Компания өз қызметінің экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсерінің маңыздылығын түсінеді және ұзақ мерзімді құндылықты арттыруға ұмтыла отырып, мүдделі тараптардың мүдделерінің теңгерімділігін сақтай отырып, ұзақ мерзімді перспективада оның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Орнықты даму қағидаттары үш деңгей тұрғысында ендірілді.
- Стратегиялық интеграция – орнықты даму қағидаттары Стратегияға енгізілді (толығырақ «Компанияның даму стратегиясы» бөлімінде);
- Операциялық интеграция – Компания басшылығы барлық корпоративтік шешімдерді орнықты даму саласындағы қағидаттар мен мақсаттарға сәйкестік критерийлеріне сүйене отырып қабылдайды;
- Мәдени интеграция Компаниядағы қызметкерлерді оқыту, Компанияның корпоративтік порталына мақалаларды орналастыру шеңберінде, сондай-ақ Мінез-құлық кодексі шеңберінде іске асырылады (толығырақ «Әлеуметтік аспект» бөлімінде).
2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Даму стратегиясын жаңартты, осы құжатқа сәйкес Компания Тұрақты дамуды Стратегияның негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгілей отырып, ESG қағидаттары призмасы арқылы миссиясы мен пайымына қол жеткізуді көздейді.
Компания үшін тұрақты дамудың негізгі факторлары адамдардың әл-ауқаты, экологиялық тепе-теңдік және сонымен бірге компанияның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Тиісінше, Қоғамның 2022–2031 жылдарға белгіленген қызметі барлық мүдделі тараптардың мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, экологиялық (Е), әлеуметтік (S) және басқару (G) қағидаттарының сәйкестігіне негізделген.
Компания өз қызметінде тәуекелге негізделген тәсілді қолдана отырып, ұзақ мерзімді перспективада құндылықтың тұрақты өсуіне және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылады.
Осы мақсатта тәуекелдерді басқару құралдарын және тұрақты дамуға бағытталған көзқарас пайдаланыла отырып, тұрақты негізде тәуекелдерге кешенді бағалау жүргізіледі:
- тұрақты дамудың жаһандық факторларының әрекетімен байланысты ағымдағы және болашақ тәуекелдерді бағалау;
- экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және экологиялық тенденцияларды болжау;
- Компанияның әрекет ету аймағындағы ықпалының әлеуметтік, экологиялық және экономикалық аспектілерін талдау;
- Компанияның әрекет ету аймағына әсерін басқару, тәуекелдерді азайту және мүмкіндіктерді іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу;
- тұтастай алғандағы тәуекел мәдениетін арттыру, тәуекелдерді басқару шараларының тиімділігін талдау, ағымдағы және болашақ тәуекелдермен байланысты мүмкіндіктерді анықтау.
Қоғам үшін тұрақты даму саласындағы негізгі үрдістер мен тәуекелдер
Экономикалық аспект |
||
Үрдістер |
Тәуекелдер |
Мүмкіндіктер |
Электр энергиясын тұтынуда өсу қарқынының бәсеңдеуі |
Макроэкономикалық жағдайдың нашарлауы, электр энергиясына сұраныстың өсуінің баяулауы; сұраныстың нақты өсімінен асып түсетін жаңа қуаттарды іске қосудың жоғары жоспарлы қарқыны |
Қолданыстағы активтер портфелін тиімді пайдалану |
Жаһандық баға құбылмалылығына орай өндіруші салалардың дағдарыстарға бейімділігіне байланысты экономикалық жүйенің тұрақсыздығы күшейеді |
Жаңа жобаларды қаржыландыруға қол жеткізуге кедергі келтіретін дағдарыстардың ықтималдығын арттыру |
Өндіріс тиімділігін арттыру, қолданыстағы қорларды жаңғырту |
Энергия үнемдеуді арттыру және экономиканың энергия тиімділігін арттыру |
Дәстүрлі энергия көздерінен алынатын электр энергиясына сұраныстың төмендеуі |
Көмір арқылы өндіруді «таза» көмірдің озық технологияларымен бірге пайдалану |
Экологиялық аспект |
||
Үрдістер |
Тәуекелдер |
Мүмкіндіктер |
Экономиканы декарбонизациялау үрдісі |
Көмір өндірудің газға, СЭС, АЭС, ЖЭК нысандарына қатысты бәсекелестік жағдайының нашарлауы |
Жаңа жобаларды («таза көмір», жерасты көмірді газдандыру, метан өндіру, жаңартылатын энергия өндіру) дамыту үшін тиімді шарттармен несие алу; қолданылатын отынның сапасын арттыру |
Экологиялық заңнама талаптарын қатайту |
Экологиялық нормалар мен стандарттарды қатаңдату; шығарындылар үшін төлем ставкаларын арттыру; суды тұтынуға қойылатын талаптарды күшейту – суды қайта өңдеуге көшу, парниктік газдар шығарындыларын реттеуді күшейту; қалдықтарды кәдеге жарату шығындары |
«Жасыл» технологияларды қолдануды кеңейту |
Жергілікті қауымдастықтар тарапынан қойылатын экологиялық талаптарды арттыру |
Жеткілікті кәсіби талдау болмаған жағдайда экологиялық ақпаратта БАҚ қызметі, Компанияның жағымсыз имиджін қалыптастыру |
PR «жасыл» көшбасшы және табиғатты пайдаланудың жауапты субъектісі ретінде, қоғамның адалдығын арттыру |
Әлеуметтік аспект |
||
Үрдістер |
Тәуекелдер |
Мүмкіндіктер |
Халық санының баяулауы |
Электр энергиясына деген сұраныс деңгейінің баяулауы |
Қажет болған жағдайда экспорттық әлеуетті дамыту |
Жоғары білікті мамандарға деген сұраныстың артуы |
Қажетті білктілігі бар мамандардың жетіспеушілігі, «озыңқы» еңбек құнын артуы шығындардағы ЕТҚ үлесінің өсуі |
Еңбек өнімділігін арттыру; өнім сапасын арттыру; білім сапасын арттыру және мамандарды даярлау |
Өнеркәсіптік сектордағы жұмыстың тартымдылығын азайту |
Компанияның бос жұмыс орындарының күрделілігін арттыру |
Кадрлық резервті дамыту, Компаниядағы лауазымдар сабақтастығы |
Жоғарыда көрсетілген қағидаттарға және Компания қызметінің сыртқы және ішкі бағалауы, тұрақты дамудағы тәуекелдерге орай, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді тиімді және сәтті басқару мақсатында Компания келесі бағыттар бойынша тұрақты даму бастамаларын жүзеге асырады:
- жоғары этикалық нормаларды енгізу және сенімге негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастыру;
- тұрақты даму қағидаттарын енгізу және барлық инвестициялық кезеңдерде жобаларды басқару практикасы бойынша тәуекелге бағытталған тәсілдерді енгізу: Компанияның тұрақты даму саласындағы көшбасшылығына сәйкес әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салаларға әсерді бағалау және басқару (мәжбүрлеп қоныс аудару, биоәртүрлілік, мәдени мұра және т. б.);
- қаржылық тұрақтылықты арттыру;
- адал және еркін бәсекелестікке, өзара тиімділік, ашықтық және міндеттемелер үшін толық жауапкершілікке, сондай-ақ міндеттемелер үшін толық жауапкершілікке негізделген, сондай-ақ Компанияның тұрақты даму саласы бойынша бекітілген нұсқаулығын ескере отырып, Компания жеткізушілеріне арналған этикалық нормалар мен басшы нұсқаулықтардың қадағалануы бойынша талаптар енгізу;
- қызметкерлерді еңбекті қорғауды басқару жүйесіне ынталандыру және халықаралық стандарттарды қолдана отырып, еңбекті қорғауды басқару жүйесін бақылаудың тиімділігін арттыру арқылы қауіпсіздік мәдениетін арттыру;
- әлеуеметтік жауапкершілік деңгейін арттыру, БҰҰ Ғаламдық шартының қағидаларын ұстану, адами капиталға инвестиция салу;
- технологиялардың экологиялық және экономикалық тұрғыдан үздіктерін іздеу және енгізу, өндірістік процестерді оңтайландыру, ЖЭК қолдана отырып жобаларды іске асыру, апаттық жағдайларды анықтау және олардың алдын алуды қамтитын экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Барлық бастамалар барлық негізгі стейкхолдерлер үшін бір немесе басқа бастаманың маңыздылығы негізіндегі басымдыққа ие.
2021 жылғы Орнықты даму бастамалары жоспарының орындалуы туралы есеп Компанияның корпоративтік веб-сайтында орналастырылған: https://www.samruk-energy.kz/ru/sustainability
«Самұрық-Энерго» АҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ 17 МАҚСАТЫНА ҮЛЕСІ
«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінде орнықты даму қағидаттарын біріктіре отырып, Орнықты дамудың 17 Мақсатын ұстанады. Компания ОДМ-ның әрқайсысын көрсететін экологиялық және әлеуметтік мәселелердің өзектілігін және кез келген ұйымға әсер ететінін біледі.
«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінде БҰҰ-ның мынадай орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуға ұмтылады:
1-мақсат: Кедейліктің барлық түрлерін кеңінен жою
2-мақсат: Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақты жақсарту және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы жұмыс орындарын сақтауға және жалақыны индекстеуге ұмтылады (2021 жылдың нәтижелері бойынша индекстеу орташа есеппен 5%-ды құрады). 2021 жылы Қоғамның компаниялар тобы бойынша қызметкерлердің орташа жалақысы ұқсас көрсеткішке қатысты 14%-ға өсті, 273,628 теңгеден 311 652 теңгеге дейін өсті.
Әйелдердің ең төменгі жалақысының ер адамдардың ең төменгі жалақысына қатысы 100% құрайды. «Самұрық-
Энерго» АҚ-да Ұжымдық шартқа сәйкес, үстеме жұмысқа ақы төлеу, мереке және демалыс күндеріне, түнгі жұмысқа ақы төлеу, үстеме ақы төлеу, ауыр жұмыс істейтін жұмысшыларға, зиянды жұмыс істейтіндерге (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, баланың туылуына, үйлену тойына материалдық көмек және жұмысшылардың мерейтойына байланысты біржолғы көтермелеу (50, 60 және 70 жыл) көзделген. Ұжымдық шартқа сәйкес, қызметкерлерге еңбек шартын бұзған кезде, зейнетке шығарда 3 жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді («Әлеуметтік санат» бөлімінде толығырақ ақпарат берілген).
Компания жергілікті жерлердегі халық шаруашылықтарын тұрақты жүргізу мүмкіндігі үшін өзіне қарасты барлық өңірлерін, оның ішінде шалғай аудандар мен елді мекендерді үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге ұмтылады.
«Самұрық-Энерго» АҚ әлеуметтік-жауапты компания бола отырып, еншілес ұйымдар орналасқан өңірлердің әлеуметтік әл-ауқатына назар аударуға ұмтылады. 2019 жылы еншілес және тәуелді ұйымдар орналасқан өңірлерде қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру және оларға қолдау алу мүмкіндігі мәселелері бойынша «SK-Trust» КҚ-мен белсенді өзара іс-қимыл басталды.
Жыл сайын Компания мүгедектерге, тұрмысы төмен азаматтарға, зейнеткерлерге, онкологиялық науқастарға көмек көрсету бойынша бірқатар әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырады (толығырақ «Әлеуметтік санат» бөлімінде).
4-мақсат: Жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу
2021 жылы ақы төленген оқудың жалпы құны 306,428 мың теңгені құрады. Оқытылған жұмысшылардың жалпы саны 13 873 құрайды (Компанияның компаниялар тобының 79%).
Бір қызметкердің оқу сағаттарының бір жылғы орташа саны 49,5 сағатты құрады. Жұмыс істей жүріп білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлерге емтихан және нұсқаушы сессияларын тапсыру кезеңіне, дипломдық жобаны (жұмысты) дайындау және қорғау мерзіміне, дипломдық емтихандарды дайындау және қорғау үшін қосымша демалыс беріледі. «Самұрық-Энерго» АҚ жетекші отандық жоғары оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істейді, оқытудағы басым бағыттардың бірі персоналға халықаралық танылған оқыту бағдарламалары бойынша сертификат беру болып қала береді (толығырақ «Әлеуметтік санат» бөлімінде).
5-мақсат: Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту
10-мақсат: Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті азайту
«Самұрық-Энерго» АҚ гендерлік теңдік – бұл адамның негізгі құқықтарының бірі, бейбітшілікке, өркендеуге және орнықты дамуға қол жеткізу үшін қажетті негіз екенін толық түсінеді. «Самұрық-Энерго» АҚ «БҰҰ Әйелдері» және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шарты шеңберінде әзірленген Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің 7 қағидатын қолдайды. Бұл құжат орнықты дамудың негізгі элементі ретінде гендерлік теңдік қағидаттарына бейілділікті, сондай-ақ әйелдер мен еркектерге тең мүмкіндіктер беретін компаниялардың неғұрлым табысты және үздік нәтижелерге қол жеткізетініне сенімділікті болжайды. Қойылған мақсатқа жету үшін Компанияда іс-шаралар жоспары қабылданды.
Компания Мінез-құлық кодексіне, құндылықтар мен қағидаттарға сәйкес, өзінің күнделікті жұмысында кемсітушіліктің болмауына, теңсіздікті азайтуға деген ұмтылыстарын жариялайды және ешкімнің назарсыз қалмауына деген ұмтылысы орнықты даму мақсаттарына жету процесінің ажырамас бөлігі болып табылады (толығырақ «Әлеуметтік санат» бөлімінде).
7-мақсат: Барлығы үшін арзан, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне жаппай қол жетімділікті қамтамасыз ету
Компания «таза» энергияны (ЖЭК) дамытуға баса назар аудара отырып, энергияны тұрақты және кеңінен қолжетімді ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
2021 жылдың аяғында «Самұрық-Энерго» АҚ-да 5 ЖЭК нысаны жұмыс істеп келеді. 2013 жылы Қапшағайдағы қуаттылығы 2 МВт болатын бірегей күн станциясы пайдалануға берілді. Бұл электр станциясының ерекшелігі Қазақстанда алғаш рет трекерді бақылау жүйесін қолдану мүмкіндігі. 2015 жылы Қазақстанда Ақмола облысындағы Ерейментау қаласының маңында қуаты 45 МВт болатын Қазақстан бойынша алғашқы өнеркәсіптік ауқымдағы жел электр станциясы пайдалануға берілді. Жел электр станциясы 22 турбинадан тұрады, олардың ортақ қуаты – 2,05 МВт. 2019 жылы Қапшағай қаласында қуаттылығы 416 кВт болатын күн станциясы пайдалануға берілді, бұл нысанда Astana Solar компаниясы шығарған әрқайсысысының қуаты 245 Вт. болатын поликристалды панельдердер пайдаланылды. 2020 жылы Алматы облысының Нұрлы ауылында қуаттылығы 5 МВт жел электр станциясы пайдалануға берілді. 2021 жылы Алматыдағы қуаты 1 МВт болатын күн электр станциясы пайдалануға берілді. Бұл жобалар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-
Энерго» АҚ электр энергиясын өндіруші ұйымдарының үлесі Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын энергия көздерінің 7,7% құрады
25 қарашада «Самұрық-Энерго» АҚ жылдық 11,4% купондық мөлшерлемемен және айналыс мерзімі 6,5 жыл болатын 18,4 млрд теңге мөлшерінде жасыл облигацияларды дебюттік орналастыруды жүзеге асырды.
«Самұрық-Энерго» АҚ «жасыл» облигацияларды шығару шеңберінде «жасыл» қаржыландыру құралдары арқылы инвестициялар тарту процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «жасыл» қаржыландыру саласындағы қағидатты айқындайтын «жасыл» қаржыландыру саласындағы саясатты әзірленді.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылы 35,6 млрд кВтс құрады. «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК нысандарының (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС) электр энергиясын өндіруі 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 325,3 млн кВтс құрады.
8-мақсат: Үдемелі, жан-жақты әрі тұрақты экономикалық өсуге, барлық адамдарды толық және өндірістік жұмыспен қамтуға, олардың лайықты жұмыс істеуіне жәрдемдесу
«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасының ірі жұмыс берушілерінің қатарына кіреді. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы персоналының тізімдік саны 17 645 адамды құрады.
Есепті кезеңде толық жұмыспен қамтылған қызметкерлердің үлесі 100%-ды құрады. Әйелдердің ең төменгі жалақысы мене ерлердің ең төменгі жалақысының арақатынасы 100%-ды құрайды (бұл туралы «Әлеуметтік аспект» бөлімінде толығырақ көрсетілген).
9-мақсат: Тұрақты инфрақұрылым құру, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған Даму Стратегиясының стратегиялық мақсаттарының бірі көміртегі ізін нетто төмендету болып табылады.
Қойылған стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін Компания ғылыми әзірлемелерді дамыту бойынша жұмыс жүргізіп келеді, ғылыми-зерттеу қоғамдастығымен тығыз өзара байланыс орнатып, ғылыми әзірлемелердің практикалық тиімділігін арттыруда, оның ішінде отандық кадрлардың зерттеу жұмыстарын жүргізуін қолдайды. Ғылыми әзірлемелерден уақтылы экономикалық әсер алу мақсатында ҒЗТКЖ-ны коммерцияландыру мәселелеріне маңызды назар аударылады.
Осыған байланысты Компания көмір электр станцияларында көміртекті ұстап қалу және сақтау, газдандыру және көмір химиясы үшін синтез-газ алу технологияларын қолдану мүмкіндігін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа кірісті.
Жобаның мақсаты ЖЭС нысандарының түтін газдарынан СО2 ұстаудың қолданыстағы және перспективалық технологияларын зерделеу, оларды қолданыстағы технологиялық схемаларға интеграциялау және ұсталған СО2 көмудің мүмкіндіктерін Қазақстан жағдайында неғұрлым перспективалы технологияларды бағалай отырып, талдау, СО2-ден синтез-газ өндіру және көмір химиясы өнімдерін өндіру үшін эксперименттер жүргізу болып табылады.
Жобаны іске асыру 2022–2024 жылдар кезеңінде жоспарланған.
Компанияның тағы бір маңызды бастамасы Компанияның жылу электр станцияларында күлі жоғары көмірді жағу кезінде техникалық-экономикалық көрсеткіштерді арттыру мақсатында әзірленген жоба болып табылады. Осы жоба шеңберінде қазандық агрегаттарын мазутсыз жағу жүйесінің (плазмалық-отын жүйесі) технологиясын енгізу мүмкіндігі мәселесі пысықталды.
Жобаны іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 31 мамырдағы отырысында мақұлданған.
16-мақсат. Орнықты даму мүддесінде бейбіт сүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығы үшін сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және көпшіліктің қатысуына негізделген мекемелер құру
Компания бизнес-этиканың, ашықтық пен заңдылықтың, іскерлік әдет-ғұрыптардан және белгілі бір юрисдикцияда бизнесті жүргізудің басқа шарттарынан тәуелсіз жоғары стандарттарын ұстанады. (Толығырақ «Комплаенс» және «Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл» бөлімінде).
17-мақсат: Орнықты даму мүддесін көздей отырып, Жаһандық әріптестік шеңберінде жұмысты жүзеге асыру құралдарын нығайту және жандандыру
Компания өз қызметі аясында мынадай ұлттық және халықаралық ұйымдарға, қауымдастықтарға/ұйымдарға мүше болып табылады:

ТМД Электр энергетикалық кеңесі (бұдан әрі – ТМД ЭЭК). Қадағалаушы ретінде қатысуды 2012 жылдан бастады. ТМД ЭЭК-ге мүшелік ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелерін шоғырландыру процесіне қатысуға, оның ішінде ұжымдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; энергия жүйелерінің параллель жұмыс істеуін камтамасыз етуге; ортақ электр энергетикасы нарығын құруға, энергетика саласында халықаралық шарттарды әзірлеуге; электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, техникалық ережелерді біріздендіру мен үйлестіруге және т.б. процестерге қатысуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы (бұдан әрі – ҚЭҚ). 2011 жылдан бастап мүше болып табылады. ҚЭҚ-қа мүше болу ақпарат алмасуға және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру мен дамытуға, сондай-ақ конференцияларға, семинарлар мен өзге де шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

«KAZENERGY» қауымдастығы. 2009 жылдан бастап Қауымдастықтың мүшесі болып табылады. KAZENERGY қауымдастығына мүшелік ҚР-ның инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бастамалар мен іс-шараларға, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру шараларын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуға, сондай-ақ құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық мәселелер бойынша көмек алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП). 2013 жылдан бастап ҚР ҰКПның мүшесі болып табылады. ҚР ҰКП-ға мүшелік кәсіпкерлік ортамен байланысты нығайтуға, электр энергетикасы бизнесін тиімді дамытуға, оның ішінде ҚР заңнамалық базасын жетілдіру аясында дамытуға ықпал етеді.

2011 жылдан бастап мүшелік етеді. БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылу аясында Компания өз стратегиясында және күнделікті қызметінде Жаһандық шарттың он қағидатын ұстанатыны туралы хабарлайды.

«Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ. «Самұрық-Энерго» АҚ 2021 жылы мүше болды, Одаққа мүше болу жаңа өндірістерге ықпалдасу бағдарламалары шеңберінде импортты алмастыру жөніндегі жұмысқа қатысуды ұсынады. Қызметі жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған компания ретінде «Самұрық-Энерго» АҚны ілгерілетуге ықпал етеді. Қазақстандық нарықта өндірілетін энергетикалық секторға арналған жаңа және өндірілетін жабдықтарға, материалдар туралы ақпаратқа қол жеткізу
Орталық Азияның Электр Энергетикалық Үйлестіруші Кеңесі. ОА ЭҮК-ке қатысу Орталық Азия елдері арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға және өңірдің проблемалық мәселелерін талқылауға ықпал етеді.

Дүниежүзілік энергетикалық кеңес (бұдан әрі – ДЭК). ДЭК мүшелігі – мүдделі әлемнің жетекші энергетикалық компанияларының шектеулі санына арналған ЖЭС бағдарламалары мен жобаларында жұмыс істеуге және жаһандық және аймақтық мәселелерді шешуге арналған бағдарларға қатысуға мүмкіндік береді. ДЭК бағдарламасы Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін эксклюзивті іс-шаралар мен дөңгелек үстелдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2011 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ БҰҰ Жаһандық шартының белсенді қатысушысы болып табылады және өзінің стратегиясы мен күнделікті қызметінде БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидатын ұстанады.
БҰҰ Жаһандық шартына қосылу аясында Компания жыл сайын https://www.unglobalcompact.org/ сайтында және Компании. https://www.samruk-energy.kz/ru/sustainability/soobshchenie-o-dostignutom progresse-v-2019-godu-ao-samruk-energo корпоративтік сайтында қол жеткізілген жетістіктер туралы хабарламаларды жариялайды.
Компанияның қағидаттары, бағдарламалары, есептері, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жаңа жобалары туралы барлық ақпарат https://www.samruk-energy.kz/ru/sustainability корпоративтік сайтының «Орнықты даму» бөлімінде орналастырылады.
Орнықты даму мен корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында компания 2022–2023 жылдары әлемдік рейтинг агенттігінен ESG рейтингін алуды жоспарлап отыр.