Көміртегі
бейтараптығына
барар жолда Біріктілген жылдық есеп

21
Оқыңыз
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Төрағасының кіріспе сөзі
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының кіріспе сөзі

01СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ЕСЕП

01|6Сатып алуды басқару

ЕСЕП ТУРАЛЫ

Есеп «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2021 жылғы қызмет нәтижелері мен жетістіктеріне шолуды, сондай-ақ 2022–2031 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес 2022 жылға арналған жоспарлар сипаттамасын қамтиды. Жылдық есепті әзірлеген кезде мүдделі тараптардың пікірлері ескерілді, сонымен қатар ESG, қағидаттары, GRI Standards «Негізгі нұсқа» аспектілері, «Есептілік бойынша ғаламдық бастама» есептілігін дайындау қағидаттарына, электр энергетикасы саласындағы GRI салалық хаттамасына (Electric utility, EU), БҰҰ Ғаламдық шартының есептілігіне қойылатын талаптарға, Корпоративтік басқару кодексіне, LSE листингтік қағидаларының кейбір индикаторларына, FCA (Disclosure Guidance and Transparency Rules sourcebook) ақпаратын ашу бойынша нұсқаулыққа, сондай-ақ Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес барлық негізгі аспектілер қамтылды.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның 2020 жылғы және 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2021 жылғы аудит өткізілген шоғырландырылған қаржылық есептілігі «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС тәуелсіз аудитінің нәтижесі болып табылады (2-том). Компанияның болашақтағы қызметіне қатысты ақпарат ағымдағы жағдайға байланысты айқындалған болжамдарға негізделген. Әр түрлі объективті факторлардың әсерінен нақты нәтижелер болжамдардан өзгеше болуы мүмкін. Осы Жылдық есепте ұсынылған ақпаратты «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы алдын ала мақұлдап, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит комитеті тексеріп, бағалады және «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекітті (2022 жылғы 27 мамырдағы Хаттама № 06/22).

КӨМІРТЕГІ БЕЙТАРАПТЫҒЫНА БАРАР ЖОЛДА