Компанияда тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесі тиімді жұмыс істейді және тұрақты түрде жетілдіріліп отырады.

Тәуекелдерді басқару жүйесі Басқарма мен Директорлар кеңесіне тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару және мониторинг жүргізу арқылы Компания үшін қолайлы тәуекелдер деңгейін қамтамасыз ету және осындай іс-әрекеттерден барынша пайда алу үшін ресурстарды басым бағыттар бойынша тиімді басқаруға және бөлуге мүмкіндік береді.

Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру Компанияның тәуекелдерге тез жауап беруге, Компанияның негізгі және қосалқы бизнес-процестері мен күнделікті операцияларына бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ жақсарту үшін кез келген елеулі кемшіліктер мен салалар туралы тиісті деңгейдегі басшылықты дереу хабардар етуді жүзеге асыруға қабілетті басқару жүйесін құруды көздейді.

Жыл сайын Директорлар кеңесі Қоғамның тәуекелге тәбетін сандық және сапалық тұрғыдан анықтайды, тәуекел-тәбет негізгі қызмет түрлеріне қойылатын шектеулерді қамтиды және тоқсан сайын оның сақталуына бақылау жасалады.

Негізгі бизнес-процесс иелері тұрақты негізде тәуекелдер мен бақылаулар матрицаларын, оның ішінде қаржылық есептілікті дайындау процесінің басты негіздемелерін жаңартып отырады және Компанияның Директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне ұсынады.

Жыл сайын Тәуекелдер тізілімі, Тәуекелдер картасы, негізгі тәуекел көрсеткіштері және Негізгі тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, Компанияның Директорлар кеңесіне қарауға және бекітуге ұсынылады. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2021 жылға арналған тәуекелдерін сәйкестендіру бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметіне тән 33 тәуекел сәйкестендіріліп, бағаланды, ПӘК шекті мәні жаңартылды, тәуекел иелері тәуекел факторлары мен оларды азайту шараларын өзектендірді.

Осы қайта бағалау нәтижелері бойынша 2021 жылға арналған Тәуекелдер картасының негізгі аймағына 10 тәуекел (2020 жылы – 10 негізгі тәуекел) енді:

Тәуекел атауы

1

Қызметтік міндеттерін атқару процесінде қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне, өндірістегі жазатайым оқиғаларға залал келтіру тәуекелі

2

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының іске асырылатын /перспективалық инвестициялық жобалары мен инвестициялық бағдарламаларының тәуекелі

3

Электр энергиясын сату жоспарының орындалмау тәуекелі

4

Өндірістегі авариялар мен апаттар тәуекелі

5

Цифрлық трансформация бағдарламасын іске асырумен байланысты тәуекел

6

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы адами ресурстардың тәуекелдері

7

Валюталық тәуекел

8

Кредиттік тәуекел

9

Тариф белгілеу тәуекелі

10

Сыртқы кредиторлардың ковенантын және листинг талаптарын бұзу тәуекелі

2021 жылғы негізгі өзгерістер (негізгі тәуекелдердің митигациясы)

Тәуекел

Шаралар

Экологиялық тәуекел (ықтималдық бойынша ұлғаю - негізгі аймаққа өту)

Жаңа Экологиялық Кодекс

Жыл сайын парниктік газдардың үлестік шығарындыларын төмендету бойынша іс-шаралар жүргізіледі

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында іске асырылатын/перспективті инвестициялық жобалары мен инвестициялық бағдарламаларының тәуекелдері (өзгеріссіз)

Инвестициялық жобалар бойынша толық игерілмеуге қатысты негізгі ауытқу «№3 энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және жаңғырту» жобасы бойынша ҚР-мен шекарада ҚХР енгізген карантиндік шектеулер және келісім жасасу жөніндегі корпоративтік рәсімдердің ұзақтығы себебінен туындады

Жоспарланған шығындарды игеру кейінгі кезеңге ауыстырылады

Қызметтік міндеттерін атқару процесінде қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне залал келтірген өндірістегі жазатайым оқиғалардың тәуекелі (ықтималдық бойынша ұлғаю)

2021 жылдың басынан бастап еңбек қызметіне байланысты 5 жазатайым оқиға тіркелді

«Еңбекті және Қоршаған ортаны қорғау» департаментінің Жұмыс жоспарына сәйкес

Кредиттік тәуекел (өзгеріссіз)

Екінші деңгейлі банктердегі тұрақсыз жағдай

Контрагент-банктерге арналған лимиттерді сақтау мониторингі, сондай-ақ ЕДБ тұрақтылығын тұрақты бағалау

Сыртқы кредиторлардың ковенантын және листинг талаптарын бұзу тәуекелі (ықтималдылығы бойынша артуы)

Ковенанттарды, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін сақтау мониторингі, борыштық жүктеме мен пайыздық төлемдер деңгейін төмендету жөніндегі іс-шаралар

Трансформациялау бағдарламасын іске асырумен байланысты тәуекел (өзгеріссіз)

Көтерме сауда нарығына электр энергиясын жеткізудің тәуліктік кестесін қалыптастыруға күнделікті қатысу және орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу, ҚР көтерме сауда нарығының тұтынушыларын тарту

Трансформациялау бағдарламасын іске асырумен байланысты тәуекел (өзгеріссіз)

Жол картасының орындалуына мониторинг жүргізу

Өндірістегі авариялар мен апаттар тәуекелі  (өзгеріссіз)

Күрделі және ағымдағы жөндеулерді орындау, жабдықтардың техникалық жай-күйін мерзімді куәландыру, кәсіпорындардың жедел персоналына нұсқамалар мен аварияға қарсы жаттығулар жүргізу

Пайыздық тәуекел (ықтималдық бойынша ұлғаю - негізгі аймаққа өту)

Инфляцияның өсуіне байланысты пайыздық шығыстардың ұлғаюы

Құбылмалы мөлшерлемеге орай қарыздарды қайта қаржыландыру

Бизнес-процестерді қалыптастыру және дамыту процесінде ықтимал тәуекелдерді басқару бойынша көптеген инновациялық шешімдер жасалды.

Тәжірибе көрсеткендей, тәуекелдер бағалау және алдын алу қажет болатын бизнес-процестер қызметінің кез келген түрінде туындайды.

2018 жылғы қарашадан бастап корпоративтік басқарудың маңызды бөлігі болып табылатын және мынадай өзгеріс­терге жататын 3 кіріктірілген кіші жүйеден тұратын «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар басталды, олар:

  1. Тәуекелдерді басқару жүйесі (жүйені жетілдіру);
  2. Ішкі бақылау жүйесі (бақылау рәсімдерінің дизайнын бағалау және операциялық тиімділігін тестілеу жүйесін пысықтау);
  3. Қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жүйесі (жүйені ендіру).

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру шеңберінде мынадай бірқатар іс-шаралар кезең-кезеңімен орындалды:

  1. Жобаны іске асыру процесінде шешуші болып табылатын ЕТҰ-лар анықталды;
  2. Жобаны іске асыру жоспары анықталды, бұл құжатта «Самұрық-Энерго» АҚ және оның негізгі ЕТҰ-лары үшін іс-шаралар белгіленді;
  3. Жобаны іске асыру үшін жұмылдырылған процестер анықталды (өндірістік және АТ процестері);
  4. «Самұрық-Энерго» АҚ-да және оның ЕТҰ-ларында («Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Шардара су электр станциясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС) Жоба шеңберінде  қызмет үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалар тағайындалды;
  5. ЕТҰ-ларда («Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «Алматы электр станция­лары» АҚ, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Шардара су электр станциясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС) белгіленген процес­тер шекті топтарға бөлінді;
  6. ЕТҰ-ларда («Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «Алматы электр станция­лары» АҚ, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Шардара су электр станциясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС) ішкі нормативтік құжаттар (Ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары, Қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету қағидалары) әзірленді;
  7. «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның ЕТҰ-ларында («Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Шардара су электр станциясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС) Қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарлары мен Қызметтің үздіксіздігін қалпына келтіру жоспарлары әзірленді;
  8. Жобаны іске асыру аясында негізгі ЕТҰ-лар үшін қолданыстағы Ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары негізінде ішкі бақылау жүйесін тестілеу әдістемесі әзірленіп қолданысқа енгізілді;
  9. Жобаны іске асыру аясында негізгі ЕТҰ-лар үшін қолданыстағы Ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары негізінде қызмет үздіксіздігін басқару жүйесін тестілеу әдістемесі әзірленіп қолданысқа енгізілді;
  10. «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мекемелерінде ішкі бақылау және қызметтің үздіксіздігін басқару жүйелеріне сынама тестілеу өткізілді;
  11. есепті кезең ішінде Жоба қызметі аясында мерзімді түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
  12. Жобаның іске асырылу барысына тексеру жүргізілді (барып көру арқылы).