ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ
«Алматы электр станциялары» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)
«Алматы Электр Станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) – Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру қызметін жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым. «АлЭС» АҚ халықты, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ететін жылу энергиясын өндіру бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылады.
Қазіргі кезде өндірілетін жылу және электр энергиясы Алматы қаласы мен Алматы облысының мұқтаждықтарын 70%-ға жабады.
«АлЭС» АҚ-ның құрылымына мына өндірістік департаменттер кіреді: ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3; Қапшағай СЭС; Алматы ГЭС каскады, Батыс жылу кешені, Отын тиеу және түсіру орталығы, «Энергожөндеу» өндірістік жөндеу кәсіпорны.
Кәсіпорынның жеткізу тізбегі
Тұтынушыларға жеткізу үшін электр және жылу энергиясын өндіру.
Жылу және электр энергиясын тікелей өндіру энергия көздерінің энергетикалық жабдықтарына энергия ресурстарын (отын, су) жеткізуден басталады. Энергетикалық қондырғыларда энергия ресурстарының энергиясы (отын, су) соңғы өнімге – электр және жылу энергиясына айналады. Өндірілген электр және жылу энергиясының бір бөлігін өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін энергия көздерінің өздері тұтынады, өндірілген энергияның қалған бөлігі электр және жылу энергиясын сатып алу-сатуға арналған шарттар негізінде сатылады. Электр және жылу энергиясын өткізу нарығы – Алматы өңірі.
Орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Достық даңғ., 7
Басқарма Төрағасы: Киркинбаев Е.А.
Қаржы көрсеткіштері
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Таза табыс/залал |
млн теңге |
4 073 |
5 685 |
(11 656) |
EBITDA |
млн теңге |
14 326 |
17 457 |
16 664 |
EBITDA Margin |
% |
22 |
23 |
21 |
Өндірістік қызметтің қорытындылары
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Белгіленген электр қуаты |
МВт |
1 235,7 |
1235,7 |
1235,7 |
Электр энергиясын өндіру көлемі |
млн кВтс |
5 397 |
5 335 |
5 008 |
Электр энергиясын сату көлемі |
млн кВтс |
4 726 |
4 689 |
4 425 |
Жылу энергиясын өндіру көлемі |
мың Гкал |
5 024 |
5 596 |
5 826 |
Жылу энергиясын сату көлемі |
мың Гкал |
4 980 |
5 564 |
5 554 |
Негізгі тұтынушылар |
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ, «Алматы су ходингы»» МКӨ |
Көрсеткіштер
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

ИГЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – Павлодар облысының Екібастұз қаласынан солтүстікке қарай 16 км жерде Жангелді көлінің солтүстік жағасында орналасқан қуаты 4 000 МВт жылу электр станциясы. Кәсіпорын – Қазақстан Республикасындағы қатты отынмен жұмыс істейтін ең ірі жылу электр станциясы және өңірдегі энергия өндіретін негізгі мекеме. Қазақстандағы ең ірі электр станциясы бола отырып, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС сонымен қатар қазіргі қуаты 3 500 МВт құрайтын әлемдегі ең ірі көмір электр станциясының бірі болып табылады.
Кешен қуаты 500 МВт болатын сегіз энергия блогынан тұрады, қазіргі уақытта № 1 энергия блогында жабдықтарды жаңғырту және қайта құру бойынша жоба жүзеге асырылуда.
Кәсіпорынның жеткізу тізбегі
Кәсіпорын Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерін электр энергиясымен қамтамасыз етеді, электр энергиясының бір бөлігі (2%) Өзбекстанға экспортталады. Тұтынушыларға жеткізу үшін электр және жылу энергиясын өндіру. Экспортты қоспағанда, электр энергиясы станцияның шиналарынан жеткізіледі (ҚР-РФ шекарасында).
Орналасқан жері: ҚР, Павлодар обл., Екібастұз қ., ГРЭС-1 өнеркәсіп алаңы, 2 құрылыс.
Бас директоры: Ертаев Е.Е.
Қаржы көрсеткіштері
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Таза табыс/залал |
млн теңге |
6 406 |
4 754 |
19 121 |
EBITDA |
млн теңге |
47 870 |
43 851 |
61 176 |
EBITDA Margin |
% |
44 |
36 |
37 |
Өндірістік қызметтің қорытындылары
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Белгіленген электр қуаты |
МВт |
3 500 |
3 500 |
3 500 |
Электр энергиясын өндіру көлемі |
млн кВтс |
18 301 |
19 466 |
22 788 |
Электр энергиясын сату көлемі |
млн кВтс |
17 642 |
19 001 |
22 496 |
Жылу энергиясын өндіру көлемі |
Гкал |
132,3 |
288,9 |
397,18 |
Негізгі тұтынушылар |
«Богатырь Көмір» ЖШС, «Энергия ағыны» ЖШС, «Оңтүстік Жарық» ЖШС, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Теміржолэнерго» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Жетісу Энерготрейд» ЖШС, «Тau-Ken Temir» ЖШС, «Қазминералз Бозшакөл» ЖШС, «KEGOC» АҚ |
Көрсеткіштер
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

ИГЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 50%, «Самұрық-Қазына» АҚ – 50%)
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – Қазақстанның Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы Екібастұз ГРЭС-1-ден кейінгі белгіленген қуат көлемі 1000 МВт болатын екінші жылу электр станциясы.
2018 жылғы 27 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ және «Интер РАО» ЖАҚ арасында «ЕГРЭС-2» АҚ жарғылық капиталындағы 50% акцияны сатып алу-сату туралы шарт (бұдан әрі – Мәміле) жасалды.
2019 жылдың 13 желтоқсанында Мәмілені жабу бойынша барлық іс-шаралар аяқталды және 2019 жылғы 14 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 50% акцияға меншік құқығы тіркелді.
Осылайша, қазіргі уақытта «ЕГРЭС-2» АҚ-ның акционерлері – «Самұрық-Энерго» АҚ – 50% және «Самұрық-Қазына» АҚ – 50%.
Кәсіпорынның жеткізу тізбегі
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ өндірген электр энергиясы тұтынушыға станцияның шиналарынан жеткізіледі. Сатып алушы өз есебінен, өз бетімен Сатушының қатысуынсыз, өңіраралық, ал қажет болған жағдайда өңірлік деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын жеткізу нүктесінен тұтыну нүктелеріне қабылдау мен жеткізуді қамтамасыз етеді.
Орналасқан жері: РК, Павлодар обл., Екібастұз қ., Солнечный кеніші, ГРЭС 2 өнеркәсіп аймағы, 1/1 АБК құрылысы, каб. 413
Басқарма Төрағасы: Медеуов Ж.К.
Қаржы көрсеткіштері
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Таза табыс/залал |
млн теңге |
(3 063) |
(3 706) |
4 413 |
EBITDA |
млн теңге |
17 170 |
19 843 |
27 912 |
EBITDA margin |
% |
42 |
43 |
42 |
Өндірістік қызметтің қорытындылары
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Белгіленген электр қуаты |
МВт |
1 000 |
1000 |
1000 |
Электр энергиясын өндіру көлемі |
млн кВтс |
4 928,5 |
4 974 |
6 433 |
Электр энергиясын сату көлемі |
млн кВтс |
4 689,5 |
4 809 |
6 336,4 |
Жылу энергиясын босату көлемі |
мың Гкал |
82,8 |
66,9 |
76 |
Ірі тұтынушылар |
«Трансэнерго» АҚ, «АХҚЗ» АҚ, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Лотос-Ақтөбе» ЖШС, «Гоар» ЖШС, «Завод ЖБИ-25» ЖШС, «АС Газ Логистик» ЖШС, «Стройдеталь» ЖШС, «Ақтөбе Құрылыс Комбинаты» ЖШС, «КСМ» өндірістік бірлестігі» ЖШС, «Актобеэнергоснаб» ЖШС, «Энергожүйе» ЖШС, «Ақбұлақ» АҚ |
Көрсеткіштер
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

ИГЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ (50 %)

СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ
«Шардара СЭС» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)
Шардара су электр станциясы – Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан, ол Нарын-Сырдария каскадын тұйықтайды.
Шардара СЭС қызметінің мақсаты – бұл Нарын-Сырдария каскад су – энергетикалық кешенін пайдалану қызметін үйлестіруді күшейту, Оңтүстік Қазақстанды энергиямен жабдықтауды оңтайландыру болып табылады. Су электр станциясында судың қозғалмалы массаларының механикалық энергиясы СЭС ғимаратындағы көптеген қосымша жабдықтармен бірге орналастырылған гидротурбиналар мен гидрогенераторлардың көмегімен электр энергиясына айналады.
Кәсіпорынның жеткізу тізбегі
«Шардара СЭС» АҚ электр энергиясы өндіреді және энергия өндіретін ұйым болып табылады. Алыс қашықтыққа тасымалдау және шығындарды азайту үшін (материалдарды үнемдеу) 10 кВ генератор кернеуі трансформатор арқылы 110 кВ-қа дейін артады. электр энергиясын тасымалдайтын ұйым болып табылатын «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС желісіне ЭКТҚ-110 кВ арқылы электр энергиясын жеткізеді. Әрі қарай электр энергиясы энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, одан соң тұтынушыларға жеткізіледі.
Орналасқан жері: ҚР, Оңтүстік Қазақстан обл., Шардара қ., Елмұратов көш., 13.
Басқарма Төрағасы: Берлібаев А.А.
Қаржы көрсеткіштері
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Таза табыс/залал |
млн теңге |
(692) |
612 |
1 124 |
EBITDA |
млн теңге |
909 |
4 739 |
4 934 |
EBITDA Margin |
% |
40 |
70 |
69 |
Өндірістік қызметтің қорытындылары
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Белгіленген электр қуаты |
МВт |
27.05.2019 ж. бастап 50/63 МВт* с |
25.02.2020 ж. бастап 63/126 МВт* с |
126 |
Электр энергиясын өндіру көлемі |
млн кВтс |
464,8 |
513,5 |
455,8 |
Электр энергиясын сату көлемі |
млн кВтс |
466,2 |
521,3 |
468,0 |
Ірі тұтынушылар |
«Энергопоток» ЖШС, «Оңтүстік-Жарық» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казсбытгрупп» ЖШС, «Энергоснаб ХХІ» ЖШС, «Югэнергоимпульс» ЖШС, «ГарантЭнерго» ЖШС |
Көрсеткіштер
ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

ИГЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ

«Мойнақ ГЭС» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)
Қуаты 300 МВт Мойнақ су электр станциясы Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі электр энергетикасын дамыту бағдарламасына сәйкес салынды. Ол Алматы облысы Райымбек ауданы Шарын өзенінде орналасқан. Бұл – бүгінде Қазақстан БЭЖ-інің оңтүстік өңірінде (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары) электр энергиясының тапшылығын азайтумен, энергияның жоғарғы жүктемелерін жабумен және энергия жүйесіндегі қуатты реттеумен байланысты міндеттерді сәтті шешетін серпінді жобалардың бірі. Кәсіпорынның жоба бойынша орташа жылдық электр қуатын өндіру көлемі 1,027 млрд кВтс құрайды. Станцияда қолданылатын қазіргі заманғы технологиялық қондырғылар электр энергиясын өндіру процесін мейлінше автоматтандыруды және оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Станцияда техникалық параметрлері мен тиімділігі жоғары соңғы үлгідегі гидроагрегаттар орнатылған.
Кәсіпорынның жеткізу тізбегі
«Мойнақ ГЭС» АҚ электр энергиясын өндіреді және энергия өндіретін ұйым болып табылады. Энергия көздерінен тұтынушыларға электр энергиясын босату жасалған шарттарда келісілген көлемде 110 кВ желілері бойынша жеткізіледі.
Орналасқан жері: ҚР, Алматы обл., Кеген ауданы, Жылысай а/о, Мойнақ ауылы, 81 үй.
Басқарма Төрағасы: Айдарбеков Г.А.
Қаржы көрсеткіштері
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Таза табыс/залал |
млн теңге |
186 |
8 923 |
9 532 |
EBITDA |
млн теңге |
7 386 |
17 462 |
15 798 |
EBITDA Margin |
% |
75 |
85 |
83 |
Өндірістік қызметтің қорытындылары
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Белгіленген электр қуаты |
МВт |
300 |
300 |
300 |
Электр энергиясын өндіру көлемі |
млн кВтс |
951 |
929 |
758,3 |
Электр энергиясын сату көлемі |
млн кВтс |
952 |
944 |
780,9 |
Ірі тұтынушылар |
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС |
Көрсеткіштер
ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

ИГЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ

«Өскемен ГЭС» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 89,99%)
2017 жылы қазанда AES Suntry Power Limited компаниясымен концессия шарты тоқтатылып, активтер Қазақстан Республикасының республикалық меншігіне берілді.
Негізгі қызмет түрі: ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.
Орналасқан жері: ҚР, Өскемен қ., Аблакетка кенті.
Директоры: Устьянцев В.М.
«Бұқтырма ГЭС» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)
«Бұқтырма ГЭС» АҚ жұмыс көлемінің меншікті шамасы бойынша да, сондай-ақ электр энергиясын өндіру құнының көрсеткіштері бойынша да үнемді су электр станциясы болып табылады.
ГЭС-тің белгіленген қуаты 675 МВт-ны құрайды, орташа жылдық өндіру – 2,77 млрд кВтс ГЭС Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі ең жоғарғы жүктемелерді жабады. 2002 жылы Бұқтырма бөгеті бетон сапасының барлық күтілетін параметрлерден артық болуына байланысты әлемдегі ең мықты бөгет болып танылды.
Негізгі қызмет түрі: меншікті жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару, өзге машиналарды, жабдықтарды және материалдық құралдарды жалға алу.
Директоры: Рубцов С.Н.
Орналасқан жері: ҚР, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Серебрянск қ., Графтио көшесі, 5.
Бұқтырма ГЭС-тің мүліктік кешені жалға берілген.
«Шүлбі ГЭС» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 92,14%)
2017 жылы қазанда AES Suntry Power Limited компаниясымен концессия шарты тоқтатылып, активтер Қазақстан Республикасының республикалық меншігіне берілді.
Негізгі қызмет түрі: ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.
Орналасқан жері: ҚР, Семей қ., Шулбі кенті.
Директоры: Волков В.Ф.
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС – жаңартылған энергия көздерін қолдау туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық дайындық кезеңдерінен өткен және 2015 жылы 14 тамызда пайдалануға берілген Қазақстандағы баламалы энергия көздерін дамыту саласындағы алғашқы жоба.
Компанияның жел паркі Ақмола облысында, Ерейментау қаласына жақын жерде орналасқан, экология үшін қауіпсіз жұмыс істейтін, біртұтас қуаты 2,05 МВт құрайтын 22 жел турбинасынан тұрады. Іске қосылған сәттен бастап ЖЭС 13 миллиард теңгеге 920 млн кВт*с-тан астам электр энергиясын өндірді. Барлық өндірілетін электр энергиясының 100 %-ы Қазақстанның Ұлттық электр желісіне келіп түседі.
Кәсіпорынның жеткізу тізбегі
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып электр энергиясын өндіру және оны сатумен «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС айналысады.
Орналасқан жері: РК, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Тайбай ауылы, №041 квартал, №95 ғимарат.
Бас директоры: Есхожин Р.К.
Қаржы көрсеткіштері
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Таза табыс/залал |
млн теңге |
1 017 |
1 880 |
1 551 |
EBITDA |
млн теңге |
3 532 |
3 842 |
3 973 |
EBITDA Margin |
% |
77 |
76 |
81 |
Өндірістік қызметтің қорытындылары
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Белгіленген электр қуаты |
МВт |
45 |
45 |
45 |
Электр энергиясын өндіру көлемі |
млн кВтс |
153 |
159,36 |
144,593 |
Электр энергиясын сату көлемі |
млн кВтс |
152 |
159,1 |
144,592 |
Көрсеткіштер
ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

ИГЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ

«Ereymentau Wind Power» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)
«Ereymentau Wind Power» ЖШС-ның негізгі қызметі «Ерейментау қ. ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясын салу» жобасын іске асыру және бұдан әрі электр энергиясын өндіру болып табылады.
Жоба ең көп дегенде 20 жел мұржасынан, әр мұржаға іргелес тұрған кран негіздерінен, ішкі жолдардан, ішкі электр желілерінен, диспетчерлік пункттен және энергия жүйесіне қосылатын қосалқы электр станцияларынан тұрады.
Орналасқан жері: ҚР, Нұр-Cұлтан қ., Қабанбай батыр көш. 15А
Бас директордың м.а.: Ли Д.В.
Қаржы көрсеткіштері
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Таза табыс/залал |
млн теңге |
(179) |
(89) |
(385) |
EBITDA |
млн теңге |
(176) |
(181) |
(218) |
Көрсеткіштер
ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

ИГЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ

«Samruk-Green Energy» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)
«Samruk-Green Energy» ЖШС – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып электр энергиясын өндіру бойынша қызметтерді ұсынады. Кәсіпорын шалғай аудандарды орталықсыздандырылған электр қуатымен қамтамасыз ету мүмкіндігін жүзеге асырады.
2015 жылдан бастап қуаты 2 МВт КЭС ТМД мен Орталық Азиядағы бірінші өнеркәсіптік ауқымдағы EnergyPod электр энергиясын жинақтау технологиясын қоса алғанда, ЖЭК инновациялық технологияларын сынауға арналған алаң болып табылады.
2020 жылы Серіктестік ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім аясында жүзеге асырылған 5 МВт Шелек жел электр станциясын іске қосты.
Кәсіпорынның жеткізу тізбегі
Электр энергиясы «АЖК» АҚ желісі арқылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV Заңына сәйкес белгіленген тарифтер бойынша «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС атына босатылады. 2015 жылғы 2 наурыздағы №164, күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша білікті шартты тұтынушыға электр энергиясының тиісті үлесін есеп айырысу және қайта бөлу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын есеп айырысу және қаржы орталығының орталықтандырылған сатып алу-сату қағидаларына сәйкес, Есеп айырысу-қаржы орталығы Серіктестікке электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап 15 (он бес) жыл ішінде өндірілген және Серіктестік нысандарының энергия жеткізуші ұйымдарының электр желісіне босатылған электр энергиясының толық көлемін төлейді. Сонымен қатар тіркелген тариф 2014 жылғы 27 наурыздағы №271 бекітілген тарифтер мен аукционның шекті бағаларын айқындау қағидаларына сәйкес жыл сайын индекстелуге жатады.
Орналасқан жері: ҚР, Алматы облысы, Капшағай қ., Индустриальная көш., 35/2.
Бас директоры: Бөкенов Т.Ш.
Қаржы көрсеткіштері
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Таза табыс/залал |
млн теңге |
(42) |
(125) |
12 |
EBITDA |
млн теңге |
36 |
26 |
136 |
EBITDA Margin |
% |
23 |
11 |
34 |
Өндірістік қызметтің қорытындылары
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Белгіленген электр қуаты |
МВт |
2,4 |
7,4 |
8,4 |
Электр энергиясын өндіру көлемі |
млн кВтс |
3,327 |
7,366 |
20,454 |
Электр энергиясын сату көлемі |
млн кВтс |
3,246 |
7,216 |
20,216 |
Көрсеткіштер
ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

ИГЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ

«Энергия Семиречья» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 25%; Hydrochina Corporation – 50%; Powerchina Chengdu Engineering Corporation Limited – 15% және Powerchina Resources Limited – 10%)
«Энергия Семиречья» ЖШС – электр энергиясын өндіру және сату, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, объектілерді жобалау және салу қызметін көрсететін кәсіпорын. Кәсіпорын 2009 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек дәлізінде «Келешекте қуаты 300 МВт-ға дейін ұлғайтылатын қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» үшін құрылды.
Орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Аль-Фараби даңғ., 75в/7 үй.
Бас директоры: He Junwen
Қаржы көрсеткіштері
Көрсеткіш |
Өлшем бірлігі |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
Таза табыс/залал |
млн теңге |
21 |
(177) |
(134) |
EBITDA |
млн теңге |
(123) |
(97) |
(103) |
Көрсеткіштер
ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕР

ИГЕРІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ (25 %)

«Казгидротехэнерго» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)
«Казгидротехэнерго» ЖШС – Алматы облысындағы жиынтық қуаты 60,8 МВт болатын төрт шағын СЭС (ҮАК-1, ҮАК-2, СЭС-19, СЭС-29) салу жобаларын іске асыратын компания.
Серіктестіктің қызметі ЖЭК-ті пайдалана отырып электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-ті пайдаланатын объектілерді, дербес техникалық құрылғыларды және онымен байланысты құрылыстарды жобалауға, салуға бағытталған.
Негізгі қызмет түрі: жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру және сату.
Орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Қонаев көш., 21Б үй, «САТ» Бизнес орталығы, №71 кеңсе.
Бас директоры: Буханов М.Е.
«Теплоэнергомаш» ЖШС («Казгидротехэнерго» ЖШС – 95%)
«Теплоэнергомаш» ЖШС-ның негізгі мақсаты – Үлкен Алматы каналында жалпы қуаты 12 МВт болатын екі электр станциясын салу. Сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек өзенінде жиынтық қуаты 26 МВт (Алматы облысы) СЭС-те ҮАК 1,2 мен 19 СЭС-ін салу жоспарланып отыр.
Негізгі қызмет түрі: жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру және сату.
Орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 13, «Нұрлы Тау» БО, 1В-к., 505-оф.
Бас директоры: Абдукаримова А.С.
