Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау «Самұрық-­Энерго» АҚ үшін маңызды болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау мақсаты Компанияның стратегиялық дамуын және оның қызметін жетілдіру жолдарын дұрыс таңдауды, сондай-ақ Компания үшін де, оның мүдделі тараптары үшін де, қоғам үшін де ұтымды орнықты даму деңгейіне қол жеткізуде оған ықпал етуді айқындайды, өйткені оларда компанияның стратегиялық дамуын тану, айқындау және бағалау, және талдау мүмкіндігін қамтиды:

  • ішкі және сыртқы мүдделі тараптардың қажеттіліктері, үміттері мен пікірлері;
  • мүдделі тараптар тұрғысынан қиындықтар мен перспективалар;
  • ішкі және сыртқы мүдделі тараптарды толғандыратын маңызды мәселелер.

Компанияның стейкхолдерлермен өзара іс-қимылы мынадай қағидаттар негізінде жүргізіледі:

  • мүдделі тараптардың мүдделерін, пікірлері мен артықшылықтарын құрметтеу және ескеру;
  • мүдделі тараптарды уақтылы және тұрақты хабардар ету;
  • қабылданған міндеттемелерді жауапты орындау.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың негізі компания­ға елеулі ықпал ететін стейкхолдерлерді анықтау және стейкхолдерлердің Компанияға тәуелділік дәрежесі, маңыз­дылық матрицасын, Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі жоспарды және/немесе стейкхолдерлермен коммуникация жоспарын құру болып табылады.

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ СТЕЙКХОЛДЕРЛЕР КАРТАСЫ

Ескертпе: Шеңбердің өлшемі Компанияның стейкхолдермен өзара іс-қимыл жасау дәрежесін көрсетеді. Ең кіші өлшемі өзара іс-қимылдың шектелген деңгейін көрсетеді. Шеңбердің өлшемі ұлғайған кезде өзара іс-қимыл дәрежесі де ұлғаяды.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл саласындағы үздік тәжірибелерге сәйкес (АА1000, GRI сериялы стандарттар) тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында «қосылу» қағидаты қолданылады.

Осы қағидат Компания қызметін басқару процесінің барлық сатыларында барлық мүдделі тараптардың мүдделерін назарға алады және ескереді.

«Қосылу» қағидаты өзара әрекеттесудің үш негізгі қағидатына негізделген:

  • «маңыздылық» (стейкхолдерлер мен ұйымдар үшін проблемалардың маңыздылығын дұрыс бағалау),
  • «толықтық» (Компания қызметі салдарының маңыздылығын түсіну);
  • «жауап беру» (тиісті жауапты көрсету).

Әрбір қағидатты ұстану стейкхолдерлермен жан-жақты, өзара тиімді және тиімді өзара іс-қимыл жасауға бағытталған.

Жаңа жобалар мен нысандарды іске қоспас бұрын Компания міндетті түрде қоршаған орта туралы ақпараттандыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар мен қоғамдық пікірді анықтау мақсатында қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберіндегі  қорғауды жүзеге асырады және ұсынылатын қызмет және оның ықтимал әсері туралы жариялылықты бағалау процесінде ескеруді жүзеге асырады.

Әр жоба Мүдделі тараптармен әрекеттесу жоспарында көрсетіліп, мониторинг жүргізіледі, олардың нәтижелері жыл са­йын директорлар кеңесіне есеп ретінде беріледі.

Коммуникациялардың тиімділігін және барлық стейкхолдерлермен сындарлы диалогты арттыру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ 2021 жылы Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарын жаңартты.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Мүдделі тараптармен өзара іс-
қимылының өзектендірілген жоспары Компанияның мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау қағидаттарын, Компанияның мүдделі тараптарды сәйкестендіруге және талдауға деген көзқарасын, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасауға қойылатын талаптарды, шағымдар беру және қарау тетігін және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды сипаттайды.

Жоспармен «Самұрық-Энерго» АҚ сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/corporate-governance/corporate-documents#6

Жоспар «Самұрық-Энерго» АҚ стейкхолдерлерінің картасына және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл практикасына негізделген. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарының іс-шаралары 2021 жылы толық көлемде орындалды.

Еншілес және тәуелді ұйымдар 2021 жылы қолданыстағы инвестициялық жобалар бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жоспарына негізделген өздерінің қызметінде пайдаланатын, бекітілген Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жоспарларына (бұдан әрі – СӨІЖ) мониторинг жүргізді:

«АлЭС» АҚ:
  1. газтурбиналық технологиялар базасында жаңа энергия көзін орнату арқылы 1-ЖЭО нысанын кеңейту.
  2. Алматы энергия кешенін газдандыру. Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып жаңғыр­ту.
  3. ЖЭО-3 қайта жаңарту.
«Мойнақ СЭС»АҚ:
  1. Кеңсу өзенінің ағынын О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС Бестөбе су қоймасына ауыстыру.
«АЖК» АҚ
  1. Алматы облысы Қарасай ауданының 220 кВ «Қаскелең» ҚС-ын 220 кВ АТҚ-110 кВ жалғау арқылы «Көкөзек» ҚС құрылысы.
«Ereymentau Wind Power» ЖШС:
  1. Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт болатын ЖЭС салу.
«Энергия Семиречья» ЖШС:
  1. Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт болатын, келешекте 300 МВт дейін кеңейтілетін жел электр станциясын салу.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының шешімімен (14.03.2022 жылғы № 9 Хаттама) ESG рейтингіні алу жөніндегі іс-шаралардың Жол картасы бекітілді.

Осы мақсатта жақын арада Компания ESG үздік тәжірибелерін бағалау және енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отыр:

  • ұжаттарды/саясаттарды, қаржылық емес есептілікті ESG критерийлеріне сәйкестігіне талдау жасап, жаңарту (экологиялық саясат, еңбекті қорғау және өнеркәсіп саласындағы саясат қауіпсіздік, әлеуметтік жауапкершілік туралы құжаттар әрекеттер, мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу,өнім/қызмет сапасы және қауіпсіздік саясаты, адам құқықтары туралы және т.б.);
  • Компанияның климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерін бағалау;
  • ESG критерийлеріне орындаушыларға қойылатын талаптарды анықтау;
  • Инвестицияларды тарту мақсатында Компания қыз­метінің талаптары PRI принциптерінің (Principles for Responsible Investment) сәйкестігіне анықтау;
  • стандартты қаржылық талаптармен бірге ESG тәуекелдер мен мүмкіндіктерін бағалау;
  • ESG критерийлерінің көрсеткіштерімен байланысты ынталандыру және сыйақы жүйесін дамыту.

Осылайша, Компания тұрақты даму саласындағы қызметті жүйелі түрде жетілдіруді ESG принциптері призмасы арқылы (ESG мақсаттары көрсетілген тиісті бөлімдерде: «Корпоративтік басқару», «Экологиялық» санаты», «Әлеуметтік» санаты) анықталған Стратегияда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу арқылы көздеп отыр.

Стейкхолдерлермен Кері байланыс механизмі

Компания үшін сыртқы және ішкі стейкхолдерлердің барлығының тыңдалуы өте маңызды. «Самұрық-Энерго» АҚ-да шынайы хабарлама қалдырған кез келген адамды қудалаудан және жауапқа тартудан қорғауға кепілдік беретін стейкхолддерлер үшін мынадай кері байланыс құралдары жұмыс істейді: 

  1. Жедел желі 24/7:  https://www.samruk-energy.kz/ru/navigation-and-support/hotline
    Сайт: www.sk-hotline.kz
    Пошталық мекенжай: sk.hotline@deloitte.kz
    Телефон: 8 800 080 19 94
  2. «Кері байланыс» нысаны https://www.samruk-energy.kz/ru/feedback-all корпоративтік сайтында орналастырылған.
  3. Жергілікті қоғамдастықтар, мердігерлердің қызметкерлері не жобаға қатысы бар тұлғалар: https://www.samruk-energy.kz/ru/obrat сайтында өз пікірін білдіре алатын, енгізілетін инвестициялық жобаларға байланысты тұлғалар санаты үшін «Кері байланыс» нысаны.
  4. Акционерлер мен инвесторлар үшін Кері байланыс. Инвестордың сауалнамасы: https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholder/ independent-registrar
  5. Байланыс деректерін көрсете отырып, туындайтын мәселелер бойынша өтініштер мына сайтта:  https://www.samruk-energy.kz/ru/company/contact
  6. Омбудсмен
    o.bekbas@samruk-energy.kz электрондық поштасы арқылы.
    8 (7172) 55-30-15, +7-701-788-8416 телефон нөмірі арқылы.
  7. Басқарма Төрағасының блогы:  https://www.samruk-energy.kz/ru/navigation-and-support/chairmans-blog

Компания жыл сайын келіп түсетін өтініштер бойынша мониторинг жасайды, бұл Компанияның барлық мүдделі тараптардың алаңдаушылығын зерттеуіне, жүйелі проблемалық мәселелерді анықтауына, кейіннен ден қою үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл бойынша қолданыс­тағы тетіктердің тиімділігін анықтауына мүмкіндік береді.

Өтініштер статистикасы ***

№ р/с

Дереккөз

Саны

2019

2020

2021

1

Жедел желі

29

46

70

2

«Самұрық-Энерго» АҚ кеңсесі

Оның ішінде:

Мемлекеттік органдардан

Акционерден

Өтініштер мен шағымдар

10 297

 

445

617

45

9 741

 

298

596

38

10 296

 

321

737

76

3

Тікелей Қауіпсіздік қызметіне

6

2

0 (11)*

4

Сайттағы «Кері байланыс» нысаны

1

4

1

5

Тікелей Омбудсмендерге жіберілгендері

28

36

46

6

Кәсіподақтар

28

29

27

7

Соттар мен қадағалаушы органдар

10

10

5

8

Басшыға келіп түскен жазбаша өтініштер (оның ішінде Компания басшыларының блоктарына)

5

2

18

9

Келісім комиссиялары

10**

БАРЛЫҒЫ

148

203

253

* Қауіпсіздік қызметі қараған өтініштер мен шағымдар кері байланыстың түрлі көздерінен келіп түсті. Жақша ішінде Департамент қараған өтініштер мен шағымдардың саны көрсетілген.

** 2021 жылға дейін статистика жүргізілген жоқ.

*** «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының ағымдағы қызметіне жатпайтын өтініштер топтастырылды.

Келіп түскен өтініштер қозғайтын аспектілері, ең көп өтініш берілген өңірлерді анықтау, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына жүгінген тұлғалар санаты, өтініштердің мәні бойынша статистика және шағымдарды талдау бойынша талданды. Әрбір шағымға белгілі бір санат берілді.

Өтініштер мен шағымдардың түсуінде тұрақты өсу үрдісі байқалады. Ашық өтініштердің үлесі басым болып табылады (2021 жылы – 76%; 2020 жылы – 84%), анонимдік өтініштердің үлесі 2020 жылмен салыстырғанда 10%-ға өсті (2021 жылы – 18%, 2020 жылы анонимдік өтініштер 8% құрады). 2021 жылы стейкхолдерлер ұжымдық шартта көзделген жалақы, сыйақы және төлемдер мәселелеріне қызығушылық танытты. Көбінесе стейкхолдерлерді жалақыны көтеру мәселесі қызықтырды. 2021 жылы алғаш рет стейкхолдерлердің пандемия кезеңінде еңбекті ұйымдастыру мәселелеріне қызығушылығы тіркелді, бұл – қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету және карантиндік шараларды бұзу, сондай-ақ міндетті вакцинация мәселелері.

Компанияға келіп түскен барлық өтініштерге жауаптар уақтылы берілді. Жауаптар мүдделі тараптар үшін қолайлы тәсілдермен берілді. Өтініштердің құпиялығы мен жасырындығы сақталды. Қудалау фактілері тіркелген жоқ.

Мүдделі тараптардың өтініштері бойынша қорытындылар Компанияның Директорлар кеңесіне жіберілді, онда ұсыныстар жасалып, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау сапасын жақсарту бойынша шаралар әзірленді.