ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша, 2021 жылы еліміздегі көмір өндіру көлемі 111,7 млн тоннаны (көмір концентратын есепке алмағанда) немесе 2020 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 102,3 %-ды (109 млн тонна көмір) құрады.
Қазақстанда энергетикалық көмір нарығы біршама бөлшектенген – ірі ойыншылар «Богатырь Көмір» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ мен «РУСАЛ» БК), «ЕЭК» АҚ («ERG»), «Шұбаркөл Көмір» АҚ («ERG»), «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қаражыра» АҚ, «Ангренсор Энерго» ЖШС болып табылады.
№ р/с |
Облыс |
2019 жыл |
2020 жыл |
2021 жыл |
Δ, 2021/2020 % |
1 |
Павлодар |
68 364,9 |
67 049,9 |
66 932,3 |
99,8 |
2 |
Қарағанды |
34 217,1 |
33 614,6 |
35 362,6 |
105 |
3 |
Шығыс Қазақстан |
8 157,7 |
8 388,8 |
8 804,1 |
105 |
ҚР бойынша барлығы |
111 083,2 |
109 227,6 |
111 099 |
102 |
КӨМІР САТУДЫҢ ЖАЛПЫ СЫЗБАСЫ

Қазақстандағы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның ірі тұтынушыларының арасында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Степногор қалаларының энергия жүйелері, Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 бар.
Көмір алу үшін электр станциялары өз беттерімен Екібастұз станциясынан («Богатырь Көмір» ЖШС) белгіленген станцияға дейін көмір тасымалдауды ұйымдастырады, сол үшін көмір тасымалдауға вагон иелерін (операторларды) тартатын түрлі экспедиторлармен шарттар жасасады.
Биржа мәмілелерінің қорытындылары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеу екі түрлі жолмен: теміржол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Тұтынушылар ауылдық жергілікті жерлердегі ұсақ қазандықтар болып табылады, олар үшін Екібастұз көмірі төлқұжаттық отын болып табылады.
2021 жылдың қорытындылары бойынша Компанияның үлесі Қазақстанда өндірілетін барлық көмірдің 39,9%-ын, Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмір көлемінің 66,6%-ын құрады.
КӨМІР ӨНДІРУ

2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында «Богатырь Көмір» ЖШС 44 632 мың тонна көмір өндірді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (43 338 мың тонна) 0,5%-ға аз.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында 44 741 мың тонна көмір сатылды, оның ішінде:
- ҚР ішкі нарығына 34 939 мың тонна, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 5%-ға көп (33 378 мың тонна);
- экспортқа (РФ) – 9 802 мың тонна, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (10 058 мың тонна) 2,5 %-ға аз.
2019–2021 жж. тұтынушыларға көмір сату
№ р/с |
Облыс |
Сату көлемі, мың тонна |
Δ, % 2021/2020 жж. |
|||
|
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
|||
1 |
«АлЭС» АҚ |
|
3 338 |
3 291 |
2 997 |
91,1 % |
2 |
«Қарағанды Энергоорталық» ЖШС |
|
3 417 |
3 500 |
2 777 |
79,4 % |
3 |
«Астана-Энергия» АҚ |
|
3 779 |
3 837 |
4 326 |
112,8 % |
4 |
«Павлодарэнерго» АҚ ПЖЭО-2, 3 |
|
3 004 |
2 494 |
2 855 |
114,5 % |
5 |
«Степногор ЖЭО» ЖШС |
|
986 |
950 |
995 |
104,6 % |
6 |
«ЕГРЭС-1» ЖШС |
|
10 937 |
11 553 |
13 374 |
115,8 % |
7 |
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ |
|
3 203 |
3 007 |
3 676 |
122,3 % |
8 |
«Bassel Group LLS» ЖШС |
|
622 |
539 |
416 |
77,1 % |
9 |
«СевКазЭнерго» АҚ |
|
2 949 |
2 773 |
2 254 |
81,3 % |
10 |
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС |
|
499 |
481 |
542 |
112,6 % |
11 |
«Көкш. жылу» ШЖҚ МКК |
|
281 |
316 |
336 |
106,5 % |
12 |
Комммуналдық тұрмыс |
|
775 |
637 |
391 |
61,4 % |
ҚР-ның ішкі нарығындағы барлығы |
|
33 792 |
33 378 |
34 939 |
104,7 % |
|
13 |
Рефтинск ГРЭС-і |
|
10 893 |
10 058 |
9 802 |
97,5 % |
РФ-ға экспорттың барлығы |
|
10 893 |
10 058 |
9 802 |
97,5 % |
2021 жылдың қорытындысы бойынша көмірді сату көлемі 44 741 мың тоннаны құрады, бұл осы кезеңмен салыстырғанда 3%-ға немесе 1 305 мың тоннаға артық.
Ішкі нарықта көмірді сату көлемін сұраныстың артуы нәтижесінде 1 560 мың тоннаға немесе 5%-ға ұлғайту. Бұл ретте сыртқы нарықта көмірді сату көлемінің 256 мың тоннаға немесе көмірдің бағасы бойынша уағдаластықтың болмауына байланысты 3%-ға азаюы мүмкін.
2021 жылы аршу коэффициенті 0,73 м3/тоннаны құрады, ұқсас кезеңде 0,84 м3/тонна.
Алдағы кезеңге болжам:
2022 жылға арналған болжамда көмір сату көлемі 2021 жылға қарағанда 741,2 мың тоннаға немесе 2%-ға азаймақ.
БОГАТЫРЬ КӨМІР КӨМІРІН САТУ,(мың тонна)

Көмір сату бағасы
Атауы |
2019 ж. нақты |
2020 ж. нақты |
2021 ж. нақты |
2022 ж. болжам |
2023 ж. болжам |
«Богатырь Көмір» ЖШС |
2 120 |
2 311 |
2 292 |
2 553 |
2 945 |
«Богатырь Көмір» ЖШС көмірін сату бағасы тұтынушылардың 3 тобы үшін (КТЖ жанасу станциясындағы энергетика, көмір жинау станциясындағы энергетика, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер) ҚР тұтынушыларына арналған дербес прейскурантпен бекітіледі. Реттеу ҰЭМ СК ТМРК Кәсіпкерлік кодексінің негізінде жүзеге асырылады.
