«Жасыл экономикаға» көшудің жаһандық тренді, стейкхолдерлерге қойылатын соңғы кезде тұрақты өсі үстіндегі ESG-талаптары Компания алдына сын-қатерлермен қатар электр энергетикасы нарығында төмен көміртекті экономикаға көшу бағытындағы негізгі жауапты буын болу мүмкіндігін де алға тартып отыр. Компания жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, атмосфераға шығарындыларды барынша азайтуға және экожүйені жақсартуға ықпал ете отырып, Ұлттық экономика құрылымына өз үлесін қосуға ұмтылады.

«Талаптарға сәйкестік» аспектісі

Қазақстандағы ең ірі электр энергетикалық холдинг бола отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ компанияның тұрақты дамуындағы экологиялық аспектінің маңыздылығын түсінеді. Қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану Компания мен оның еншілес және бағынысты ұйымдарының қызметінде маңызды рөл атқарады.

ҚР Экологиялық кодексі негізінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компанияларының негізгі өндірістік қызметі арнайы табиғат пайдалану ретінде жіктеледі және тиісті талаптар мен нормативтермен реттеледі. Осылайша әрбір еншілес және бағынысты компания алынған экологиялық рұқсат пен табиғатты пайдаланудың басқа да арнайы шарттары шеңберінде қоршаған табиғи ортаға өзінің әсері үшін жауапты болады.

ҚР экологиялық заңнамасы табиғат пайдаланушыларды экономикалық ынталандырушы тетіктерді пайдалана отырып, қоршаған ортаға әсерін төмендетуге ынталандырады. Мәселен, 02.01.2021 жылы Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексі бекітілді, онда «ластаушы төлейді» қағидаты қайта қаралды және айтарлықтай күшейтілді.

Қоршаған ортаны қорғау бағытында біз бірінші кезекте Қазақстанда қолданылатын заңнамалық талаптар мен нормаларды ұстанамыз, бірақ бұл ретте бірқатар энергия үнемдеу, материал үнемдеу және табиғат қорғау іс-шараларын дәйекті іске асыра отырып, дамыған елдердің неғұрлым қатаң нормативтеріне сәйкес келуге ұмтыламыз.

Басқарушылық тәсіл

Қолда бар тәжірибені және қолданылатын технологиялардың ерекшелігін, отынның қолжетімді түрлерін, климатымыздың ерекшеліктерін, сондай-ақ орнықты даму тұжырымдамасына тән бірқатар басқа да ынталандырушы, кейде тежеуші факторларды ескере отырып, біз Компания­ның даму стратегиясының бір бөлігі болып табылатын кешенді ұзақ мерзімді бағдарлама ретінде экологиялық саясатты әзірледік.

Кешенді өндірістік қауіпсіздіктің бір бөлігі саналатын экологиялық қауіпсіздікті басқару үшін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында корпоративтік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылатын экология­лық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) құрылды. «Самұрық-­Энерго» АҚ-дағы ЭМЖ тәуелсіз консультанттарды тарта отырып, үздік әлемдік практикаларға сәйкестік деңгейіне қарай тұрақты түрде бағаланып отырады және біртіндеп жетілдірілу үстінде. Қоғамның өндірістік қызметті жүзеге асыратын барлық ЕТҰ-ларында ISO 14001 «Экологиялық менеджмент» стандарты енгізілді.

Бекітілген Стратегияға сәйкес Компания қолданыстағы технологияларды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін қысқартуға қол жеткізуді жоспарлап отыр.

Профилактикалық шаралар ретінде өндірістік экология­лық бақылау арқылы өндірістік процестердің тиімділігіне тұрақты экологиялық бағалау жүргізіледі. Бақылау қоршаған ортаға эмиссиялар деңгейін, зиянды өндірістік факторларды өлшеуге және есептеуге негізделген. Қоршаған ортаның өндірістік мониторингі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тәуелсіз зертханаларды тарта отырып жүргізіледі. Өндірістік мониторинг нысаны Атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулары, топырақ болып табылады.

Сонымен қатар, апатты жағдайларда ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру және жою қорларының болуы қарастырылған.

Басқарушылық тәсілді бағалау

Жаңа технологияларға ерекше көңіл бөлінеді: ЖЭК дамыту, мазутсыз тұтану және басқа да энергия тиімді технология­лар.

2013 жылдан бастап Қоғам ЖЭК және СЭС секторында бірнеше инвестициялық жобаларды табысты іске асырды: қуаты 300 МВт «Мойнақ СЭС» АҚ, қуаты 45 МВт Бірінші жел электр станциясы, 2 МВт күн электр станциясы, қуаты
126 МВт дейін ұлғайтылған «Шардара СЭС» АҚ-ны жаңғырту.

Қазақстандағы көмірдің ауқымды қорын және оның баға түріндегі тартымдылығын ескере отырып, оның экология­лық сипаттамаларын жақсарту бағытындағы инновация­лық технологияларды дамытуды қолдау орынды. Осы мақсатта қоғам «Назарбаев Университеті» АҚ-мен ынтымақтастықта «Таза көмір технологиялары» ғылыми зертханасын құрды.

2021 жылы Компания тұрақты даму саласындағы бастамаларды іске асыру жұмыстарын жалғастырды, оған экология саласындағы бастамалар кірді: Энергия тиімділігі, Материалдарды, энергияны және суды тиімді пайдалану, Экологиялық міндеттемелерге сәйкестік: парниктік газ шығарындыларын азайту, атмосфераға тарайтын ластау­шы заттардың шығарындыларын азайту, қоршаған ортаны қорғауға арналған жалпы шығындар мен инвестициялар.

Бұдан басқа, Компания табиғатты қорғау іс-шараларының кешенді бағдарламасын іске асыруда, бұл бағдарлама 2021 жылдың қорытындысы бойынша мынадай нәтижелерді көрсетті:

  • қоршаған ортаға зиян келтірген төтенше жағдайлардың болмауы: Есепті кезеңде авариялық төгінділер мен ағындылар, соның ішінде мұнай, қалдықтар, отындар, химиялық заттар мен химиялық реагенттер және зақымданған басқа заттардың қоршаған ортаға зиян келтіру фактілері орын алған жоқ;
  • ЖЭК және СЭС-те «таза энергия» өндіру үлесі – компаниялар тобындағы жалпы өндіру көлемінің 6,7% құрады;
  • УРУТ-тардың төмендеуі және ГРЭС-1 өндіру үлесінің ұлғаюы арқасында атмосфералық ауаға ластаушы заттардың үлестік шығарылымы 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4%-ға қысқарды, бұл жерде ГРЭС-1 станциясының экологиялық көрсеткіштері «Самұрық-Энерго» АҚ тобының басқа көмір станцияларына қарағанда жақсы екендігін ескеру қажет.
Елеулі айыппұлдардың ақшалай мәні және экологиялық заңнама мен нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін салынған қаржылық емес санкциялардың жалпы саны

Қоршаған ортаға келтірілетін залалдың алдын алу үшін заңнамада инспекторлық экологиялық тексерулер көзделген, олардың нәтижелері бойынша заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар қойылуы мүмкін. 2021 жылы 4 инспекторлық тексеру жүргізілді – «ГРЭС-1» ЖШС-да 2 рет, «ГРЭС-2» АҚ, «АлЭС» АҚ нысандарында бір реттен. Кейбір заңнамалық актілер талаптарын бұзушылықтар анықталды, айыппұлдар сомасы 56 млн теңгені құрады. Барлық айыппұлдар толық төленді, мердігерлік ұйымдардың қызметіне байланысты бұзушылықтар өз бетінше төленді. Түзету шаралары орындалды.

 

Өлшем бірлігі

Сомасы

2019

2020

2021

елеулі айыппұлдардың ақшалай сомасы

мың теңге

4 751

14 448

56 000

қаржылық емес санкцияларды қолдану жағдайларының саны

0

20

0

дауларды шешу тетіктері арқылы қозғалған істер

3

Қоршаған ортаны қорғауға арналған жалпы шығыстар мен инвестициялар, түрлеріне қарай бөлінген

Компания табиғатты қорғау іс-шараларының мынадай аспектілерді қамтитын кешенді бағдарламасын іске асырады:

  • атмосфералық ауаны қорғау;
  • парниктік газдарды азайту;
  • күл үйінділерін қалпына келтіру;
  • қалдықтарды басқару;
  • су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану;
  • басқару жүйелері мен озық қауіпсіз технологияларды енгізу;
  • ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа да жұмыстар;
  • экологиялық оқыту және насихаттау.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бар, оны орындау арнайы табиғатты пайдаланудың міндетті шарты болып табылады.

 

Өлшем бірлігі

Сомасы

2019

2020

2021

қалдықтарды өңдеуге және шығарындыларды, төгінділерді тазартуға, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залалды жоюға байланысты шығындар

 

мың теңге

4 242 256

5 604 706

5 972 610,75

қоршаған ортаға және экологиялық менеджмент жүйесіне  тигізетін әсерді болдырмаумен байланысты шығындар

373 908

286 567

256 816,36

Болашақтың мәлімдемесі

«Самұрық-Энерго» АҚ 2022–2031 жылдарға арналған жаңартылған міндеттерді бекітіп, Даму стратегиясын өзектендірді. Осыған сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дамуының негізгі басым бағыттары төмендегіше айқындалды:

  1. «Самұрық-Энерго» АҚ экономикасын декарбонизация­лау, оның ішінде ЖЭК мен ГЭС-те электр энергиясын өндіру үлесін ұлғайту, ЖЭК-ті пайдалана отырып жобаларды іске асыру, таза технологияларды қолдауды жандандыру, Алматы қаласындағы электр энергетикасы кешенінің көмір департаменттерін газдандыру;
  2. экологиялық және экономикалық тұрғыдан ең үздік технологияларды іздестіру мен енгізуді қамтитын экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету: 1-санаттағы кәсіпорындарда шығарындылар көзінде мониторингтің автоматтандырылған жүйелерін орнату, ГРЭС объектілерінде шаң ұстау жүйелерін орнату, жабдықтарды жаңғырту және жаңарту, жұмыстың оңтайлы режимдерін жүргізу, ықтимал авариялық жағдайларды анықтау және алдын алу және т. б.;
  3. су ресурстарын қорғау саласындағы әсерлерді барынша азайту, оның ішінде тұщы суды тұтыну көлемін азайту, бірнеше рет және қайта пайдаланылатын су үлесін ұлғайту, сарқынды суларды ағызу көлемін және сарқынды сулардағы зиянды заттардың шоғырлануын азайту;
  4. қоршаған ортаға әсерді бағалау бағытында көзделген іс-шараларды жақсарту арқылы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсерді азайту;
  5. ірі тоннажды қалдықтар мен тұтыну қалдықтарын басқару саласындағы іс-шараларды жетілдіру;
  6. энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бағдарламасын іске асыру;
  7. экологиялық менеджмент жүйесін жетілдіру.

«Самұрық-Энерго» АҚ жабдықтарды жаңғырту, жаңа инвес­тициялық жобаларды іске асыру кезінде қазіргі заманғы технологияларды қолдану есебінен қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге баса назар аударып отыр. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дамыту арқылы, ESG саласында халықаралық рейтингтерді иелену арқылы кешенді тәсілді енгізу, сондай-ақ экологиялық әсерді мониторингтеу үшін цифрлық технологияларды қолдану жоспарлануда. Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамытудың негізгі басымдықтарын ескере отырып, Компания таза көмір және басқа да ең озық қолжетімді технологияларды, сондай-ақ шығарындыларды ұстап қалу технологияларын дамытуға және қолдануға ұмтылатын болады.

Компания «Жасыл» экономика қағидаттарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасының іс-шаралары мен индикаторларын іске асыруды жүзеге асырады.

«Су және ағынды сулар» аспектісі

Су – бірегей зат және жер бетіндегі барлық тіршіліктің ажырамас бөлігі. Сонымен қатар, су адам өміріне қажетті өнімдерді өндіруде көптеген технологиялық процестерде қолданылады.

Энергетика саласында суды пайдаланылуға аса зор мән беріледі: «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында су гидро- және бу турбиналары үшін қозғаушы күш ретінде ғана емес, сонымен қатар су қоймаларын толықтыру және басқа технологиялық процестердегі шығындарды өтеу үшін, күл жағажайларын суару үшін, күл үйінділеріндегі су деңгейін ұстап тұру үшін, сондай-ақ қызметкерлердің коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтары үшін де қолданылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның су ресурстарын қорғау саласындағы негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

СУДЫ ЖИНАУ

  • тұщы суды тұтыну көлемін төмендету;
  • бірнеше рет және қайта пайдаланылатын су үлесін ұлғайту;
  • сарқынды суларды ағызу көлемін және сарқынды сулардағы зиянды заттардың шоғырлануын азайту.

«Самұрық-Энерго» АҚ портфелінде су электр станциялары мен жылу электр станцияларының бар екенін ескере отырып, су пайдаланудағы іс-қимылды тиісінше суды пайдалану және суды тұтыну деп жіктейміз. Бұл ретте алынатын су көлемінің 98% ГЭС-терде суды пайдалану санатына, ал 2% суды тұтынуға жатады. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы су ресурстары тапшы өңірлерде суды тұтыну қызметін ұсынумен айналыспайды.

Басқарушылық тәсіл
Сумен табиғи ресурс ретінде әрекеттесу

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобында суды пайдалану және суды тұтыну Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі және бақылауға алынады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары су жинауды уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіліп әзірленген жобалар мен нормативтерге сәйкес өндірістік мұқтаждарға негізделген көлемде жүзеге асырады.

Осылайша, технологиялық қажеттіліктерге арналған судың негізгі көздері: Шарын өзені және Бестөбе су қоймасы (Мойнақ ГЭС), Сырдария өзені мен Шардара су қоймасы (Шардара ГЭС), Қ.Сәтпаев атындағы арна (Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ), Шідерті арнасы («Екібастұз ГРЭС-2» АҚ) Үлкен Алматы көлі және Үлкен Алматы өзені бассейні (Каскад ГЭС), Қапшағай су қоймасы (Қапшағай ГЭС) болып табылады.

Суды үнемдеу мақсатында Екібастұз станцияларында толтырылатын салқындатқыш су қоймалары және тура ағынды гидравликалық күл шығару жүйесі бар техникалық сумен жабдықтаудың айналымдық жүйелері, сондай-ақ Алматы станция­ларындағы күл үйінділерінен сарқынды суларды қайтадан пайдалану және градирнялары бар айналымдық салқындату жүйелері қолданылады.

Суды ағызып жіберумен байланысты әсерді басқару

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындарының ағынды суы өнеркәсіптік және шаруа­шылық-тұрмыстық ағынды сулардан тұрады. Ағынды сулардың негізгі көлемі өнеркәсіптік ағынды сулар болып табылады, олар табиғи объектілерге тасталмайды. Олар күл және қож қалдықтарын күл үйінділеріне шығару үшін гидротасымал ретінде қолданылады.

Ағынды суларда ластаушы заттар құрамының рұқсат етілген нормативтері және олардың көлемі заңнамаменен белгіленеді. Ағызылғанға дейін ағынды сулар бекітілген санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес тиісті тазартудан өткізіледі.

Сонымен қатар, жер үсті сулары ортасына, сарқынды суларға бақылау, бақылау ұңғымаларының желісі арқылы судың және жер асты суларының температуралық режимінің өзгеру процестеріне мониторинг, ТӨҚ жүйесінің жабдықтары мен құбырларына жөндеу тұрақты жүргізіледі.

Басқарушылық тәсілді бағалау

Су жинау 

 

 

Барлық аудандар, мегалитрлер

Су тапшылығы бар аудандар

 

 

2019

2020

2021

44 917

46 260

 

Су көздерінен жиналатын су көлемі

жерүсті су объектілерінен  (барлығы)

11 924 598

10 473 288

9 165 293

жоқ

тұщы су (жалпы еріген қатты заттардың ≤1,000 мг/л )

11 924 598

10 473 288

9 165 293

жоқ

басқа су (жалпы еріген қатты заттардың >1,000 мг/л)

0

0

0

жоқ

жерасты көздерінен (барлығы)

6 630

6 061

5 379

жоқ

тұщы су (жалпы еріген қатты заттардың ≤1,000 мг/л )

0

0

0

жоқ

басқа су (жалпы еріген қатты заттардың >1,000 мг/л )

6 630

6 061

5 379

жоқ

теңіз суы (барлығы)

0

0

0

жоқ

тұщы су (жалпы еріген қатты заттардың ≤1,000 мг/л)

0

0

0

жоқ

басқа су (жалпы еріген қатты заттардың >1,000 мг/л)

0

0

0

жоқ

жер қабатының суы (барлығы)

0

0

0

жоқ

тұщы су (жалпы еріген қатты заттардың ≤1,000 мг/л)

0

0

0

жоқ

басқа су (жалпы еріген қатты заттардың >1,000 мг/л )

0

0

0

жоқ

сумен жабдықтаудың муниципалды және басқа жүйелерінен

44 917

36 227

40 084

жоқ

тұщы су (жалпы еріген қатты заттардың ≤1,000 мг/л)

44 917

36 227

40 084

жоқ

басқа су (>1,000 мг/л жалпы еріген қатты заттардың)

0

0

0

жоқ

Сумен жабдықтаудың муниципалды және басқа жүйелерінен жиналған судың жалпы көлемі

жер үсті

44 917

40 084

40 084

жоқ

жер асты

0

0

0

жоқ

мұхитты

0

0

0

жоқ

қабатты

0

0

0

жоқ

Жиналатын судың жалпы көлемі

 

11 976 439

10 515 575

9 210 756

 

Төгінді

 

 

Барлық аудандар, мегалитрлер

Су тапшылығы бар аудандар

 

 

2019

2020

2021

Түрлері бойынша төгінділер

Жерүсті

73 751,3

75 313

81 489

нет

 

Жерасты

0

0

0

нет

 

 Теңіз

0

0

0

нет

 

Сумен жабдықтаудың муниципалды және басқа жүйелері (барлығы)

0

0

0

нет

 

Басқа ұйымдарға пайдалануға берілген ағынды сулардың көлемі

0

0

0

нет

Жалпы төгінді

73 751,3

75 313

81 489

нет

Тазарту деңгейі бойынша ағынды сулар

Тазартылмаған

 

 

 

нет

р/х талап етілгенге дейін

 

 

 

нет

 

к/б талап етілгенге дейін

 

 

 

нет

 

басқа

73 751,3

75 313

81 489

нет

Суды тұтыну

 

 

Барлық аудандар, мегалитрлер

Су тапшылығы бар аудандар

 

 

2019

2020

2021

Суды тұтыну

Суды тұтынудың жалпы көлемі

198 438

201 229

216 756

жоқ

Суды пайдалану

 

 

Барлық аудандар, мегалитрлер

Су тапшылығы бар аудандар

 

 

2019

2020

2021

Суды пайдалану

Суды пайдаланудың жалпы көлемі

11 778 000

10 317 737

8 994 000

жоқ

Өндірістегі су тиімділігі

 

 

Барлық аудандар м3/кВтс

 

 

 

2019

2020

2021

 

Су тиімділігі

Шығарылатын өнімнің бір бірлігіне жұмсалатын су көлемі

0,396

0,335

0,336

 

Есепті кезеңдегі бірнеше рет пайдаланылатын және қайта пайдаланылатын судың үлесі және жалпы көлемі

 

Өлшем бірлігі

Көлемі

2019

2020

2021

Жинап алынатын су көлемі

мың  м3

11 976 439

12 395 614

9 210 756

Бірнеше рет және қайта пайдаланылатын су көлемі

мың  м3

3 212 285

3 098 904

3 548 556

Бірнеше рет және қайта пайдаланылатын су үлесі

%

26,8

25

38,5

«Биоалуантүрлілік» аспектісі

«Самұрық-Энерго» АҚ портфелінде ЖЭС, ЖЭК және АЭК бар екенін ескере отырып, Компания «Биоалуантүрлілік» аспектісін осы активтерге қатысты маңызды деп бағалайды. Алайда, біз «Самұрық-Энерго» АҚ-ның отын станциялары мен «Богатырь Көмір» ЖШС көмір кеніштері елді мекендер шегінде немесе өнеркәсіптік аумақтарда орналасқандықтан, сондай-ақ осы өндірістік объектілерді жобалау кезінде табиғатты қорғау шешімдері ретінде құрылыс аумағы биоалуантүрлілігінің жұтаңдығын ескергендіктен, олар жабайы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне тікелей теріс әсер етпейді деп санаймыз.

Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының қызметі орнитофаунаға, ихтиофаунаға және басқа да тұщы су экожүйелеріне, сондай-ақ Шардара СЭС, Мойнақ СЭС, СЭС каскады, Қапшағай СЭС, БЖЭС және АЖК әсер ету аймақтары шегіндегі жағалау аймақтарының флорасы мен фаунасына теріс әсер етуі мүмкін.

Басқару тәсілі

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында биоалуантүрлілікке теріс әсерді азайту үшін өндірістік қызметті жоспарлау кезінде қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне тигізетін әсерге бағалау жүргізіледі. ҚОӘБ рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Сондай-ақ кәсіпорындарды одан әрі пайдалану процесінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсер ету мониторингі регламенттелген.

Басқару тәсілін бағалау

«БЖЭС» ЖШС жел паркі жобасында жел энергетикалық қондырғыларының жануарлар әлеміне тигізетін әсерін азайту көзделген – жарықпен ластану жанды тіршілік иелерінің биоритмдерін бұзуға әкелетінін ескере отырып, түнгі уақытта ЖЭҚ-пен жарықтандыру тек габаритті оттарды пайдаланғанға дейін мейлінше азайтылады.

«АЖК» АҚ-да электр тогының соғуынан ӘЖ-де құстардың өліп қалу жағдайларын мейлінше азайту үшін оқшауланған сымдармен жарақтандыра отырып, желілерді қайта жаңарту жүргізілуде.

Сондай-ақ, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтының ұсынысы бойынша, балықты қорғау шарасы ретінде турбиналық су таратқыштар алдындағы су жинағышқа жақын жерде қараңғы түскен кезде су бетін прожекторлармен жарықтандыру жүзеге асырылады, осылайша жарықтың түсуі балықты үркітеді. Балықтардың еркін қозғалуы үшін бос суды төгуге арналған шүмектер (БСТШ) жабдықталған. Сондай-ақ су және жерүсті (жағалау­дағы) экожүйелерге тигізетін әсерді азайту үшін су электр станцияларының жұмыс режимдері ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетімен, әкімдіктермен, сондай-ақ ЕҚТА басшылығымен (мысалы, Мойнақ СЭС жағдайында) келісіледі.

Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне тигізетін әсерге мониторинг жүргізу үшін СЭС-тер мен ЖЭС-терде визуалды далалық бақылаулар жүргізіледі.

Қорғалған немесе қалпына келтірілген мекендеу ортасы

2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ қандай да бір арнайы санитарлық немесе экологиялық режимі немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесі бар аумақтарда өндірістік қызметті жүзеге асырған жоқ. 

Пайдалану учаскесі

Географиялық жағдайы

Қорғалатын аймаққа немесе қорғалатын аудандар шегінен тыс биоалуантүрлілік құндылығы жоғары ауданға қатысты жағдай

Операцияның түрі

Қорғалатын аумақтың немесе қорғалатын аумақ шегінен тыс биоалуантүрлілік құндылығы жоғары аймақтың белгісімен сипатталатын биоалуантүрліліктің мәні

Аумақты басқару мәртебесі/санаты

«БЖЭС» ЖШС

Ерейментау қ., Ақмола обл.

45 км қашықтықта Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан

Электр энергиясын өндіру

Ерейментау тауларында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 2 құс түрі мекендейді (қорым бүркіті және дала бүркіті). Алайда, құстар автожолдар мен теміржол бойындағы ойпаңдар мен орман алқабына көп шоғырланған, бұл ЖЭС-те орнатылған ЖЭҚ-дан алыс орналасқан. Объектіні пайдалануға берген сәттен бастап ЖЭҚ қалақшаларына соқтығысу жағдайлары тіркелген жоқ.

Табиғи парк

«Мойнақ СЭС» АҚ

Алматы облысы

Мойнақ СЭС-інен 55 км қашықтықта Шарын өзенінің ағысымен төмен қарай Шарын ұлттық паркі орналасқан

Электр энергиясын өндіру

«Мойнақ СЭС» АҚ Қазақстандағы БҰҰДБ сарапшыларымен Шарын өзенінің төменгі ағысында сақталған шаған тоғайын сақтау жобасы бойынша бірлесіп жұмыс істейді.

Табиғи парк

«Шығарындылар аспектісі»

«Самұрық-Энерго» АҚ үшін өзінің ЖЭС-терінің өндірістік қызметінің атмосфералық ауаға тигізетін әсерінің аспектісі басқа экологиялық аспектілермен салыстырғанда анағұрлым маңызды болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының электр энергиясының негізгі бөлігі (2021 жылы – 93,3%) қазбалы отын түрлерін пайдалана отырып өндіріледі, соның салдарынан атмосфералық ауаны ластайтын түтін газдары түзіледі. Сонымен қатар, отынды жағу кезінде пайда болатын химиялық реакциялар салдарынан климаттың өзгеруіне әсер ететін парниктік газдар ауаға енеді.

Парниктік газдар шығарындыларын азайтуға қатысты басқару тәсілі

«Самұрық-Энерго» АҚ климаттық мәселелерге де байыпты қарайды: процестер мен өнімдердің көміртекті сыйымдылығын азайту бойынша негізгі бағыттар мен мақсаттар Компанияның Даму стратегиясында және экологиялық саясатында көрсетілген. Компанияның стратегиялық мақсаттарына ЖЭК пен СЭС-ті дамыту жатады, барлық жерде энергия менеджменті жүйелері енгізілген, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру бойынша ауқымды бағдарламалар әзірленді.

Бұдан басқа, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «АлЭС» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС сияқты ЕТҰ-лары квоталанатын қондырғылар болып табылады және олардың ПГ шығарындыларына квоталар саудасының ұлттық жүйесі шеңберінде ПГ шығарындыларын азайту бойынша міндеттемелері бар.

Маңызды ластаушы заттардың шығарындыларына қатысты басқару тәсілі

Компаниядағы ластаушы заттар шығарындыларының негізгі көздері I санаттағы отын станциялары болып табылады. Азот тотықтары, күкірт тотықтары, көміртегі тотығы, шаң (күл) ЖЭС-ке тән маркерлік ластаушы заттар болып табылады.

Станцияларды жобалау кезінде қабылданған экологиялық шешімдердің тиімділігі мен дұрыстығы оларды пайдалану жылдарының ұзақтығымен өлшенеді. Ұлттық маңызы бар Екібастұз станцияларын салу орнын таңдау кездейсоқ емес – отын көзіне жақын болуы қамтамасыз етілді, бұл көмір тасымалдаудың тигізетін жағымсыз әсерін азайтады, түтін құбырлары биіктігіне, желдің рельефі мен бағытын ескере отырып орналасуына, тұрғын аудандардан қашықтығына байланысты ЛЗ таралуының оңтайлы жағдайлары қамтамасыз етілді.

Жұртшылық пен уәкілетті органдардың пікірін ескере отырып, қалалық агломерацияда орналасқан Алматы станцияларында қазірдің өзінде газға ауыстырылған ЖЭО-1 және БЖК-ге қосымша ЖЭО-2,3 нысандарын газға көшіру жоспарлануда.

Атмосфералық ауаға қатысты эмиссия экологиялық заңнамамен қатаң реттеледі. ЛЗ шығарындылары уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген және арнайы рұқсат беру құжаттарында регламенттелген әзірленген жобалар мен нормативтерге сәйкес өндірістік процестермен негізделген көлемде жүргізіледі.

Күл шығарындыларын мейлінше азайту үшін күлтұтқыш технологиялар: Екібастұз ГРЭС-інде электр сүзгіштер, ал Алматы ЖЭО-да жаңа буын эмульгаторлары қолданылады. Азот тотықтарының түзілуін басу үшін төмен эмиссия­лық қыздырғыштар қолданылады, жоғары қысымды жылытқыштар мен турбина буының 4-іріктеуінен қуат алатын турбо-қоректік сорғыларды қолданудың арқасында режимдер реттеледі.

Шекті рұқсат етілетін шығарындылар нормативтерінің сақталуына тұрақты өндірістік экологиялық бақылау және бақылаушы орган алдында тұрақты есептілік жүргізіледі. 

Басқару тәсілін бағалау

2021 жылдың қорытындысы бойынша топтың жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектілерінің электр энергиясын өндіру көлемі шамамен 336 млн кВтс құрады, осылайша ЖЭК нарығындағы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның үлесі шамамен 10%-ды құрады.

Үкіметтің 2021 жылғы 10 шілдедегі кеңейтілген кеңесі барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы ЖЭО-2 нысанын жаңғырту жобасын іске асыруға кірісу және 2023 жылы бірінші кезеңді аяқтау» туралы берген тапсырмасын орындау мақсатында «АлЭС» АҚ жобаның ТЭН-ін әзірледі және оған Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сонымен қатар, белгіленген қуатты 450 МВт-ға дейін ұлғайта отырып, Алматы ЖЭО-3 нысанын қайта құру жобасын іске асыру жоспарлануда.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Компаниялар тобы:

  • қоршаған ортаға зиян келтіретін авариялық жағдайлардың болмауына;
  • ЖЭК және СЭС-те «таза энергия» өндіру үлесі – компаниялар тобының жалпы өндіру көлемінің 8,7%-ға жетуіне;
  • экологиялық көрсеткіштері «Самұрық-Энерго» АҚ тобының басқа көмір станцияларына қарағанда жақсы болатын ЖЭК және СЭС, газбен жұмыс істейтін ЖЭО-1, сондай-ақ ГРЭС-1 нысандарының өндіру үлесінің ұлғаюына байланысты атмосфералық ауаға ластаушы заттардың үлестік шығарылымы 2019 жылғы көрсеткішпен салыс­тырғанда 3,5%-ға қысқаруына қол жеткізд
Парниктік газдардың тікелей шығарындылары

 

Өлшем бірлігі

көлемі

2019

2020

2021

көміртегінің қос тотығы

мың тонна

31 593

33 413,98

32 920,447

метан

353,850

341,6

347,123

азоттың шала тотығы

0,275

0,296

15,425

Қазақстан Республикасының заңнамасы парниктік газдардың жанама шығарындыларын міндетті бағалауды талап етпейді, алайда біз парниктік газдар шығарындыларының көрсетілген көлемдері парниктік газдардың жалпы шығарындыларының 95%-ын, оның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының жанама (Scope 1 және 2) шығарындыларын қамтиды деп ойлаймыз, өйткені тікелей шығарындыларды есептеу кезінде ЕТҰ-ның меншікті энергетикалық қажеттіліктері ескеріледі.

ОБЗ шығарындылары және өзге де шығарындылар

 

Өлшем бірлігі

көлемі

2019

2020

2021

ОБЗ өндіру көлемі

-

ОБЗ импортының көлемі

ОБЗ экспортының көлемі

Кетпейтін органикалық ластауыштар (КОЛ)

ЖТҚ

тонна

261,6

261,4

260,77

Ластауыш заттардың шығарындылары

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ШЫҒАРЫНДЫЛАР КӨЛЕМІ

ЕТҰ-ЛАРДЫҢ КОМПАНИЯНЫҢ ЖИЫНТЫҚ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ «ГЕНЕРАЦИЯ» СЕКТОРЫ 2021 ЖЫЛ

Қалдықтар» аспектісі

«Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ-лары экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және қалдықтардың жекелеген түрлерімен жұмыс істеу саласындағы стандарттардың талаптарын сақтауға ұмтылатын өнімдерді өндіру процесі сөзсіз қалдықтардың пайда болуымен байланыс­ты болады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ірі ЕТҰ-ларының қызметінің ерекшелігін ескере отырып, өндіріс қалдықтары ірі тонналы – ЖЭС-тегі күл-қож қалдықтары мен «Богатырь Көмір» ЖШС-ның көмір кесіктеріндегі аршыма жыныстарға жатады. Қалдықтардың бұл түрлері қауіпті емес және қалдықтардың жалпы көлемінің басым бөлігін құрайды.

Қалдықтардың басқа түрлері тұтыну қалдықтары ретінде жіктеледі. Оларға қатысты бөлек жинау және одан әрі қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға беру жөніндегі шаралар көзделген.

Басқару тәсілі

Табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстанда қалдықтарды орналастыру көлемі нормаланады. Тұтыну қалдықтарына қатысты арнайы жабдықталған орындарда бөлек жинау және уақытша сақтау жөніндегі талаптар қолданылады, сондай-ақ полигондарда көму үшін қолайсыз қалдықтардың түрлері айқындалған.

Осылайша, қайта пайдалануға және кейіннен заңды және жеке тұлғаларға бере отырып, қайталама шикізатқа жатқызуға жарамды қалдықтардың түрлері айқындалады. «Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ-ларында мұндай қалдықтарға макулатура, картон және қағаз қалдықтары, пластик және пластмасса қалдықтары, құрамында сынабы бар шамдар, түсті және қара металл сынықтары, электрондық және электр жабдығы, аккумуляторлар, шиналар және олардың фрагменттері және басқа да қауіпті қалдықтар жатады.

Айналым түрлері мен әдістері бойынша бөлінген қалдықтардың жалпы салмағы

 

 

Өлшем бірлігі

Массасы

2019

2020

2021

1

Барлық пайда болған қалдықтар, олардың ішінде

мың тонна

75 476

97 513,5

88 841,030

2

қауіпті

20

21,3

19,76

3

қауіпсіз

75 456

97 492,2

88 821,267

Басқару тәсілін бағалау

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша өндіріс қалдықтарын орналастыру барынша қауіпсіз тәсілмен жүзеге асырылады.

«Богатырь Көмір» ЖШС-ның іргелес аумақтарға теріс әсерін азайту мақсатында сыртқы үйінділерде аршыма жыныстарды көму көлемін қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол үшін ішкі үйінділер ретінде «Северный» және «Богатырь» кесіктерінің ішкі өңделген кеңістігін пайдалану бойынша жобалар әзірленуде. Үйінділерге жиналатын құрамында көмір бар жыныстардың өздігінен жануын болдырмау және тотықтырғыш процестердің алдын алу үшін үйінділерін төгу және үйінділер шатырын тығыздау бойынша инертті жыныстармен оқшаулау жөніндегі іс-шаралар орындалады.

ЖЭС-тің күл-қож қалдықтары шаңды басу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ете отырып, күл үйінділерінде – Екібастұз ГРЭС-інде су кемерінің астында, ал Алматы станция­ларында топырақ қабатымен жабылған және көпжылдық шөптер мен бұталар отырғызылған бірегей құрамдастырылған технология бойынша көміледі. Жыл сайын күл үйін­ділерінің пайдаланылған бөліктеріне рекультивация жүргізіледі. Жалпы, компанияның су электр станциялары мен ЖЭК объектілерін дамытуы да өнім бірлігіне шаққандағы КҚҚ түзілуінің төмендеуіне ықпал етеді.

Сонымен қатар, өндіріс қалдықтарын басқару жөніндегі іс-шараларға күл-қожды кәдеге жарату да жатады, олар автомобиль жолдарын тұрғызуда, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіруде қолданылады.

2021 жылы кәдеге жаратуға 17,5 мың тоннаға жуық құрғақ күл жіберілді. Алайда КҚҚ-ға шикізат ретінде сұраныс төмен.

КҚК ШИКІЗАТ РЕТІНДЕ СҰРАНЫСЫ

ОТЫН ӨНДІРУ СЕКТОРЫ БОЙЫНША КҚҚ ТҮЗІЛУІНІҢ МЕНШІКТІ КӨРСЕТКІШІ