01|4

Компания қызметіне қаржы-экономикалық шолу

МАҢЫЗДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ОҚИҒАЛАР

Күні

Оқиға

2021 ж.

Өткен 2021 жыл COVID-19 вирусының таралуы, оның ішінде Қазақстан Республикасында да таралуы әсерінің салдары аясында әлемдегі экономикалық жағдайдың қалыпқа келуімен сипатталады. Коронавирустың қайта өршуіне қарамастан, әлемдегі іскерлік белсенділік қалпына келуде, бірақ өнеркәсіп қызметтерге қарағанда баяу қарқынмен өсуде. Өнеркәсіптік өндіріс, бұрынғыдай, жеткізілім тізбегінің бұзылуымен, энергия ресурстарына бағаның тез өсуімен, сондай-ақ материал­дар мен жұмыс күшінің жетіспеушілігімен шектеледі, бұл әлемдік нарықтардағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікпен бірге жаһандық инфляциялық фонды күшейтеді, нәтижесінде 2021 жылы ЕО, АҚШ, Қытай және басқа елдердегі мақсатты мәндерге қатысты нақты инфляцияның жоғарылауы байқалды.

2021 ж. қаңтар бойында

Пайыздық төлемдерді қысқарту мақсатында «ГРЭС-1» ЖШС «Қазақстан Халық банкі» АҚ алдындағы 17,6 млрд теңге сома негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеді.

12 ақпан 2021 ж.

Алматы қаласында қуаты 1 МВт «Samruk-Green Energy» ЖШС күн электр станциясы пайдалануға берілді.

28 ақпан 2021 ж.

«ЕГРЭС-1» ЖШС 28.02.2021 ж. №1 Энергия блогын қалпына келтіру бойынша жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңартуға (жаңа электр сүзгілерін орната отырып) ҚР ЭМ-мен инвестициялық келісім жасады, 2025–2031 жылдар кезеңінде 476,6 МВт қызмет көлеміне есептегенде 1 199 мың теңге /МВт*ай мөлшеріндегі тарифтер бекітілді.

30 наурыз 2021ж.

ҚР ЭМ-нің 30.03.2021 ж. № 108 бұйрығымен 01.04.2021 ж. бастап ЭӨҰ үшін электр энергиясына шекті тарифтер бекітілді.

2021 ж. наурыз бойында

Пайыздық төлемдерді қысқарту мақсатында «ГРЭС-1» ЖШС 1 млрд теңге және «АлЭС» АҚ 4,2 млрд теңге сомасына «Қазақстан Халық банкі» АҚ алдындағы негізгі борышын мерзімінен бұрын өтеді.

8 сәуір 2021ж.

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ рейтингі бойынша болжамды қайта қарап, оны «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» көтерді, сондай-ақ Компанияның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ» деңгейінде растады.

24 сәуір 2021 ж.

«Екібастұз ГРЭС-1-ді жаңғырту және қайта жаңарту. №1 блокты қалпына келтіру» жобасын қаржыландыруды қамтамасыз ету шеңберінде «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да 18 млрд теңге сомаға бірінші қарыз лимиті ашылды.

17 мамыр 2021 ж.

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ТМРАД-ның 17.05.2021 жылғы бұйрығымен 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңге шекті тарифтер бекітіліп, 2021 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді. 2021 жылға бекітілген тариф 6,09 теңге/кВтс құрайды.

31 мамыр 2021 ж.

Премьер-Министр А.Ұ. Мамин бастаған ҚР Үкіметі Алматы 2-ЖЭО алаңында қуаты 600 МВт бу-газ қондырғысын салу жөніндегі ұсынысты мақұлдады.

11 маусым 2021 ж.

«Екібастұз ГРЭС-1-ді жаңғырту және қайта жаңарту. №1 блокты қалпына келтіру» жобасын қаржыландыруды қамтамасыз ету шеңберінде «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да 12,8 млрд теңге сомаға екінші қарыз лимиті ашылды.

15 маусым 2021 ж.

«АЭС» ЖШС 2021 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізе отырып, шекті бағаны көтеруге жаңа өтінім жіберді, баға жобасы 20,89 теңге/кВтс құрады, 18,25 теңге/кВтс қолданыстағы бағаға өсім 14,5%. 01.08.2021ж. жағдай бойынша ТМРКД-мен АЭС үшін тарифтер өсуді ескере отырып келісілмеген.

24 маусым 2021 ж.

ҚР ЭМ-нің 24.06.2021 ж. №211 бұйрығымен ЖЭК толассыз үстемеақысы бойынша заңнаманың өзгеруін ескере отырып, энергия өндіруші станциялар үшін шекті тарифтер бекітілді. Тарифтер 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

2021 ж. 1 шілдеден бастап

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңның 7-1-бабы 3-тармағының 4-5) тармақшаларына сәйкес дәстүрлі станциялар үшін ЖЭК-ті пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы айқындалып, қолданылады. Осылайша, дәстүрлі станциялардың босату бағасы екі құрамдас бөлікке бөлінеді (уәкілетті орган айқындайтын шекті тариф және күнтізбелік жылға арналған ЕАҚО айқындайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы).

23 тамыз 2021 ж.

«Екібастұз ГРЭС-1-ді жаңғырту және қайта жаңарту. №1 блокты қалпына келтіру» жобасын қаржыландыруды қамтамасыз ету шеңберінде «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да 12 млрд теңге сомаға 3-қарыз лимиті ашылды.

8 қазан 2021 ж.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ «АЭС» ЖШС инвестициялық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін жылдық 10,75%-дан 10,5%-ға дейін төмендетті.

20 қазан 2021 ж.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ «АЖК» АҚ инвестициялық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін жылдық 12,1%-12,0%-дан 11,5%-ға дейін төмендетті.

29 қазан 2021 ж.

Директорлар кеңесінің шешімімен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2022–2031 жылдарға арналған Даму стратегиясы бекітілді.

8 қараша 2021 ж.

«Тіркелген тарифтер мен шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің №792 қаулысымен шағын және ірі СЭС ұғымдары айқындалды.

16 қараша 2021 ж.

«КОРЭМ» АҚ Сауда алаңында 2022 жылға арналған электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді. Сауда-саттық қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ 3 447,1 МВт, оның ішінде АлЭС – 523 МВт, ЕГРЭС-2 – 900 МВт, ЕГРЭС-1 – 2 024,1 МВт электр энергиясын сатты.

18 қараша 2021 ж.

«Екібастұз ГРЭС-1-ді жаңғырту және қайта жаңарту. №1 блокты қалпына келтіру» жобасын қаржыландыруды қамтамасыз ету шеңберінде «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да 60,3 млрд теңге сомасына төртінші қарыз лимиті ашылды (жобаның жалпы түпкілікті лимиті 103 млрд теңгені құрады).

25 қараша 2021 ж.

Astana International Exchange қор биржасында жылдық 11,4% купондық мөлшерлемемен 18,4 млрд теңге мөлшерінде және айналым мерзімі 6,5 жыл «Жасыл» облигациялар дебюттік шығарылымы жүзеге асырылды. Бұл шығарылым Қор тобындағы «жасыл» облигациялардың бірінші шығарылымы болып табылады және ESG қаржыландырудың кейінгі шығарылымдары үшін инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.

26 қараша 2021 ж.

Пайыздық шығыстарды қалыптастыру, пайыздық төлемдерді қысқарту, сондай-ақ ковенанттық пакетті оңтайландыру бөлігінде инфляциялық тәуекелді жою мақсатында «Шардара СЭС» АҚ-ның Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі алдындағы қарызын тіркелген пайыздық мөлшерлемемен облигациялар шығару арқылы қайта қаржыландыру жүзеге асырылды.

15 желтоқсан 2021 ж.

Пайыздық төлемдерді қысқарту мақсатында «АлЭС» АҚ «First Heartland Jusan Bank» АҚ-дан 11,3% мөлшерлемемен қарыздарды тарту арқылы 11,4% мөлшерлемемен 12,4 млрд теңге мөлшерінде инвестициялық қарыздарды қайта қаржыландырды.

29 желтоқсан 2021 ж.

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды маневрлік генерациялау режимімен салуға аукциондық сауда-саттық өткізілді. «АлЭС» АҚ «Белгіленген қуаты 450 МВт-ға дейінгі БГҚ базасында Алматы 3-ЖЭО-ны реконструкциялау» жобасымен жеңімпаз болып танылды (28.01.2022 ж. ҚР ЭМ-нен жіберілген қызметті сатып алу туралы шарт жобасын кері қайтарып ала отырып, аукциондық сауда-саттық нәтижелерінің күшін жойғаны туралы хат алынды).

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы желтоқсанда инфляция 0,6%-ды (2020 жылғы желтоқсанда – 0,9%) құрады. Жылдық инфляция 8,4% деңгейінде қалыптасты (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%). Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларына бағалар жылдық мәнде 9,9%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 8,5%-ға, ақылы қызметтерге – 6,5%-ға өсті. 2021 жылғы желтоқсанда халықтың сауалнама нәтижелері бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияның сандық бағасы 10,3%-ды құрады.

Ақша-кредит саясаты бөлігінде 2021 жылғы 25 қазанда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9,5%-дан 9,75%-ға дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Шешімнің негізгі факторлары сақталып отырған проинфляциялық қысым болды, оның нәтижесінде инфляция Ұлттық Банктің болжамдарынан жоғары болып қалыптасты, әлемдік тауар нарықтарындағы бағалар өсті, сауда бойынша әріптес елдердегі инфляцияның жеделдді және инфляциялық болжамдардың деңгейі жоғары болды. 2021 жылғы 6 желтоқсанда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені жылдық 9,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Базалық мөлшерлеме бойынша шешім экономикадағы қалыптасып отырған инфляциялық процестерді ескере отырып қабылданды.

2021 жылғы желтоқсанда теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 431,20 – 436,36 теңге диапазонында өзгерді. 2021 жылғы желтоқсанның соңында теңгенің АҚШ долларына биржалық бағамы бір айда 0,6%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 431,80 теңгені құрады.

KZT/USD

KZT/EUR

KZT/RUB

Валюта бағамдарының динамикасы:

 

31.12.2020 жыл

31.12.2021 жыл

%

KZT/USD

420,71

431,67

103 %

KZT/EUR

516,13

487,79

95 %

KZT/RUB

5,65

5,77

102 %