Пошталық мекенжайы:
akylov@samruk-energy.kz,
ombudsman@samruk-energy.kz
Телефон: +7 (7172) 55-30-15
Қызметкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Қомпанияда Омбудсмен қызметін жүзеге асырады. Омбудсмен – Директорлар кеңесіне есеп беретін жоғары деңгейдегі тәуелсіз менеджер, ол өз қызметінде тәуелсіздік, бейтараптық, әділдік және құпиялылық қағидаттарына сүйенеді. Омбудсмен Компаниядағы корпоративтік құндылықтар мен мәдениетті, кәсіби мінез-құлық пен іскерлік этиканың жоғары стандарттарын орнату мен дамытуға ықпал етеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 30 наурыздағы шешімімен Компанияның Омбудсмені болып 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Ақылов Нариман Бекетұлы тағайындалды.
Омбудсменнің міндеттері:
- еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ қызметкерлердің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу;
- қадағалайтын Компанияның рейтингі мен имиджін арттыруға, даулар мен жанжалдардың ерте алдын алуға және реттеуге жәрдемдесу;
- компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің арасында бейресми байланысты қамтамасыз ету, осы негізде жетілдіруге арналған проблемалар мен бағыттарды уақтылы анықтау, Компанияның саясаты мен рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
Омбудсмен жыл сайын Директорлар кеңесінің назарына өзі анықтаған, жүйелі сипатқа ие және тиісті шешімдер (кешенді шаралар) қабылдауды талап ететін проблемалық мәселелерді жеткізеді, оларды шешу үшін сындарлы ұсыныстар береді.
2021 жылы Омбудсменге 50-ден астам өтініш келіп түсті, олардың басым бөлігі еңбек заңнамасы және іскерлік әдеп кодексінің нормалары бойынша кеңес берумен байланысты. Негізінен өтініштер әлеуметтік-еңбек қатынастары; әлеуметтік мәртебесі (лауазымы); еңбекақыға және сыйақыға қанағаттанбау; өңірлік коэффициентті қолдану; зияндылығы және қайта өңделгені үшін қосымша төлемдер; медициналық сақтандыру және т. б. мәселелерге қатысты болды.
Есепті кезеңде пандемия кезіндегі қауіпті жағдайлар мен жеке қорғаныш құралдарын сатып алу және беру, арнайы киімнің сапасы сияқты еңбек жағдайларына байланысты өтініштер тіркелді.
Омбудсмен барлық өтініштер бойынша кеңестер берді, толық жауаптар мен ұсынымдар берді, еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлерімен және басшыларымен жеке кездесулер (сұхбаттар) өткізді. Өтініштер мен оларға жауаптардың жалпы алғанда Компанияның әлеуметтік тұрақтылығына тигізетін теріс әсері жоқ. Омбудсменге нәсілдік, діни, ұлттық, жыныстық, жас, саяси және басқа да белгілері бойынша кемсітушілікке қатысты бірде-бір өтініш тіркелген жоқ.