

2022 (болжам)

2023 (болжам)

Бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардың пайдасындағы үлес

11 191

9 474

13 455

7 619

27 416

2021 жылғы үлестік пайда 13 455 млн теңгені құрады, ұқсас кезеңге қарағандағы өсім 3 981 млн теңгеге немесе 42%.

Негізгі өзгерістер мынадай активтер бойынша болды:

ЭГРЭС-2 (50 %) ) – 2021 жылғы пайда 2 206 млн теңгені құрады, 2020 жылғы (1 853) млн теңге залал кезінде, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда пайданың 4 059 млн теңгеге ұлғаюы негізінен негізгі қызметтен түскен табыстың өсуі нәтижесінде (сату көлемі мен электр энергиясына тарифтің өсуі) операциялық пайданың 4 054 млн теңгеге ұлғаюымен байланысты.

Forum Muider (50 %) ) – 2021 жылғы пайда 11 383 млн теңгені құрады, 2020 жылғы пайда 11 504 млн теңгені құрады, (122) млн теңгеге кему негізінен өзіндік құн және ОАР бойынша шығыстардың өсуі нәтижесінде операциялық пайданың төмендеуі есебінен болды.

ӨТІМДІЛІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Сыртқы кредиторлардың ковенантты орындауы:

Ковенант

Норматив

2019  Нақты

2020 Нақты

2021 Нақты

Ескертпе

Қарыз/EBITDA  (ЕҚДБ, АДБ)

3,5-тен аспайды

3,31

2,96

2,70

Сақталады

EBITDA/Пайыздар (ЕҚДБ, АДБ)

3,0-тен кем емес

3,34

3,76

5,00

Сақталады

Қарыз/Меншікті капитал (ҚДБ)

2,0-ден аспайды

0,56

0,54

0,59

Сақталады

Атауы

2018 Нақты

2019 Нақты

2020 Нақты

2021 Нақты

Қарыз/EBITDA

3,18

3,31

2,96

2,7

Қарыз/Меншікті капитал

0,65

0,56

0,54

0,59

Ағымдағы өтімділік

1,04

0,70

0,75

0,53

2021 жылдың қорытындылары бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-да кредиторлардың қаржылық және қаржылық емес ковенанттары сақталды, олар жартыжылдық негізде тіркеледі.

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ акционерде көзделген қаржылық тұрақтылық коэффициенттері бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Қарыздық жүктеменің өсуі

2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Компанияның шоғырландырылған номиналды қарызы 349,9 млрд теңгені құрады, есепті кезеңде номиналды қарыздың өсуі 2020 жылдың қорытындыларымен салыстырғанда (325,4 млрд теңге) – 24,5 млрд теңгені құрады.

2021 жылы номиналды қарыздың өсуі «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС станциясында жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы №1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасын іске асырумен байланысты.

Қоғамның валюталық және инфляциялық тәуекелдерді нивелирлеуі шеңберінде 2019–2021 жылдары мынадай іс-шаралар өткізілді:

Теңгемен валюталық міндеттемелерді қайта қаржыландыру жүргізілді – «Мойнақ СЭС» АҚ 148 млн АҚШ долларына, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ шамамен 100 млрд теңге сомаға. Нәтижесінде кредиттік портфельдегі валюталық міндеттемелердің үлесі 17%-дан 1%-ға дейін төмендеді (ГРЭС-2-ні ескергенде, әсері осы көрсеткіштерден жоғары).

Инфляциялық тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында ЕҚДБ қарыздарын 21 млрдтеңге сомаға мерзімінен бұрын өтеу бойынша жұмыстар жүргізілді, оның 18 млрд теңгесі AIX алаңында Қоғамның алғашқы жасыл облигацияларын шығару есебінен өтелді.

Пайыздық шығыстарды оңтайландыру

Жоспарлы (20,8 млрд теңге) және қарызды мерзімінен бұрын өтеу (36,9 млрд теңге) есебінен сыйақы шығыстарын төмендету, қаржыландыру шарттарын өзгерту және жаңа баламалы қаржыландыру көздерінен Топтың қазіргі қарыз­дарын қайта қаржыландыру есебінен сыйақы мөлшерлемелерін төмендету бойынша жұмыстар жүргізу.

Кредиттік рейтинг (Fitch Ratings)

2021 жылдың қорытындылары бойынша Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ» деңгейінде растады, болжам «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» өзгертілді.

Мәмілелер

Елеулі, ірі мәмілелер, жасалуына мүдделілік бар мәмілелер және өзге де елеулі мәмілелер бойынша ақпарат «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қаржылық есептілігінде ашылады (2-том).

Айыппұлдар

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша елеулі айыппұлдар мен қаржылық емес санкциялардың жалпы мөлшері

2021 жыл

Еңбек бойынша (тексерулер саны)

5

Айыппұлдар сомасы (мың теңге)

0

Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша

3

Айыппұлдар сомасы (мың теңге)

656,325

Өрт қауіпсіздігі бойынша

8

Айыппұлдар сомасы (мың теңге)

451,76

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бойынша

10

Айыппұлдар сомасы (мың теңге)

3098,375

Энергетикалық қадағалау және бақылау бойынша

24

Айыппұлдар сомасы (мың теңге)

291,7

Барлық тексерулер бойынша айыппұлдардың барлық сомасы (мың теңге)

4498,16

Бәсекелестікке кедергі келтіру және монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық орын алған жағдайлар есепті жыл ішінде тіркелген жоқ.

Елеулі айыппұлдардың ақшалай мәні және экологиялық заңнама мен нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін салынған қаржылық емес санкциялардың жалпы саны «Экология» бөлімінде көрсетілді.

Уәкілетті мемлекеттік органдар (еңбек инспекциясы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, энергетикалық қадағалау және бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау) заңнама талаптарының сәйкестігіне тексеру жүргізді және қаржылық санкцияларды салмай 33 ұйғарым актісі берілді.

Салыстырмалы талдау (бенчмаркинг)

Бенчмаркинг – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның маңызды басқару элементтерінің бірі. Бенчмаркингті жүргізудің мақсаты «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін шетелдік ұқсас компаниялармен операция­лық және қаржылық көрсеткіштерді салыстыру болып табылады. Бенчмаркинг үшін мынадай көрсеткіштер қолданылды:

  • EBITDA margin (EBITDA маржасы);
  • Қарыз/EBITDA;
  • қарыз қаражаты үлесінің коэффициенті (Қарыз/Меншікті капитал);
  • Инвестициланған капиталдың тиімділігі (ROIC);

Бенчмаркинг үшін мынадай ұқсас компаниялардың деректері пайдаланылды:

  • «Мосэнерго» ААҚ (Ресей);
  • CEZ Group (Чех Республикасы);
  • Mirax Group (Ұлыбритания).
Бенчмаркинг нәтижелері

2021 жылғыEBITDA MARGIN

2021 жылғыRETURN ON INVESTED CAPITAL (ROIC)

Дереккөз:ru.investing.com

Қазіргі уақытта шетелдік ұқсас компаниялармен салыстыр­ғанда кейбір көрсеткіштер бойынша Самұрық-Энергоның көрсеткіштері төмен.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері «Самұрық-Энерго» АҚ қолжетімді қаржылық левереджді толық көлемде пайдаланатынын көрсетеді.

Сонымен қатар, EBITDA margin көрсеткіші бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ өзіне ұқсас компаниялардан асып түседі. Бұл көрсеткіш сатылымнан түсетін табыстың жоғары екенін көрсетеді. ROIС көрсеткіші бойынша (салынған ұзақ мерзімді капиталдың тиімділігі) «Самұрық-Энерго» АҚ еуропалық ұқсас компаниялар деңгейінде. Сонымен бірге, осы көрсеткіш бойынша Самұрық-Энерго ағылшын холдингінен едәуір төмен.

Бұл ретте «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ұқсас жария компанияларға қарағанда ҚР Үкіметіне тиесілі екенін атап өту қажет, осыған байланысты Қоғам электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы болып табылады. Осы орайда, сондай-ақ энергетикалық сектордың тозу дәрежесінің жоғары болуынан 2009 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобалар іске асырылды (ҚР энергия жүйесінің сенімділігі мен үздіксіздігіне бағытталған), бұл инвестиция салынған капиталдың елеулі өсуіне алып келді және сәйкесінше Инвестициялар тиімділігінің көрсеткішін төмендетті.

Қазақстан Республикасында ұқсас компаниялар елдерімен салыстырғанда электр энергиясына тариф деңгейі­нің төмендігі инвестициялардың тиімділік көрсеткіштеріне әсер ететін қосымша фактор болып табылады.

2021 Ж. ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ЕСЕПТЕЛГЕН ОРТАША ТАРИФ, теңге/кВт*с

Ел

1 кВтс үшін орташа тариф

Теңге/кВтс

2021 ж. орташа бағам

Қазақстан

18,62 теңге

18,62 теңге/кВтс

 

Ресей

4,16 рубля

24,04 теңге/кВтс

5,78 теңге/рубль

Чехия

0,18 евро

90,73 теңге/кВтс

504,04 теңге/рубль

Ұлыбритания

0,24 евро

120,97 теңге/кВтс

Дереккөз: Еуростат, Ресейстат